Презентация по казахскому языку на тему ?аза? аспаптары (8 класс)


Тақырыбы: «Қазақтың музыкалық аспаптары »
Қазақтың музыкалық аспаптары Ішекті аспаптар: Домбыра, Адырна, Жетіген, Шертер.Ыспалы аспаптар: үскірік, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.Үрмелі-ұрмалы аспаптар: Асатаяқ, Дабыл, Тұяқтас.Қазақтың ұлттық аспапатары

Домбыра – қазақ халқының арасына кең тараған және көне заманнан келе жатқан қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық өрнектелген аспап.Домбыраның екі түрі бар. Екі ішекті және үш ішіекті.
Қылқобыз– көнеден келе жатқан екі қылды шекті, ысқысы бар киелі аспап. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған ішектер әлі күнге ат қылынан жасалады.
Жетіген – қазақ халқының саз аспабы. Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ, сондықтан оның құлақкүйі жеті асықты ілгілерілі – кейінді орыналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады.
ppt_wr
ppt_xppt_y
Сазсырнай. Сазсырнай саздан жасалған үрмелі аспап. Сырнай деп музыкалық аспаптардың бірнеше түрін атаған. «Сырнай» - «сыр» және «най» деген екі сөзден тұрады. «Сыр» деген сөздің мағынасы бәрімізге белгілі: «сырласу», «сыр шерту», «най» деп түтік заттарды атаған. Үрлеп тартылатын аспаптар жасалу материалына қарай бөлінеді.
style.rotation
ppt_xppt_y
Үскірік аспабы 1974 жылы Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданы, Емір совхозынан табылды. Халық шебері Балташ Әнесов бұл аспапты оның қызы Хадиша арқылы алдырып, ғалым Болат Сарыбаев біршама зерттейді. Оның құрлыс-бітімін, дыбыс шығару мүмкіндігін, жасау жолдарын, ойнау тәсілдерін анықтады. Ішкі мүмкіндігін анықтап, жетілдіруге күш салды. Осындай ыждаһатты еңбектің нәтижесінде аспап өмірге келді. Үскіріктің үні майда, құлаққа жағымды. Ойнай білген адам одан құйқылжыған сан алуан дыбыс шығаруға болады. Құстың сайрағанын, асау бораң уіін, сәбидің жылаған дауысын, қасқыр, ит, ұлығанын келтіру өте оңай, халық әндерін орындап, күй, би сүйемелдеуге де ыңғайлы. Басқа көне аспаптар сапасында тұрып, ансамбльге өзіндік үн қоса алатын бұл аспап сазсырнай сияқты сазбалшықты иленеді. Қалып арқылы да жасайды.
style.rotationppt_wppt_y
Мүйізсырнай – қарамал мүйізінен жасалады. Үрмелі аспап. Мүйізді суға салып қайнатып, ішкі қабатын алып тастайды. Содан кейін ішін, сыртын тазартып, өңдейді. Мүйіздің ашық жағын ағашпен немесе сүйекпен қаптап жабады. Ұшын кесіп сазсырнай үрмелеріне ұқсатып тесіп, әуен, дыбыс шығарады. Қазақ аспаптар оркестрлерінде пайдаланады.
Сыбызғы – бұрынғы кезде қамыс, қурайдан жасалған. Қазіргі кезде ағаш немесе тағы да басқа қатты материалдан жасалады. Түтікше тәріздес, ойықтары бар. Сыбызғыда ойнау кез-келген адамның қолынан келе қоймайды, дегенмен оқушыларға қысқа фразалар ойнап беріп үнімен таныстыруға болады.
Шаңқобыз – үрмелі аспаптың бірі. Шаңқобызға тоқтала кетсек. Аспаптық музыкада Шаңқобыздың алатын орны ерекше. Оның көлемі екі жақ ұшы сүйірленіп, ортасында жіңішке тілі бар, лираға ұқсайды. Тілінің ұшы иілген оны саусақпен ортаңғы саусақ аспапты ұстап тұрады, қалған екі саусақ жартылай бүгіліп ортадағы саусаққа тақалып, алақанмен қуыс жасалады.
Асатаяқ – көне заманнан келе жатқан сілкілемелі аспап. Бақсылар қарапайым халықты өзіне қарату үшін даңғыра қыл қобыздармен қатар асатаяқты да пайдаланған. Бақсылық жойылғаннан кейін асатаяқ ұмыт бола бастады. Бірақ ел арасындағы сауықшыл өнерпаздар оның музыкалық сипатын дұрыс танып қайта жаңғыртып өнерлеріне пайдаланды. Соңғы жылдары, музейлерде сақталған көне нұсқалар бойынша бірнеше асатаяқ жасалып, музыкалық аспаптар қатарына енгізілді.
Қоңырау, қазақ тұрмысында ерекше орын алған аспап. Қоңырауды бесікке байлап сүйкімді дыбысына қосылып, анасы ыңылдап, бөбегін жұбатқан. Қойшы серкені мойнына тағып, сыңғырлаған үніне қой ергізген. Боз бала құлынтайдың мойнына, жүгеннің сағалдырығына іліп, сылдырлатып-сыңғырлатып серуенге шыққан.
ppt_yppt_yppt_y
ppt_xppt_y Шанағы дөңгелек шеңбер етіліп екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бұзау, түйе терісі қапталып жасалады. Дабылды саусақпен немесе таяқшамен ұрып ойнайды. Дабыл

Назарларыңызға рахмет!!!