Ерте темір дуірдегі ?аза?стан айма?тары


Қазақстан тарихы Күні: Сынып -6
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары.
Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, пысықтау, нақтылау, қорытындылау;
есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру;
білімділікке, ізденімпаздыққа, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу.
Сабақ. әдіс-тәсілдері:
Дерек көздері:  СТО, ой қозғау, өзін-өзі басқару,   топтық жұмыс,
АКТ, слайдтар, карта, кескін карта, фломастер, семантикалық карта
Күтілетін нәтиже: Қазақстан аймақтарын картадан көрсетіп сипаттайды, мәдениеті мен ескерткіштері туралы мағлұмат береді, тапқырлық танытып топтық жұмыс арқылы ұйымшыл болады.
Сабақ жоспары:
Үйге тапсырма: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Сабақ барысы. СТО-дың 3 фазасы.
1. Қызығушылығын ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс.
III.Үйге тапсырма беру.
Тарауға байланысты 5 тест сұрағын дайындап келу
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының әрекеті
1. Қызығушылығын ояту:
Психологиялық тренинг өткізу Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады «Шаттық шеңбер»
Сабағымызды бастар алдында интербелсенді тақтаға назар аударайық. Мұқият қараңдар, өйткені көргендеріне байланысты мен сұрақтар қоямын. Оқушылар слайдтар қарап , келесі сұрақтарға жауап береді.
1.Бұл слайдтардан не көрдіңдер? /обалардан табылған бұйымдар/
2.Көргендерін қай дәуірдің бұйымдары? /темір/
Темір дәуіріне байланысты Қазақ жерінің қандай аймақтарымен таныстыңдар?
3.Жалпы бүгінгі сабақта не тұралы айтпақпыз деп ойлайсыңдар?
2. Мағынаны тану:
«Миға шабуыл»
Топқа бөліну
(стикерлер алады, оның келесі жағында Солтүстік, Орталық, Шығыс деген жазулар бар) 1.6-сыныптың тарихы темір дәуірі кезеңін оқиды. Неліктен бұл дәуір темір дәуірі деп аталады?
2.Темір дәуірінде қандай тайпалар Қазақстан жерінде өмір сүрген?
3.Темір дәуірінің хронологиясы.
4. Тасмола мәдениетінің аталу себебі
-топпен жұмыс
Әр топқа Қазақстанның кескін картасы беріледі. Соған әр топ өз өңірінің шекарасын белгілейді, ескерткіштері мен мәдениетіің атауларын жазады. Топ атынан спикер тақырыпшаны түсіндіреді /көмектесуге болады/
-жеке жұмыс
Келесі жәдігерлер қандай қорымдарға және қай өңірлерге тән?
(суреттері көрсетіледі, оқушылар оның шешімін табу керек)
«Алтын адам» - Шілікті, Шығыс Қазақстан
16 аттың қаңқасы – Берел, Шығыс Қазақстан
Ақтау – Ақтау қалашығы, Солтүстік Қазақстан
«Мұртты оба» - Сарыарқа, Орталық Қазақстан
Ой толғаныс:Оқушылар білімін бекіту
Тақырып бойынша түйін шығарту.
Семантикалық карта
Солтүстік Қазақстан Орталық Қазақстан Шығыс Қазақстан
1 Сарыарқа + 2. 13 жирен жылқы +
3. Берел қорымы +
4. «Патша қорғандары» +
5. Есіл өзенінің оң жағалауындағы ескерткіш + 6. «мұртты обаның» 4 түрі + 7. Аргипейлер, исседондар, аримаспылар + 8. Ұлыбай—Тасмола мәдениеті + «Аймақтардың ортақ белгілерін тап»
1.Барлығы бір елдің аймақтары
2.Темір дәуірі кезеңіндегі аймақтар
3. Барлығы да ескерткіштерін қалдырған.
4.Шаруашылығы
5.Жылқыларымен жерлегені

Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін жазады.
Бағалау: Формативті баға. Өзін-өзі бағалау.
«Бас бармақ»