Химия п?нінен зертханалы? ж?мыс Синтетикалы? талшы?тарды? ?асиеттерін талдау 11 сынып


Химия 11
Зертханалық жұмыс № 6.2
Синтетикалық талшықтардың қасиеттерін талдау
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін талшықтарды танып білу икемділіктерін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауығы бар тұрғы, қысқыш, қайшы, сақинасы бар тұрғы, спиртшам, шыны, сіріңке, синтездік тадлшықтар: полиэфир және полиамидті талшықтар, концентрлі күкірт және сірке қышқылдары, 20%-тік натрий гидроксиді, органикалық еріткіш.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
Талшықтарды анықтау оның жанғыштығын, қышқылдарға, сілтілерге, ацетонға әсерін бақылау негізінде жүргізіледі. Анықтайтын талшықтар үлгілері әрбір оқушыға ең кемінде 4-5 үлгіден беріледі. Талшықтарды анықтау үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толтырылып оқушылардың алдына қойылады. Кестеге сүйене отырып, талшықтарды анықтау үшін төмендегідей ретпен тәжірибелер орындау керек.
№ Талшықтар Талшықтардың негізгі элементтік құрамы Қыздыруға әсері Жанғандағы күлінің түрі, түсі Еріткіштердің әсері
Азот қышқылы Сілті (10%) Ацетон
1 Мақта Целлюлоза
(C6H10O5)nБалқымайды, жанған қағаздың иісін шығара лезде жанады Сұр түсті Ерімейді Ерімейді Ерімейді
2 Жүн, табиғи жібек Белок Күйген құс қауырсыныны-ң иісін шығара баяу жанады Қара түсті түйіршік Ісінеді, ерігенде сары түс пайда болады Ериді Ерімейді
3 Ацетат Ацетилцеллюлоза
C6H7O2(OCOCH3)2OHТез жанады, жалыннан алса, жанбайды Күңгірттеу, қоңырқай түсті түйіршік Ерімейді Ерімейді Ериді
4 Капрон -N-(CH2)5-C-↓ ↓↓H O Қыздырғанда жұмсарып, балқиды. Иісі жағымсыз Жылтыр, қоңыр түсті түйіршік Ериді Ерімейді Ерімейді
5 Лавсан -CH2-CH↓CN Балқымайды, ыдырайды Қоңыр түсті күл Ерімейді Ерімейді Ериді
Анықтайтын талшық үлгісінен 3 сынауыққа салып, біреуіне 1-2 мл конс. азот қышқылын, екіншісіне 1-2 мл 10%-тік сілті ерітіндісін, үшіншісіне сондай мөлшерде ацетон тамызып, араластырыңдар. Не өзгеріс байқалды?
Талшықты қыздырған кезде не байқалады? Жану нәтижесінде түзілген заттың иісі қандай? Күлдің түрі мен түсін анықтаңдар.
Жұмыстың орындалуы:
Синтездік талшықтардың физикалық қасиеттерін тексеріңдер: а) түсі; ә) балқуы; б) органикалық еріткіште еруі; в) созылуы. Талшықтың созылуын суретте көрсетілгендей тексеріңдер: жіптің бір ұшын сақинаға байлаңдар да, жайлап бұрыңдар. Жіп үзілгенше қанша бұрадыңдар, соны санаңдар. Осылай жасанды талшықтарға да тексеру жүргізіңдер.
Синтездік талшықтардың химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) күкірт қышқылының әсері; ә) сірке қышқылының әсері; б) сілтінің әсері.
Лавсан Вискоза Жүн Мақта
Химия 11
Зертханалық жұмыс № 6.1
Пластмассаның қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың күнделікті өмірде кездестіретін пластмассаларды танып білу икемділіктерін қалыптастыру. Полимерлер туралы білімдерін қорытып, бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: электрөткізгіштікті сынайтын құрал, сынауық орнатылған тұрғы, газ жүретін түтікше, қысқыш, қайшы, спиртшам, сіріңке, әртүрлі пластмасса: полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол, полиметилметакрилат, фенол-формальдегид пластмассасы, 20%-тік күкірт қышқылы және азот қышқылы, натрий (калий) гидроксиді, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітіндісі, бензин, дихлорэтан, лакмус қағазы (көк, қызыл), су.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін алдын ала зертханада пластмасса үлгілері беріледі. Пластмасса түйіршіктерінің көлемі сынауыққа енетіндей болу керек. Пластмассалардың атын қысқартылқан күйде қолданған жөн. ПЭ – полиэтилен, ПС – полистирол, ПВХ – поливинилхлорид, ПМ – полиметилметакрилат, Ф – фенопластар. Пластмассаларды анықтау үшін нөмірленіп бөлек қалтаға салынған 5-6 пластмасса үлгілерінің түйіршіктері беріледі.
Мұғалім оқушыларға пластмассаларды сыртқы түріне, тығыздығына, қыздыру мен жану барысында байқалатын ерекшеліктерге байланысты анықтауға болатынын ескертеді. Анықтайтын пластмассалар үлгісі әрбір оқушыға ең кемінде нөмірленген 4-6 үлгіден беріледі. Оқушыларға жеке тәжірибелерді орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.
Пластмассаларды танып білу үшін төмендегідей жазылған кесте алдын ала толықтырылып, оқушылардың алдына қойылады.
Қандай пластмассалармен таныстыңдар?
Пластмассаларды қандай қасиеттеріне сүйеніп анықтадыңдар?

Поливинилхлорид Полистирол Полиэтилен Полиметилметакрилат
№ Пластмассалардың аты Пластмассаның негізгі элементтік құрамы Жануға әсері Қыздыруға әсері Еріткіштердің әсері
ацетон бензол дихлорэтан
1 Полиэтилен (-CH2-CH2-)nЖанған парафиннің иісін шығарып, көкшіл жалынмен жанады. Жанған кезде полиэтилен тамшысы бөлінеді. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды. Балқыған күйінде жіп созуға болады ерімейді ерімейді ерімейді
2 Поливинилхлорид -CH2-CH2-n↓ClТүтіндеп жанады, жалыннан алса, бірден жануын тоқтатады 60-70 градуста жұмсарады. 110-120 градуста ыдырайды. ерімейді ерімейді ерімейді
3 Полистирол (-CH-CH2-)n↓C6H5Стирол иісін таратып, түтіндеп жанады, жалыннан алған соңда жана береді. Жұмсарады, балқымасынан жіп созу оңай. Ісініп, қоймалжың ерітінді береді Ісініп, қоймалжың ерітінді береді Ісініп, қоймалжың ерітінді береді
4 Полиметилметакрилат CH3↑(-CH2-C-)n↓COOCH3Жанған эфирдің иісін шығарып, сарғыштау жалынмен жанады Жұмсарады, жіп созуға келмейді Ісініп, қоймалжың ерітінді береді ерімейді ерімейді
5 Фенолформальдегид пластмассасы фенопластар Фенол иісін тарата бықсып жанады, жалыннан алса, біртіндеп сөнеді Қатты қыздырғанда ыдырайды ерімейді ерімейді ерімейді
Жұмыстың орындалуы.
Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.
Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілті, қышқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).
Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның диполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?
Пластмассаның химиялық қасиетін кестеге жазыңдар.
Пластмассаның химиялық формуласы Физикалық қасиеттері Химиялық қасиеттері
Химия 11
Зертханалық жұмыс № 5
Белоктың түсті реакциялары, Мақта және жібек жіптің жануы.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз, азот, күкірт қышқылдары, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, қорғасын (II) ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті, натрий хлориді.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.


Жұмыстың орындалуы
Минерал қышқылдар қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Үш сынауықтың біреуіне азот қышқылынан, екіншісіне күкірт қышқылынан, үшіншісіне тұз қышқылынан 3 мл құйып, оларға сүт нәруыздарынан 1 мл қосса, ақ түсті нәруыз тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз және күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді.
Ауыр металл тұздары қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Екі сынауыққа 2 мл-ден нәруыз ерітіндісн құйып, біреуіне араластыра отырып, мыс (II) сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын ацетаты (III) ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін нәруыздар ірімшіктелген тұнба түзеді. Мұнда қандай өзгерістер байқалатынын түсіндіріңдер.
Формалиннің және спирттің нәруызға әсері. Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден нәруыз ерітіндісін қосады. Сонда екеуіне де тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып, араластырыңдар. Тұнба ерімейді.
Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқаның нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ериді ме? Неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.
Химия 11
Зертханалық жұмыс № 3
Глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: глицерин, су, мыс (II) сульфатының 2%-тік ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10%-тік ерітіндісі, сынауықтар.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
Жұмыстың орындалуы:
Сынауыққа 3-4 мл мыс (II) сульфатының ерітіндісін құйып, тұнба түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тәжірибе жақсы шығу үшін сілтінің артық мөлшерін алған жөн. Алынған қоспаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глицерин құйып, екінші сынауықпен салыстырыңдар. Глицерині бар сынауықтағы тұнба ериді де, көгілдір түсті ерітінді түзіледі.
Байқалған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
№ Жұмыстың орындалуы Реакция теңдеуі Қорытынды
Химия 11
Зертханалық жұмыс №
Метан, этан, этен, этин, пропан, аммиак, су және сірке қышқылы молекулаларының шарстерженьді модельдерін жасау
Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ермексаз, сіріңке таяқшалары немесе стержень.
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
Жұмыстың орындалуы:
Метан молекуласының моделі:
Ақ немесе көгілдір түсті ермексаздан үлкендіктерін бірдей етіп төрт шар жасаңдар, ол сутек атомдары болады. Қара түсті ермексаздан бір шар жасаңдар, түсті шарлардан 1,5 есе диаметрі үлкен болуы тиіс. Ол көміртек атомы болады. Қара түсті шардың бетіне (көміртек атомдары) тең етіп төрт жерден нүкте жасап, сіріңке таяқшаларын қойыңдар. Сіріңке таяқшаларының соңына ақ түсті (сутек атомдары) шарларды қосыңдар.
Этилен молекуласының моделі:
Ақ немесе көгілдір түсті ермексаздан үлкендіктерін бірдей етіп екі шар жасаңдар, ол сутек атомдары болады. Қара түсті ермексаздан екі шар жасаңдар. Ол көміртек атомы болады. Әр қара шарға аралық бұрыштары 120℃ шамасында нүктелер белгілеп алыңдар. Қара шардағы екі нүктеге шырпы кіргізіп, олардың ұштарына сутек атомдарын орналастырыңдар.
Үшінші нүктенің екі жағынан шырпы кіргізіп екі көміртек атомдарын өзара жалғастырып этилен молекуласының пішінін жасаңдар.Химия 11
Зертханалық жұмыс №
Этилен, ацетилен, мұнай үлгісі мен бензолдың калий перманганаты мен йод суына әсері
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
Этиленді алу және оның қасиетімен танысу.
Жұмыс мақсаты: этиленді алу және оның қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер: спиртшам, сіріңке, зертханалық штатив, винт, газөткізгіштік трубкасы бар тығын, пробиркасы бар штатив, фильтр қағазы; этанол, өзен құмы, концентрлі күкірт қышқылы, бром суы, калий перманганатының ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу тәртібі. 1 т а п с ы р м а. Этиленді алу. Қауіптілік мақсатында алдын ала концентрлі заттармен қоспа дайындалады. Ол 2-3 мл этил спирті және 6-9 мл концентрлі күкірт қышқылынан дайындалған. Сұйықтықтың қайнау кезінде атқылауынан құтылу үшін қоспаға өзен құмы (пемза) қосылады.  Пробирканы газөткізгіштік трубкасы бар тығынмен жауып, штативке бекітеді. Абайлап қыздырыңдар.
2 т а п с ы р м а. Этиленнің химиялық қасиеті ( бром суы мен калий перманганатына әсері). Газөткізгіш трубканың соңын кезекпен калий перманганаты және бром ерітіндісі бар пробиркаға батырады. Калий перманганаты ерітіндісінде қандай өзгеріс болады? Ал бром ерітіндісі бар пробиркада? Этиленнің қанықпаған қасиетіне қорытынды жаса.
Ацетиленнің калий перманганаты мен бром суына әсері.
Жұмыс мақсаты: ацетилен алу және оның қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер: спиртшам, сіріңке, зертханалық штатив, газөткізгіштік трубкасы бар тығын, пробиркасы бар штатив, фильтр қағазы, кальций карбиді, дистильденген су,калий перманганатының ерітіндісі, бром суы.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Ацетиленді алу. 
Газ жүретін түтікшемен жабдықталға сынауыққа бір кесек кальций карбидін салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Абайлап қыздырыңдар. Сынауық ішіндегі кальций карбиді сумен әрекеттесіп ацетилен түзіледі.
Газ түтігінен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатыңдар, ол ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады. Содан кейін газ жүретін түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған сынауыққа батырыңдар? Не байқалды? Дәл осындай тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Не байқалды?
Бензолдың калий перманганаты мен бром суына әсері.
Жұмыс мақсаты: Бензолдың қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, бензол, бром суы, калий перманганаты, спиртшам, қысқыш, пипетка.
Жұмыстың орындалу тәртібі. 
Сынауыққа 5 тамшы бензол құйып, үстіне 5 тамшы бром суын қосыңдар. Реакция бірден жүре ме? Сынауықты абайлап шайқаңдар. Не байқалды? Абайлап қыздырыңдар. Өзгеріс байқалды ма? Бром суы түссіздене ме?
Сынауыққа 1-2 мл бензол құйып, үстіне аз мөлшерде ақшыл-қызғылт түсті калий перманганатының ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны шайқандар. Не байқалды? Абайлап қыздырыңдар. Өзгеріс байқалды ма?
Мұнай үлгісі. Калий перманганаты мен бром суы ерітіндісіне әсері.
Мұнай өнімдеріне тәжірибе жасамас бұрын, оның құрамында қанықпаған көмірсутектер қоспасы жоқ заттар алу қажет. Мысалы, гексан немесе тазартылған мұнай өнімдерін қолдану керек. Біз бұл тәжірибеге бензинді қолданамыз.
Қажетті құрал-жабдықтар: бензин, сынауық немесе стақан, шыны таяқша.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сынауыққа бензин құйып, үстіне екі есе мөлшерде бром суын тамызамыз. Шыны таяқшамен араластырамыз. Не байқалды? Үстіңгі ұабатында жиналған бензинді бром суы ерітіп қызғылт түсі сол қалпы өзгермейді. Бром суының түсі сақталғаны бензинмен реакцияға түспейтінін дәлелдейді.
Сынауыққа бензин құйып, үстіне калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалды? Төменгі су қабатындағы калий перманганатының ерітіндісі өз түсін сақтайды. Бензин көмірсутектері бұл жағдайда тотықпайды.
№ Жұмыстың орындалу тәртібі Реакция теңдеуі Қорытынды
1 2 3 4