5-6 класс ?ыс.Зат есім. Сын есім.
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.
Қыс келбеті. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға зат есім, сын есім туралы білімді әрі қарай жетілдіру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік:Қазақ тіліне, жеріне, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап
Көрнекілік: «Қыс келбеті» суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ,кесте.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Түгендеу.
3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Ертегіден үзінді оқу.
Балалар , біз бүгін «Қыс. Зат есім.Сын есім» тақырыптарын өтеміз.Сендер бүгінгі сабақта мәтінмен танысасындар, берілген сөздерді пайдалана отырып,оны аударамыз, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Морфология сөз таптарын зерттейді.Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,шылау, еліктеу сөз, одағай.
Бүгінгі сабақта біз зат есім мен сын есім туралы білімімізді толықтырамыз
Сөздікпен жұмыс.
1)Жаңа сөздермен танысу.Сөздерді сөздікке жазып, дауыстап оқимыз.
Мезгіл-время года
игілігі үшін-на доброе дело
құбылыс-явление, изменение
асыр салып- с увлечением
зырлады-катались
балбырау-сонливый,быть вялым
Кестемен жұмыс. Зат есім.
Түрлері /типы/ Мысалдар
Мағынасына қарай 1.Жалпы /нарицательные/ Бала, адам,дала, оқушы
2.Жалқы /собственные/ Айбек, Қарағанды,Қазақстан
Тұлғасына қарай /по способу образования/ 1.Негізгі Ел, жер, су, қала
2.Туынды Ән+ші,қой+шы, біл+ім
Құрамына қарай 1.Дара Жігіт, жылқы,ауыл
2.Күрделі Қол+жазба, ата-ана, аяқ киім, ҚарМУ
Сын есім.
Сын есім.
Түрлері Мысалдар
Мағынасына қарай 1.Сапалық /качественные/ Ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу
2.Қатыстық
/относительные/ Тұзды, ақшалы,ащы
Тұлғасына қарай 1.Негізгі Жақсы,әдемі,кең
2.Туынды Қыс+қы, тау+лы,сын+ық, өт+кір
Құрамына қарай 1.Дара Кіші, тар, нәзік, мол
2.Күрделі Ұзын бойлы, жақсы-жаман, қызыл ала
Сызбамен жұмыс. І топ.
Сызбамен жұмыс. ІІ топ.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды ...
(Абай)
Оқулықпен жұмыс. І топ 88 бет
Тапсырма.
Мына зат есімдерден сын есімдер жасаңдар: кеш, күз, жолдас, қала, жаз, ұлт, ақыл. Мысалы: қыс+қы
Оқулықпен жұмыс. ІІ топ 111 бет
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Қыс айлары: ... , ... , ... .Жерді қалың ... жапты. Қыста жиі ... жауып, ... соғады.Ағаш бұтақтары ... ... жамылған. Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.
Викторина. (Әрбір топқа 5 сұрақ беріледі)
1.Қыста ауа райы қандай?
2.Қысқы киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?
3.Қандай аң қыста ұзақ ұйқыға кетеді?
4.Қазір жылдың қай мезгілі?
5.Қыста біз қандай мейрамдарды қарсы аламыз?
6.Қыстыгүні табиғатта қандай өзгеріс болады?
7.Қыс айларын ата.
8.Қыста адамдар қалай киінеді?
9.Қысқы ойындардың түрлерін ата.
10.Қыста күн ... ал, түн ... .
І топ. Зат есім. ІІ топ. Сын есім.
Терме диктанты
Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр.Қар қалың, ауа таза.Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша!Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар аққала жасап, бір-біріне қар лақтырып ойнайды.Үсті-бастары ақ қар.Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ.Қыста Кәрім екеуміз аңға шығатынбыз.Ол мені аңшылыққа үйретті.
Сергіту сәті: бейнеролик «Шырша»
Бес жолды өлең.
1.Зат есім.
2.Сын есім.
3.Етістік.
4.Сөйлем.
5.Синоним сөз
Сөзжұмбақ.
1.Класстың қазақшасы.
2.Күзден кейін қандай мезгіл келеді?
3.Қыста қатты жел соғып, күн суытып не болады?
4.Қыс мезгілінің алғашқы айы?
5.ҚР астанасы қай қала?
6.ҚР қандай мемлекет?
7.Орта білім алатын жер?
1.Внимание сөзінің қазақшасы?
2.Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді?
3.Бес әріптен тұратын кісінің атын қалай атауға болады?
4.Қыс мезгілінің алғашқы айы?
5.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6.Күн атауы ертең одан әрі ... 7.Дастархан басында қонақтың қолына берілетін зат?
Қорытынды.
Зат есім Сын есім
Бағалау.
Үйге тапсырма:
5 сынып
«Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.
6 сынып
«Қысқы көрініс» тақырыбына шығарма жазу.