Жатты?у ж?мыстары (Зат есім, сын есім) 7-сынып


Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры:Бекишов А.Б. ОІМ:Қыдырбеков Б.З.
_____________ _____________
«24» қазан 2016 жыл «24» қазан 2016 жыл
Қазақ тілі 7-сынып Күні: 25.10.2016 жыл
Пән мұғалімі: Маженова Жамал Айдарбековна
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары (зат есім, сын есім)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өткен тақырыптардан алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау, меңгерген білімді берік қалыптастыру, кемшіліктерді жою.
Дамытушылық: оқушылардың зат есім, сын есім туралы ой- түсінігін және ойлау қабілеті мен тіл ерекшелігін дамыта түсу; ізденімпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа, бір –бірінің пікірін тыңдауға, жапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың типі:Қайталау
Сабақтың әдісі: Талдау, топтастыру стратегиясы, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, синквейн әдісі, орыны ауысып кеткен қисынды ойлар
Көрнекілігі: тақта, бор, плакат, маркер, семантикалық карта, смайлинг, даму ағашы, бағалау парақшасы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Сабаққа психологиялық дайындық.
3.Оқушыларды түстер бойынша 3 топқа бөлу (көк, қызыл, жасыл)
І кезең.Қызығушылықты ояту.
Топпен жұмыс.Бағалау парақшасына баға қою.Алынған мәлімет жазылады, тыңдалады, талқыланады, жұмыстар топтаса орындалады.
1.Оқушы зат есім, сын есім тақырыптары бойынша білетіндерін еске түсіреді. Тірек сөздер арқылы мәліметтерді жүйелеу, кластер құрады.
2.Орыны ауысып кеткен қисынды ойлар. «Қателерді түзету»
І топқа.
1.Зат есім шырай формасында түрленеді.
2.Сын есім заттың атын білдіреді.
3.Қыста ағаш бүр жарды.
ІІ топқа
1.Зат есім қандай?Қай? деген сұраққа жауап береді..
2.Сын есім мағынасына қарай деректі, дерексіз болып бөлінеді.
3.Ешкі қоздайды.
ІІІ топқа
1.Сиырлар сүт ішіп, шөп береді.
2.Сын есім кім? Не? деген сұраққа жауап береді
3.Зат есім мағынасына қарай сапалық, қатыстық деп бөлінеді.
ІІ кезең.Мағынаны тану
Жұмыс жеке, жұпта, топта жүреді.
1.Миға шабуыл.Семантикалық картаны толтыру.Топпен жұмыс.Мына берілген антонимдерді сөз таптары бойынша орналастыр.Дайын жауаптарымен қарсы топ тексереді.
АНТОНИМДЕР
Зат есім Сын есім Есімдік Етістік Үстеу
өмір-өлім жас-кәрі анау-мынау ашу-жабу әрі-бері
жаз-қыс кең-тар әне-міне ұшу-қону ерте-кеш
ұл-қыз ащы-тұщы осы-сол келу-кету ақырын-тез
-Сергіту сәті
2. «Инсерт» стратегиясы. Жеке жұмыс.
Параққа жазылған мәтін әр оқушыға таратылып беріледі.Оқушылар мәтінен сын есімдерді, зат есімдерді түртіп алады, қандай сұраққа жауап беретінін анықтайды.
Қыс мезгілі- керемет маусымның бірі.Ауа райы суық, қарлы болады.Қыста қар жапалақтап жауып, көңіліңді сергітеді, ауа да тазарады.Қыста адамдар басына құлақшын, үстіне тон, қолына қолғап, аяғына етік киеді.Балалар шана, шаңғы, коньки теуіп, сырғанап жүреді.Қыс мезгілінде барша адамдардың ең сүйікті де, асыға күтетін көңілді де мерекесі- Жаңа жыл мейрамы.
ІІІ кезең.Ой толғаныс.
Талдау, ізденіс, практикалық тапсырмалар.
Өз бетімен жаттығуына бағытталған, өздері ізденіп орындайтын тапсырмалар.
1.Зат есім мен сын есімге арналған өзіндік жұмыс.
2.Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест.
3.Венн диаграммасы Зат есім мен сын есімді салыстыру, ортақ қасиеттері.
4.Сенквейн әдісі.5 жолды өлең
Кері байланыс: Даму ағашы, стикер жапсыру
Бағалау:
Үйге тапсырма: Зат есім мен сын есімге мысал жазу
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.Нақты жағдайда мынаны былай жасау керек деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың құрылымы 3 кезеңнен тұрады:
І кезең.Қызығушылықты ояту;
Оқушының әрекеті.
1-кезеңде оқушы осы тақырып бойынша білетін білімдерін ортаға салады, тыңдалынады, талқыланады.
Қолданған әдіс-тәсілдер: тірек сөздер, орыны ауысып кеткен қисынды ойлар
1-тапсырма:Оқушы зат есім, сын есім тақырыптары бойынша білетіндерін еске түсіреді. Тірек сөздер арқылы мәліметтерді жүйелеу, кластер құрады.
2-тапсырма: 2.Орыны ауысып кеткен қисынды ойлар. «Қателерді түзету»
Тапсырманы оқушылар жеке, жұпта, топта орындайды.

ІІ кезең.Мағынаны тану;Жаңа ақпараттармен жұмыс барысында қызығушылық пен қажеттілікті айқын сезіну мүмкіндіктерін тудыру, білім мен мәліметтер қорын «ескіден», «жаңаға» молайтуды мақсат тұту.
1.Миға шабуыл.Семантикалық картаны толтыру.Топпен жұмыс.Мына берілген антонимдерді сөз таптары бойынша орналастыр.Дайын жауаптарымен қарсы топ тексереді.
2. «Инсерт» стратегиясы. Жеке жұмыс.Параққа жазылған мәтін әр оқушыға таратылып беріледі.Оқушылар мәтінен сын есімдерді, зат есімдерді түртіп алады, қандай сұраққа жауап беретінін анықтайды

ІІІ кезең.Ой толғаныс.Оқушыны бастапқы жазғандарына оралтып, тақырыпқа байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелер практикалық тапсырмалар орындату.
Талдау, ізденіс, практикалық тапсырмалар.Өз бетімен жаттығуына бағытталған, өздері ізденіп орындайтын тапсырмалар.
1.Зат есім мен сын есімге арналған өзіндік жұмыс.
2.Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест.
3.Венн диаграммасы Зат есім мен сын есімді салыстыру, ортақ қасиеттері.
4.Сенквейн әдісі.5 жолды өлең

Кері байланыс: Даму ағашы, стикер жапсыру



Менің сабағымда оқушылар белсенділік танытып қатысты.Мұғалімдер сабағымды жақсы деп пікір білдірді.Оқушылар алдымен бүкіл сынып болып, сосын жұппен, жеке жұмыс жасауға дағдыланды..Өздерінің сабақта алған білімдерін, сабақ үстіндегі әрекеттеріне бағалауға үйренді.Оқушылар өздеріне әділ баға берді.Тапсырманы орындау барысында бір-біріне түсіндіріп келесі топтан қалып қоймауға тырысты.Топта белсенділік танытып отырған оқушы топты алға тартуға тырысты.Менің іс-әрекеттерімде қол жеткізгенім оқушыларды топта жұмыс жасауға,өз пікірлерін айта алуға дағдыландырдым.