?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Сын есім. Дара ж?не к?рделі сын есім
Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың аты Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер
Сілтеме ЖоспарЖалпы мақсаты Сын есім туралы түсінік беру
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Дара және күрделі сын есімдер туралы түсінеді
Оларды бір-бірінен дұрыс ажырата білуге дағдыланады
Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар 1. «Әдепті бала арла бала» ойтолғауында сын есімдер бар ма?
Сын есім туралы түсінік беру.
2. Сын есімнің төмендегідей маңызды белгілері бар:
1) заттың түрін, түсін білдіреді: қызыл, көкпеңбек
2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: тар, ауыр, үлкен
3) заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек
4) заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы, тұщы, қышқыл, тәтті
5) затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тастақ, сулы, шөпті
3. 127-жаттығу
4. 128-жаттығу
5.
Оқушылар топ ішінде ақылдаса отырып, зат есімдерді жазу арқылы сөзжұмбақтың жауабын табады, кестеге жазып шығады:
с ы б ы с
ж ұ м ы с
к ө р і с
ұ р ш ы қ
с а л ы қ
3. 125-жаттығу
І топ 2 сөйлем
ІІ топ 3 сөйлем
ІІІ топ 4 сөйлемді жазып, зат есімдердің түріне ажырату.
4. *Ф Әдеби, досты,білім
5. Сергіту сәті
6. *М І топ Деректі, дерексіз зат есімі бар мақал-мәтел жазу (Аққуды атпа, Махабатты сатпа).
ІІ топ Негізгі, туынды зат есімі бар мақал-мәтел жазу (Өнер –білім бұлағы, Білім –өмір шырағы).
ІІІ топ Дара күрделі зат есімі бар мақал-мәтел жазу (Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің).
7. *С Айжан, сен дүкенге барасың ба?
8. Зат есімнің дұрыс жазылу емлесін көрсететін бірнеше мысал жазу.
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
ІІІ. Талқылау үшін сөйлем оқылады (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс (25 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару 3 Топтық жұмысқа атсалысуы Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
VІ.Жеке жұмыс (8 минут)
Зат есімнің дұрыс жазылу емлесін көрсететін бірнеше мысал жазу.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар жаттығу
Кейінгі оқу Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер