Конспекты урока 9 сыныпта?ы Физика п?ніні? «Кинематика негіздері» тарауы бойынша орта мерзімді жоспары.


Физика. 9 класс. Пән мұғалімі: Бакешова Айгуль Нартаевна9 сыныптағы Физика пәнінің «Кинематика негіздері» тарауы бойынша орта мерзімді жоспары.
№ Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Бірізді сабақтар сериясы аяқталғанда оқушыларыңыздың бойында қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастырғыңыз келеді. Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ,ТЖ, ПЖ, ДЖ). Оқытуды жақсарту үшін АКТ пайдалана аласызба? Оқушы әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз? Сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (талантты, дарынды) Ойлауға, сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз? Жоспарлағаныңызбен күткеніңізге оқушылардың барлығының үйренгенін қалай анықтайсыз?
Негізгі мақсат: Кинематика негіздері туралы білімдерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру.
1-сабақ Тақырыбы: Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті. Материалдық нүкте. Санақ жүйесі. Салыстырмалы механикалық қозғалыс.
Мақсаты: Кинематика негіздерінің негізгі ұғымдармен таныстырып, түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері: Ұғымдарды, физикалық құбылыстар, физикалық заң, материялық нүкте, орын ауыстыру, санақ жүйесін ажырата алу. Топтық жұмыс аясында белсенді жұмыс атқара алуы. СТО - «Кубизм» әдісі, Венн диаграммасы, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларды стикер арқылы топтарға бөлу.
Топ ережесін шығару, топ ережесіне бағыну.
Тақырыптың мазмұнын ашу үшін постер дайындау топтық жұмыс. Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Топтық жұмыс арқылы, АКТ-ны пайдалану арқылы, СТО әдістерін пайдалану арқылы сын тұрғысынан ойландыру. Сөздік қорын кеңейту үшін диалог құру.
Түрті сұрақтар қою арқылы. Оқушылардың берген жауаптарынан, тапсырманы орындаудан, рефлексия парақтарынан.
2-сабақ Тақырыбы:Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары.
Мақсаты:Векторлар және оларға амалдар қолдана отырып, оқушылардың білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері: Вектордың координаталар осьтеріндегі проекцияларын өз бетімен тұрғыза алу.
Тиімді диалог жүргізе алатын белсенді азамат қалыптастыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрақ- жауап арқылы сұрау.
Ой туғызу. Миға шабуыл. «Зигзаг» әдісі.
Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Диалог арқылы, ой туғызу, миға шабуыл, топтық жұмыс арқылы.
Блум-таксономиясы бойынша қойылатын сұрақтар арқылы Ұсыныстар білдіруінен, жаңа идеялар білдіруінен, ортақ шешім қабылдай алуынан, рефлексия парақтарынан..
3-сабақ Тақырыбы: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу.
Мақсаты: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері: Орын ауыстыру, лездік жылдамдық пен үдеуді есептей алу.Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Ой қозғау. Инсерт әдісі.
ББҮ арқылы қорыту. Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Жеке, Жұптық, Топтық жұмыс Инсерт әдісімен түртіп алған мәліметтеріне байланысты Кері байланыстан, тақырыпқа талдау жасай алуынан, рефлексия парақтарынан.
4-сабақ Тақырыбы:Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Жылдамдықтың графигі. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы.
Мақсаты: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері:Физикалық құбылыстарды сипаттау жəне түсіндіру: кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі. СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Психологиялық ахуал жасау.
Оқушыларды алты топқа бөлу.
Ой қозғау. Жеке жұмыс. Топтық жұмыс.
«ББҮ» сызба әдісі.
Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Топтық жұмыс арқылы, ой қозғау арқылы, Блум таксономиясы арқылы. Тапсырманы сұрау арқылы, жүйелі түрде қайталап сұрау арқылы. Жаңа идеялар білдіруінен, ортақ шешім қабылдай алуынан
5-сабақ Тақырыбы:Еркiн түсу үдеуi. Дененiң еркiн түсуi. Аспан денелерi және тағы басқалардың жерге еркiн түсу үдеуi.
Мақсаты:Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері:Физикалық құбылыстарды кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, еркін түсу үдеуді сипаттау жəне түсіндіре алу.Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларды алты топқа түс бойынша бөлу.
Психологиялық ахуал. Көңіл-күй кестесі.
Ой қозғау. «Кубизм» әдісі.
Ассоциация толтыру арқылы қорыту. Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Жеке, Жұптық, Топтық жұмыс.
Түрткі сұрақтар қою арқылы.
Ашық сұрақтар қою арқылы Ұсыныстар білдіруінен, жаңа идеялар білдіруінен, ортақ шешім қабылдай алуынан, рефлексия парақтарынан.
6-сабақ
Тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы.
Мақсаты:Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы жайлы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері: Формуласын қолданып берілген есепке пайдалана алу.
Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Ой қозғау. «Болжам кестесі» әдісі.
Мағынаны тануда «Инсерт» әдісі.
Ой толғаныс. «Бес жолды өлең» Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Диалог арқылы, ой туғызу, миға шабуыл, топтық жұмыс арқылы.
Жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар қою арқылы Кері байланыстан, тақырыпқа талдау жасай алуынан, рефлексия парақтарынан.
7-сабақ
Тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу. Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы.
Мақсаты:Центрге тартқыш үдеумен танысу, формуласын қолдана алу.
Күтілетін нәтижелері:Ілгерлемелi және айналмалы қозғалысыты ажырата алу.
Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Ой қозғау.«Балық қаңқасы» әдісі бойынша проблемалық сұрақтар. Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Жеке, Жұптық, Топтық жұмыс.
Түрткі сұрақтар қою арқылы. Тапсырманы сұрау арқылы, жүйелі түрде қайталап сұрау арқылы. Ортақ шешім қабылдай алуынан, рефлексия парақтарынан.
8-сабақ
Тақырыбы: № 1 лабораториялық жұмыс. Бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау.
Мақсаты: Көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.
Күтілетін нәтижелері: Өлшеу және есептеу нәтижелерін көрсете алу.
Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. Оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Ой қозғау. Зертханалық жұмыс.
Венн диаграммасы.
Есептеулер кестесін толтыру арқылы қорыту. Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Блум таксономиясы арқылы сұрақтар. Тапсырманы сұрау арқылы, есептеулер жүргізу нәтижесін сұрау Кері байланыстан, тақырыпқа талдау жасай алуынан, рефлексия парақтарынан.
9-сабақ
Тақырыбы: Практикалық жұмыс: Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері
Мақсаты: Қозғалыс ұғымымен таныстыру, қоршаған ортаға көзқарас.
Күтілетін нәтижелері:алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту. СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Топқа бөлу. (Өлең жолдары арқылы)
Ой қозғау. «Болжам кестесі» әдісі
Постер дайындау. (топтық жұмыс)
Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Рөлдік ойындар арқылы, ой қозғау арқылы, Блум таксономиясы арқылы. Тапсырманы сұрау арқылы, жүйелі түрде қайталап сұрау арқылы. Ұсыныстар білдіруінен, жаңа идеялар білдіруінен, ортақ шешім қабылдай алуынан, рефлексия парақтарынан..
10-сабақ
Тақырыбы: Бақылау жұмысы №1 Кинематика негіздері
Мақсаты: Алған білімдерін іс жүзінде көрсете білу.
Күтілетін нәтижелері: Формулаларды қолдана отырып, есептеулер жүргізе алу
Алған білімдерін ой елегінен өткізу. Көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Жеке жқмыс. Ой қозғау.
Бақылау жұмысы парағымен жұмыс.
Формативтік бағалау,
Өлшемдік
бағалау. Блум таксономиясы арқылы сұрақтар. Тапсырманы сұрау арқылы, есептеулер жүргізу нәтижесін сұрау Шығармашылық жұмысты орындауынан, өз ой- пікірін, көзқарасын ашық білдіруінен, постерді қорғаудан, рефлексия парақтарынан.