Открытый урок Т?уелсіздік к?ні. М.Шаханов «Желто?сан та?ылымы» 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні.
М.Шаханов «Желтоқсан тағылымы»Сабақтың мақсаты:Ақын өлеңінің негізгі идеясын, мазмұнын аша отырып, Тәуелсіздік ұғымы туралы білімдерін кеңейту, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы жайында толығырақ мәлімет беру.
Мазмұнға байланысты: Тәуелсіздік ұғымына және Желтоқсан оқиғасына қатысты ақпараттарды жан-жақты талдау, өлеңнің мазмұны арқылы өзара байланысын түсіну.
Сыни ойлауға байланысты: Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылармен пікір алмасу, сұрақтар арқылы талқылауға еркін орта құру, тақырыпқа байланысты ақпараттарды салыстыру, зерделеу, өмірмен байланыстыру.
Топқа байланысты: Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс барысында бір- бірінің ойын тыңдайды, тақырыпты талдайды, тәрбиелік мәнін ұғынып, тарихымызға құрметпен қарауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
«Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын жете түсінеді.
М. Шахановтың өмірі жайлы толық мағлұмат алады.
Желтоқсан тағылымын, жастардың бойындағы патриоттық сезімді түсінеді, үлгі алады.
Жаңа тақырыпты бүгінгі күнмен, тарихпен байланыстырып, тәлім-тәрбиелік мағынасының терең екенін ұғынады.
Нәтижені бағалау: Оқушылар ой қозғау (ассоциация) арқылы алғашқы білімдерін толықтырады, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын топтастырады, эссе жазады.
Қолданылатын құралдар: слайд, альбом, көрме, интербелсенді тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
1.Ойашар:
(Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу).
Амансың ба, Алтын күн!
Амансыз ба, Көк аспан!
Амансыз ба, ұстазым!
Амансың ба, достарым!
2. « Ассоциация» әдісі бойынша оқушылар алғашқы білімдерін еске түсіріп жазып шығады. 1 слайд.
Тәуелсіздік сөзінің ұғымын қалай түсінесіздер ?
Бейбітшілік
Егеменді ел
Еркін ел
Дербес ел
Бостандық
Отан
ІІ. Мағынаны тану:
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі:
Қалай ойлайсыздар балалар, Тәуелсіздік пен 1986 ж «Желтоқсан оқиғасы» арасында қандай байланыс бар? (оқушылар жеке ойланып, топта талқылап ойларын топтастырып шығады.)
Жастар ереуілге шықты
(Слайд 1)
Тәуелсіздікке қол жеткіздік
(Слайд 4 жетістіктеріне тоқталу)
Қаншама ақындарымыз тәуелсіздікке, туған еліне өз жырларын арнады. (слайд 5)
Желтоқсан
Билік басында басқа ұлт өкілінің отырғанына қарсы болды
(слайд 2)
Қайрат, Ербол секілді ағаларымыз бен Ләзат, Сабира секілді апаларымыз тәуелсіздік жолында ерлік көрсетті (слайд 3 )
Соның бірі Мұхтар Шаханов
«Желтоқсан тағылымы»
(слайд 6)
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: ДЖИГСО-1
І топ:
Тәуелсіздік күні ( мәтінді жеке оқу, топта талқылау)
Талқылау сұрақтары:
1.Тәуелсіздік пен мәтінде берілген батырлардың есімін қалай байланыстырамыз?
2.Неліктен оларды батыр деуге болады деп ойлайсыздар? Дәлелдеу.
ІІ топ: М.Шаханов өмірі ( жеке оқу, талқылау)
Талқылау сұрағы:
1.Ақын неліктен өлең тақырыбын «Желтоқсан тағылымы»деп атаған ?
2. Ақын мен желтоқсан оқиғасы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?
ІІІ топ: Желтоқсан тағылымы ( І шумағын оқу, талдау)
1.Шумақтың мазмұнынан жастар бойында қандай қасиетті байқадыңыздар?
2. Желтоқсан мен егемендік алу тарихын қалай байланыстыруға болады деп ойлайсыздар?
ІҮ топ: Желтоқсан тағылымы (ІІ шумағын оқу, топта талдау)
1.Осы шумақтағы Желтоқсанның мұзды алауы және жастар намысы деген ойдың түбінде не жатыр деп ойлайсыздар?
2.Қазақ елінің тарихындағы бұл оқиғаның бүгінгі күнмен байланысын қалай сабақтастырасыз?
Әр топтағы оқушылар 1,2,3,4 санына бөлінеді. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында сандар бойынша жұмысшы тобына барып берілген тапсыраманы жеке оқып, топта талқылап, негізгі мазмұнын - идеясын түсініп шығады. Өз жанұяларына ( топтарына) келгенде жаңа білімдерін ретімен баяндап, ортаға салады.
3.Жаңа сабақты талдау кезеңі: Әр топтан оқушылар үйренген білімдерін ортада айтып шығады.
Топтарға ортақ сөздік жұмысы: 7 слайд.
Империя – ірі мемлекет.
Нарық – заттың кесімді бағасы, құны.
4.Сергіту сәті: 8 слайд.Басымызда күн біздің,Бәйтеректей көктеген.Ұшып көкке самғаған.Жортқан дала құмында,Жас ұрпақпыз біз деген.
ІІІ. Ой толғаныс.
Жаңа тақырыпты қорыту кезеңі:
Зерттеу әдісі бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жаңа тақырыптан алған білімдерін саралау мақсатында мынадай тапсырмалар беріледі.
1 топ – эссе «Мен Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағымын»
2-топ – сурет салу «Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана»
3 - топ – өлең шығару «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ»
4 – топ – көрініс «Ерліктері біздерге үлгі - өнеге»
(талдау жүргізіледі)
Топтар жұмыстарын қорғап шығады.
Үй тапсырмасы:
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Топтық шығармашылық –ізденіс тапсырмасы:
Топ : Желтоқсан көтерілісіне арнап альбом дайындау.
Топ : Желтоқсан көтерілісіне қатысты жастар жайлы деректер жинау
Топ : М. Шаханов жайында деректер жинау.
Топ : Астана жайлы өлең шығару.
3. Бағалау: өзін –өзі бағалау.