Открытии видео урок на темуБалаларды? агрессиялы? себептеріні? негіздері
Балалардың агрессиялық себептерінің негіздері Жеткіншектерде девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:• әлеуметтік-экономикалық қолайсыздықтар;• кәмелетке толмағандарды оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқыту мекемелерінің жауапкершіліктерінің төмендеуі;• бұқаралық ақпарат құралдарының (кино, радио, телевидение, публицистика), адами құндылықтарды елемеуді, күштеуді, пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін тұлғааралық қатынастардың тұрақсыздығын насихаттайтын ұждансыз әдебиетердің ықпалы;• әлеуметтік тұрғыда мақұлданған мақсаттар мен оған қол жеткізу мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Агрессивті – басқа адамдарды өзіне бағындыру немесе оларға үстемдік ету мақсатында нақты немесе қиялынан туған мінез-құлықтан көрініс табатын тенденция, екі түрі болады: латентті (жасырын) және айқын; Тәуелді – қанағаттану, рахатқа бөлену немесе бейімделу мақсатында біреуге немесе бірдеңеге міндетті болуға ұмтылу, симбиотикалық тәуелділік;Суицидальді – өзіне қол жұмсау бағытындағы саналы әрекеттер. Жеткіншектердің суицидальді мінез-құлқы отбасындағы, сондай-ақ, құрдастарымен қатынастардағы жағдайларды қабылдамау салдарлары болып табылады. Немқұрайдылық, селқостық, жек көрушілік, әділетсіздік атмосферасы үмітсіздік, жалғыздық сезімін туғызады. Кінәні сезіну, ата-аналар мен педагогтар тарапынан қойылған талаптарды орындау мүмкіндіктерінің болмауы, өзін-өзі бағалаудың төмен болуы да суицидтің алғышарттары болып табылады.Үйден қашудың себептері әр түрлі. Әдетте, отбасы арасында немесе мектеп ішінде қандай да бір қорлауға, моральдық немесе физикалық күш көрсетуге қарсыласу сезімінен туындайды. Жеткіншектерде аддиктивті мінез-құлықтың пайда болуына себепші болатын факторлар:• отбасындағы жағымсыз, қолайсыз атмосфера;• жеткіншектің араласатын құрдастар тобының арасындағы мінез-құлықтың қандай да бір түріне қатынас;• жеткіншектің интеллектуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;• жағымсыз ықпалдарға қарсы тұруға мүмкіндік беретін тұлғалық сапалардың болу, болмауы;• тұқымқуалаушылық;• жағымсыз салдарлар жөнінде ақпараттардың аздығы;• мінез акцентуацияларының типтері. 1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.2. Қаржылық жағдайлардың әсері.3. Ренжу4. Қателік Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттен жасөспірімдерді аулақ ұстау үшін спорт секциялары мен алуан түрлі үйірмелерге оқушыларды жаппай тарту қажет. Ғылыми деректер бойынша бос уақыты көп оқушы кейде жаман нәрсеге үйірсек келетіні белгілі. Сол үшін ата-аналар осы жағын батыл ойлануы тиіс. ЕСІРТКІ ТӘРБИЕСІ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС Тәрбиесі қиын оқушыларды анықтаудың мақсаты: Тәрбиесі қиын балалардың тәртіп ережелерін дұрыс түсінуіне жағымсыз жағдайлардан алшақ болуына, өз-өзіне баға беруіне тәрбиелеу. ТӘРБИЕСІ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1.Қиын баланы жан-жақты танып ашу(өзінің қиын бала екендігін сезіндіру мақсатында:Әдістеме: “Қиын бала”2.Мимика арқылы қарым-қатынасын түзету:Әдістеме: “Ситуацияны көрсет!”3.Жаман әдеттерін түзету:Әдістемелер: “Жақсы жаман қасиеттер”, “Карусель”, “Пікірталас” ойындарыТапсырма: “Сөйлемді аяқта”4.Адамгершілікке тәрбиелеу:Тренинг: “Адамгершілік жүрегі”, “Кім екенін тап!”, “Ауызша воллейбол” ойыны.5.Жауапкершілікке үйрету:Тренинг: “Мен саған сенемін!”6.Өзін-өзі тәрбиелеу:Тренинг: “Топтың көмегі”, “Ашулы шарлар”, “Ертегі терапия”7.Лекция арқылы тәрбиелеу:“Абайдың қара сөздері” музыкамен тыңдату8.Тәрбиесі қиын балалардың ата-анасымен жұмыс:9.Тәрбиесі қиын балалардың мұғалімдерімен жұмыс:10.Релаксация