Дене т?рбиесі п?нінен.Футбол ойыныны? шы?у тарихы.Футбол ойыныны? ?ауіпсіздік техникасы та?ырыбы бойынша саба?


Сыныбы__________
Уақыты__________
Сабақтың тақырыбы: Футбол ойынының шығу тарихы. Футбол ойыны қауіпсіздік техникасы.
Сабақ мақсаты. :Жылдамдылығын,төзімділігін,шеберлігін,ептілігінарттыру.Оқушыларды спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
Өткізілетін орны : Мектептің спорт алаңы
Спорт құрал-жабдықтар: ысқырғыш , секундомер,футбол добы.
Р/с Сабақ мазмұны Мөлшер Әдістемелік нұскаулар
I Дайындық бөлімі 15 1.Сапқа тұрғызу.
2.Рапорт қабылдау,сәлемдесу.
3.Сабақтың мақсатын түсіндіру. Спорт киіміне назар аудару.
Бір орнында саптағы бұрылыстар:
Оңға!
Солға!
Артқа бұрыл! 5’ Бас көтеріңкі,дене тік
Алаңды айнала жеңіл жүгіріс;
Үдемелі жүгіріс;
Жай жүгіріс;
Тоқта 1! 2!
Саптағы жаттығулар:
Қол желкеде аяқтың ұшымен жүру.
Қол белде өкшемен жүру.
Аяқтың сыртымен,ішімен жүру.
Жалпы жаттығулар:
Б.Қ-Қол белде,аяқ иық тұсында,басты айналдыру жаттығуы.
Б.қ-Қолды алға созу,аяқ иықтың тұсында,10 рет отырып тұру жаттығуы
Б.қ-аяқ иық тұсында белді айналдыру жаттығуы.
Б.қ.-Аяқ иық тұсында қол тізеде,аяқты ішке,сыртқа айналдыру жаттығуы. 10
Жүгіріс кезінде дұрыс тыныс алу.
Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
II Негізгі бөлім
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.[6]. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі 25’ Ойын барысында қарсыласты артынан шалуға,итеруге болмайды.Төрешінің ысқырығын естіген сәтте ойынды тоқтату керек.Ойын ережесін өрескел бұзған ойыншылар ойыннан шығарылады
мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды.Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады - Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады
- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек
- Жоғарыдағы допқа таласқанда қапрсылас ойыншыны итеруге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды
- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті
- Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген бетте ойынды тоқтату керек
- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады
- Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
Қорытынды бөлімі III Сапқа тұрғызу.
Жіберілген қателіктерін айту.
Бағалау.
Үйге тапсырма. 5 Қауіпсіздік ережесін қайталау.жаттығу жасау.