Сабақтың тақырыбы: «1 ден 20 ға дейінгі сандар»
Мақсаты: 1. Екінші ондық сандарының құрылуымен таныстыру, 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.
2. Өй-өрістерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тиянақтылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, өзіндік жұмыс
Көрнекілігі: 1 ден 20 ға дейінгі сандар , тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық
Кіріспе .
Балалар бүгін біздің сабағымыз күндегіден ерекше болмақ,
бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өз білімдерімізді көрсетейік. 1 ден 20 ға дейін тура және кері санайық. Ал, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз « 1 ден 20 ға дейінгі сандар»
Негізгі бөлім:1 тапсырмаҚалдырылған сандарды жазып, әрбір екінші жапырақты сары түспен бояйды.
2 тапсырмаӘр ыдысқа бір карандаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болды?
3 тапсырма
Жапсыру жұмысы қиып алынған бөлігін тауып жапсырады. 4 тапсырма17 17 17 17 18 18 18 18
Сергіту сәті. Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол салсақ
Нүктелерді қосқанда үш үшбұрыш шығады.
Топтық жұмыс. Әртүрлі фигуралардан үйдің, ақ қаланың, вагонның,көбелектің суреттерін құрастырады.
Қорытынды: Суреттер арқылы есептер құрастыру.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап мадақтау ауызша бағалау.
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: "1 ден 20ға дейінгі сандар"