Доклад на тему Мектепке дейінгі мекемелерде ?аза? тілін ?йретуді? тиімді жолдары
Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйретудің тиімді жолдарыБілім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
4. Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым - қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез - келген ойынды өткізу үшін алдын - ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау.
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық (ересек, орта) топтарда қолданылады.Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс - әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек? Мысалы ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
1. Сиқырлы қоржын (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ», «Ойыншықтар» т. б.);
2. Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»);
3. Аудармашы (барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса, бала орысшаға аударады, немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды);
4. Снежный ком (Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету, лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді);
5. Не жоқ? (тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.);
6. Кімнің дауысы? («Үй жануарлары», «Жабайы аңдар», «Үй құстары» тақырыптарында қолдануға болады. Үнтаспадан тыңдату немесе бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып («Үй жануарлары», «Жабайы аңдар», «Үй құстары» дауысын айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол жануардың суретін көрсетеді);
7. Үстелде не жоқ? («Оқу құралдары», «Азық – түлік», «Киімдер» т. б.)
Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.Ойындар балалардың танымын, ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір - біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.Сондықтан бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде ойын түрлерін үнемі пайдаланып отыру керек.
Қорыта келгенде, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді:
Әр баланың шығармашылығы артады.
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады.
Баланың жеке қабілеті анықталады.
Бала топ жаруға ұмтылады.
Баланың ойлау қабілеті дамиды.
Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз.
Жоспар бойынша мерекелік іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі. Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.