С?з іспен к?рікті. Саба? жоспары


Мектеп: №46 ЖОББМ
Тақырыбы: «Сөз іспен көрікті»
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: уәдені орындау, тілалғыш болу, әдепті болу.
Мұғалім: Куанышкалиева А.С.
Сыныбы: 5Оқушылар саны: 21
Сабақтың мақсаты: сөзді іспен көрсете отырып, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларға берілген уәдені орындау туралы түсінік беру;
- Оқушылардың бойындағы тілалғыштық қасиетін дамыту;
- Оқушлады әдеті бола білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».Мұғалім: Рахмет. Балалар міне біз жағымды көңіл - күйге ендік, енді 5Т ұстанымын еске сақтай отырып, сабағымызды жалғастырайық. Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық. Ескертулер:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
50 беттегі № 15 сабақтағы И.Тоқаштың «Уәдешіл Алтай» әңгімесін оқып келуді тексеру.
Алтай берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсыздар?
Әлібектің досына реніші дұрыс па? Неліктен?
«Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіздер?
Сөзі мен ісі екі бөлек балалар кездесті ме? Қандай жаңдайда? Оқулық
ІІІ. Дәйексөз.«Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен».
А.Йүгінеки. Дәйексөзді 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға оқытамын.
-Сосын дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?. - Сөйлеу мәдениетінің қандай түрлерін білесіңдер? Оқулықтан алынған
ІҮ. Мұғалім сыйы.
Әңгімелесу «Жай бір адам» әңгімесі.
Көшеде бір ер бала мен қыз бала келе жатты. Олардың алдында мен сияқты бір әжей кетіп бара жатты.
Көше сондай тайғанақ екен. Әже тайып жығылып қалды, бала қасындағы қызға сөмкесін бере салып, өзі әжейді сүйемелдеуге жүгірді.
Ол қайтып келгенде, қыз:
-Бұл сенің әжең бе? – деді.
-Әжем емес, - деп жауап берді бала.
-Шешең бе? – деп таңданды қыз.
-Шешем де емес.
-Енді, танысың ба?
-Ешкім де емес, - деді бала күлімсіреп, - көшеде кездескен жай бір адам.
-Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің? Неліктен?
-Өзгелер саған көмектескенде не сезіндің?
-Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыздар?
-Саған қиындық кездескеде ешкім көмектеспесе өзіңді қалай сезінер едің? Интенет желісіндегі василий Сухомлинский аудармаларынан алынған
Ү. Шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.1. Диалог құру.
2. Мақал жазу.3. Әңгіме жазу.
«Мейірімді болайықшы ағайын» атты тақпақтарын айту. (Үйде жаттап келуге берілген). Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (кесте толтыру)Аялы сөздер, сыпайы сөздер, құрметті сөздер, жағымды сөздер жазып, әр біреуін атына сай арналған конверттерге салу. Топтық тапсырмалар.
ҮІ. Топпен ән айту
«Жас ұлан». Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі
Жас қырандай ұшарында
Кеудесін күш кернеген.
Балалықтың құшағында
Жас құрақтай тербелем.
Қайырмасы:
Балдай өмір,
Көлдей көңіл,
Өзендейміз тасыған.
Бала шақтан
Болашаққа
Қанат қаққан жас ұлан.
Тыныштықты жыр ғып шерткен,
Балалықтың тәтті үні.
Алтыннан да қымбат неткен,
Бұл күндердің шаттығы.
Қайырмасы:
Жырымыз да, әніміз де,
Таң мен түнді жалғаған.
Бақыттымыз бәріміз де,
Қызықтарға қанбаған. ҮІІ. Үйге тапсырма.
51 беттегі 16 тақырып. «Аманат» аңыз әңгімесін оқып келу.
«Түсіндім, Сұрағым бар, Түсінбедім» кестені толтыру. ҮІІІ. Сабақтың қорытынды сәті.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтіБаяу музыка ырғағы қойылады.Мұғалім жай дауыспен: Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!!Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды стикерге жазып «Даналық ағашына» ілулеріңізді сұраймын. Егер бүгінгі сабақ көңілдеріңізден шықса, оң қолдарыңызды көтерулеріңізді өтінемін.Сабақ аяқталды. Рахмет!