С?з іспен к?рікті саба? жоспары 5 сынып ?зін- ?зі тану п?ні


Бекітемін:
Сыныбы: 5 «В» Күні:05.12.2016Мұғалім: Наурызбай Жұлдызай Тақырып: Сөз іспен көрікті.Құндылық: сүйіспеншілік,ақиқат,іс-әрекет. Қасиеттер: махаббат,сөзге беріктік,әдептілік.Мақсаты: оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту•«Сөз іспен көрікті» деген сөзінің мағынасын ашу;•Өз сөзімен әрекеттеріне мінез – құлқына баға беру;• Өз-өзін тәрбиелеуге мүмкіндік жасау.Міндеті:
- оқушылардың өз ісіне, сөзіне, өз әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;- сабақ барысында материалдарды талдай отырып, сөз құдіреті, уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру. Ресурстар:
Оқулық, дәптер
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.Оқу құралдарына назар аудару. 5Т2.Тыныштық сәті«Күннің нұры» (5 минут)Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеіңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұрбағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.•Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?
Үй тапсырмасын тексеру:
«Уәдешіл Алтай» әңгімесін оқу•Алтайдың берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?•Әлібектің досына реніші жұрыс па? Неліктен?•Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?• «Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Жаңа ақпаратӨзінің ойына, іс- әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін, өзгені сыйлайды және сенімге ие болады.Ой мен істің бірлігі іс- әрекетте көрінеді.Ізгі ниет, ақ көңілмен берілген сөз- жақсы істің бастауы Сабақ барысын талдау:
3.Дәйексөз: Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен. Ахмет ЙүгінекиДәйексөздің мағынасын ашу.Сөздің мағынасын тану:Тұрақсыз – сөзіне жауапсыз.Кісі – адам.Жүзі – беті, көңілі.Төмен – көңілі түсіңкі. 4. Әңгімелесу.«Сиқырлы сөз» /Орыс әңгімесі/Бір ақсақал орындықта отырып, жерге қолшатырымен сурет салып отыр еді, жанына бір бала келіп:-Әрі жылжыңызшы ,-деп орындықтың шетіне отрыды.Ақсақал оның ашулы түріне қарап:-Саған не болды? -Болды, сізге оның не қажеті бар?,- деді Павлик оған қарап.-Маған ештеңе. Ал сен мұнда айғайлап, жылап, біреумен ұрсысып қалдың ба?-Тағы не, ренжи сөйлеп,жақында үйден қашамын ,-деді- Қашамысың?Неліктен?,деді ақсақал-Қашамын .Ленадан қашамын.-Павлик жұдырығын түйіп, маған бірде- бір бояу бермейді, өзінде өте көп.-Осыған бола қашамысың?-Жоқ,бұл ғана емес, ажем мені бір сәбіз үшін асханадан адам құрлы көрмей қуып шықты, ал ағам болса өзімен бірге қайықпен серуендеуге алып кетпейды.Мен оған: «Мені алып кет, мен бәрібір сенімен бірге барамын, керек десең қайыққа тығылып мінемін»,- дедім.-Ағаң неліктен сені өзімен бірге алып кеткісі келмеді екен?-Сіз неліктен сұрап отрысыз?-Саған көмектескім келеді.Сиқырлы сөз бар білемісің?Павлик таңырқай қарады.-Мен саған ол сөзді айтамын, тек сен оны жәй дауыспен, сөлсетін адамыңның көзіне қарап сұра, ұмытпа жәй дауыспен айт, - деп құлағына сиқырлы сөзді айтты.Бұл сиқырлы сөз, қалай айту керектігін ұмытпа, деді.-Ұмытпаймын, ұмытпаймын ,деп Павлик үйіне жүгіре жөнелді.Үйге барар жолда Ленаны көрді.Лена бояуларымен сурет салып отыр еді, Павликті көріп бояуларын тыға бастады.Павлик: Ақсақал мені алдады-ау, мынандай адамдар сиқырлы сөзді де түсінбейді ,деп, Ленаға маған бір бояу берші...өтінемін...,- деді.Лена тыққан бояуларын шығарып -Саған қандай түс керек,- деп сұрады Лена.-Маған көк түс керек ,-деді Павлик. Негізінде Павликке бояу керек емес еді ол тек сиқырлы сөзді ойлады.Енді әжеме барайын ,деп әжесіне барды. Әжесі бәліш пісіріп жатыр екен.Әжесіне күлімсірей қарап -Маған бір бәліш беріңізші...өтінемін... ,-деді.Әжесі қуана ала ғой, қалағаныңды ал,-деді.Павлик қуанып кетті.Сиқыршы,сықыршы,- деп қайталаай берді .Тамақ ішіп отырған кезде ағасына-Менде барайыншы өтінемін,-деді.Ағасы -Жарайды,саяхатшы бала, менімен барасың деді.Ішенен -Көмектесті, көмектесті,- деп қайталай берді Павлик.Орнынан атып тұрып орындыққа қарай жүгіріп барып еді, ақсақал кетіп қалыпты. Тек қолшатыры мен аяқталмаған жерге салған суреті ғана қалған.Талқылау сұрақтары:1. Қарт Павликтің қандай жүзін көрді?2. Павлик неге үйден кетемін деді?3. Қарт Павлике қандай сұрақ қойды?4. Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар? 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс./Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру./1. Сабаққа кешігіп қалған оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.2. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.3. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.  
6.Тапсырма орындау кесте толтыру.
Сөздер Толтыр
Аялы сөздер Сыпайы сөздер Құрметті сөздер Жағымды сөздер 7. Мақалдың жалғасын тап. 1. Уәдені бұзған —....бұзғанмен тең.(Ұяны)2. Жақсылыққа жерік кісі —....берік кісі.(Уәдесіне)3.Сөз тапқанға .... жоқ. (Қолқа)4.Шешеннің сөзі — мерген, ... көзі — мерген.( Шебердің)5. Мақал — ... атасы,Уәде — ердің опасы.( сөздің) 8..Топпен ән айту. “Қазақ елі”әні
Әні:Жарылқасын Дәулет,сөзі: Несіпбек Айтұлы
1.Көңілі көлдей шалқығанҚазақтай ел қайдаДаласы жусан аңқығанӨзіңдей жер қайдаКиелім2.Таусылмас саған айтарымАрдақтап өтейінБабадан қалған байтағымСадағаң кетейінКиелімҚайырмасыКүлімдеп жатқан көлденКөк орай шалғын белден Құбыла соққан желден Айналайын Тілегін тәңір бергенҚасиет қонған елден Ел үшін туған ерденАйналайын 3.Болмасаң өзің айбарымМұратқа жетер ме еңТүспесін төмен байрағыңТөбеңе көтергенКиелім4.Ғасырлап күткен арманғаТербеген асқақ әнҰлыңа Алла жар болғайЕлімді бастаған КиелімҚайырмасыКүлімдеп жатқан көлденКөк орай шалғын белден Құбыла соққан желден Айналайын Тілегін тәңір бергенҚасиет қонған елденЕл үшін туған ерденАйналайын 
9.Үй тапсырмасы. “Аманат” әңгімесін оқып келу,51 бет  10.Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жәй дауыспен:- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.