Поурочное понирование по самопознанию на тему ?зін ?зі тану белестері (4 класс)
Бекітемін:
Оқу ісі жөнінде директор орынбасары:Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Жаңатұрмыс негізгі мектебі
Мерзiмі: 05.09.2015 жыл
Сабақтың №: 1 сабақ
Тақырып: Өзін-өзі тану- белестері
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: сүйіспеншілік, қиянат жасамау
Мұғалiм: Айбасова Сая Ертустиковна
Сынып: 4
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылығқтары туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
4 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру
Адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
Сыйластыққа, кішіпейлділікке, ізгілікке тәрбиелеу Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену Баяу әуен
Шаттық шеңбері: - Қош келдіңіздер, балалар! Міне жазғы демалысымыз аяқталып,жаңа оқу жыды басталды. Балалар, енді сендер 4ші сынып оқушысыңсыңдар. Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қостыңдар. Сендердің ойларыңның тереңдеп, ақылдарыңның өскеніне мен сенемін. Ал бүгін сол ойларың мен ақылдарыңды өмірде қолдануға көмектесетін өздеріңнің сүйікті пәндеріңнің бірі өзін-өзі танудың осы сыныптағы алғашқы сабағын бастаймыз. Өйткені өзіңді, өмірді, айналаңды танып білуде көмекші болатын өзін-өзі тану сабақтары сендерді асыға күтіп отыр. Әңгімелесу
Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
3-сыныпта «өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендеріңді естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Сыныптастарыңның бойларынан қандай өзгерістер байқадыңдар? Оқиға немесе әңгіме айту: Е.Өтетілеуов «Мақтай неге мақталар?»
Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?
Жазғы демалыс кезінде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар? Ойын Балалар дөңгелене отырады. Мұғалім «алтын сақаны» балалардың біріне ұсынады.ол жанындағы отырған баланың жақсы қасиетін айтып мадақтайды да, алтын сақаны оның қолына ұстатады. Ол сақаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: Әсел, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды. Ербақыт сен мейірімді ұлсың.
Әрі жылдам, әрі құрбысының жақсы қасиетін дәл айтқан оқушы жеңімпаз атанады. Мәтінмен жұмыс аңыз «Екі дос және қария»
Неліктен адамдар екіншісі туралы естеріне алмады деп ойлайсыңдар?
Екі достың әрекеттеріне деген көзқарастарың қандай? Дәйексөз: «Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану»
Бернар Фонтенель
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай ой түйдіңдер?
Адамның бәрі анадан туғанда бірдей болып болып дүниеге келеді. Оның жақсы болуы да, жағымсыз болуы өз қолында, оның өзіне, өзгелерге, өмірге, айналасына деген қарым-қатынасынан туындайды. Адам осындай білімдерге өзін-өзі тану арқылы қол жеткізе алады. Сондықтан өзіңнің қандай екеніңді білу үшін-өзіңнің әрбір сөзіне, іс әрекетіңе баға бер. Жаңа ақпарат. Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдіріс. Ол адамның өзін-өзі, өзінің жан дүниесін таным білуіне, түрлі өмір белестерінн жаңылмай өтуіне көмектеседі. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазыңдар Топпен ән айту. «Керек» Музыкасы
Үй тапсырмасы: 2 сабақтағы «Құштарлық» Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік, бір сәт ойланайық, осы түйгендерімізді жүрегімізге сақтап алайық.