Конспект урока казахского языка в 3 классе на тему: Спорт. Денсулы? — зор байлы?.


Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту.
2. Дамытушылық. Жаңа тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетімен, топта жұмыс жасауға бағыттау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: спорзалдағы жабдықтардың суреттері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
IV. Сөздік жұмысы.
денсаулық зор байлық
пайда зиян
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
V. Тақырыпты түсіндіру. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі, денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы айтады.
VІ. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Суреттерді пайлана отырып оқушылар «Денсаулық – зор байлық» тақырыбына топтарда кластер жазады. Әр топ өз жұмысын көрсетіп, қорғайды.
2-тапсырма. Әр топ бір тақырыпқа сөйлемдер құрастырады.
3-тапсырма. Өлеңмен жұмыс ұйымдастыру. Мәнерлеп және тез оқу сайысын өткізу.
Денсаулық - ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық -ол тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық -ол күлуің, Көңіл-күйің жадырай. Денсаулық - ол жүруің, Ешқандай жерің ауырмай! 
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Тақырып бойынша « Блиц-сұрақтар» атты ойын ұйымдастыру.
1)Тіс тазалайтын құралдар?2) Ол судан қорқады, кір одан қорқады.3) Денсаулыққа пайдалы сабақ.4) Дәруменге бай?5) Денсаулық қандай байлық?6) Дене тәрбиесі сабағында жасаймыз.
5-тапсырма. «Дұрыс-бұрыс» кестесімен жұмыс. Дұрыс сөйлемдерді дәптерге жазып алады.
Сөйлемдер дұрыс бұрыс
Жемістер денсаулыққа зиянды. Күнде жаттығу жасау керек. Күн тәртібін сақтау – денсаулыққа пайдалы. Дене тәрбиесі сабағында жүгірмейді. Дене тәрбиесі сабағында футбол ойнаймыз. 6-тапсырма. Қай заттың орны алмасты? Суреттердің ретін есте сақтап, ауысқан суреттерді табады.
7-тапсырма. Біліп ал. Қызықты мәліметті оқып, есте сақтау.
Денсаулық ережелері: 1) Дұрыс тамақтану. 2) Тәулігіне 10 сағат ұйықтау. 3) Таза ауада көбірек жүру. 4) Тазалықты сақтау. 5) Спортпен шұғылдану. 6) Апта сайын моншаға бару. 7) Тамақты шамадан тыс тойып ішпеу. 8) Тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу. 9) Күніне 2 рет тісті тазалап жуу. 
VI. Сабақты бекіту. VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.VIII.Үй тапсырмасын беру.