?лемні? а?паратты? бейнесі, а?паратты? ж?йелер ж?не ресурстар 10 класс
Сабақ жоспары
№2 сабақ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
Сыныбы: 10 сынып күні________ ___________
Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Сабақ мақсаты: а) Жаңа тақырыпты түсіндіпу, әлемнің ақпараттық бейнесіне, ақпараттық үдерістеріне, ақпарат жүйелері мен ресурстарына, білім беру ақпараттық ресурстарына түсінік беру
Б) Логикалық ойлау қабілетін дамыту
В) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:Слайд шоу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ типі:Тәжірибелік элеменрті бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру
III. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі
Теория
Ақпарат-адамнан да ерте туған құбылыс
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және кибернетикалық.
. Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты.
. Семантикалық деңгей (тезарус) мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
.Кибернетикалық деңгейде ақпарат, нысанның жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай –ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады.
Ақпараттану (информатика)-дербес компьютер арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз-бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлуматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
IV. Бекіту кезеңі
Тапсырма:
Өздерің бір ақпарат ойластырасыңдар. Оны ғаламторда басқа қолданушыға жіберіңдер немесе мектеп сайтына орналастырыңдар. Суреттеріңді сканерлеңдер
V. Қорытынды кезең
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не үйрендік?
VI.Бағалау кезеңі
Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.
VII. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу.
Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.