Психологиялы? тренинг Денсаулы?ы с?биді? ?уанышы ?р ?йді?
Тақырыбы: «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата – аналар мен тәрбиешілердің жауапкершілігін арттыру, қарым-қатынасын жетілдіру.
Қатысушылар: ата – аналар, тәрбиешілер, бала.
Керекті құралдар: доп, А4 парақ, қалам, таңба, ұран жазылған парақтар.
Тренинг барысы:
Танысу, шаттық шеңберін құру.
«Досымның қолы» жаттығуы
Ой қозғау
Кездейсоқ жағдайдан шығу
«Зағип және бағыттаушы» жаттығуы
«Еркелете білесіз бе?», «Менің таңбам»
«Ұранымыз»
Рефлексияя
Қорытынды
Танысу, шаттық шеңберін құру.
«Өрмек» жаттығуы
Бұл жаттығу топ мүшелерінің ұйымшылдығын қалыптастыруға арналады. Жаттығуды орындау үшін шиыршық жіп қажет болады. Еденде отырып орындаған ыңғайлы. Қатысушыларға шеңбер құрып отыру қажет. Ойын бастаушы шиыршық жіпті алып, өзі туралы ақпарат айта отырып, жіптің бір ұшын қолына қыстырып қалуы тиіс. Шиыршықты келесі қатысушыға береді. Нәтижесінде тренингке қатысушы барлық мүшелер « өрмектің торында» қалады.
«Досымның қолы» жаттығуы
Жаттығудың өту барысы: Біз сіздермен бірлесе отырып үлкен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Досымның қолы» жаттығуын ұсынамын. Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қоюы қажет. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс.
Ой қозғау. Ата –аналарға сұрақ
Балаңыздың балабақшада тәрбие, білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
Баланың білім алуына, тәрбиелі болуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?
Балабақшадан келгенде көңіл – күйіне мән бересіз бе?
Балаңыздың достарын білесіз бе?
Тәрбиешілердің жұмысына көңіліңіз тола ма?
Тәрбиешілерге сұрақ
Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?
Баламен қарым – қатынаста ата – ананың қызметі сіді қызықтыра ма?
Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?
Күнбе күнгі өткізілетін жұмыстарыңызда баланың көңіл – күйіне мән бересіз бе?
Балаларға сұрақ
Сен тәрбиешілердің, ата – анаңның айтқанын тыңдайсың ба?
Топтағы балалардың ішінде досың бар ма?
Балабақшаға барған саған ұнай ма?
Кездейсоқ жағдайдан шығу.
Ата – аналарға:
-Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз, бірақ балаңыздың жат әрекеттерге
бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз?
-Кейбір ата – аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне
көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып
жатқанын байқаймыз. Бала әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Тәрбиешілерге
-Сіз топты тыныштандырып, тапсырмаларды бастап кеттіңіз. Бір
уақытта бала ештеңе айтпастан орнынан тұрып ойыншықтармен ойнай
бастады, сіздің реакцияңыз?
-Сіз ашық сабақ өткізіп жатырсыз. Кенет есікті жұлқи ашып бала, ата –
анасымен сабаққа 15минут кешігіп келді. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?
5.«Зағип және бағыттаушы» жаттығуы
Бұл классикалық ойындарды барлық жастағы топтармен өткізуге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір - біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Топ мүшелері екі – екіден жұптарға бөлінеді.Біреуінің көзі байланады.
Екіншісі соны бағыттаушы рөлін атқарады. Сөйлеуге болмайды.
Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар рөлдерімен алмасады. Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:
Зағиптың рөлінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?
Бағыттаушы сізді қалай алып жүрді?
Бағыттаушының рөлі ұнады ма?
Жұптасыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?
Сізді алып жүрген ұнады ма, жоқ, әлде сіздің басқаны алып жүргеніңіз ұнады ма?
6.«Еркелете білеміз бе?», «Менің таңбам»
Ата – ана мен тәрбиешілер ортаға шеңбер болып тұрып,бір – біріне доп
беру арқылы еркелету сөздерін айтады.Ата – аналар ақ қағазға қолдарының таңбаларын салады.
7.«Ұранымыз»
Ұран жазылған парақ ұсынамын. Бүгінгі тренингімізді аяқтамас бұрын,
сіздерге ұран жазылған парақ ұсынамын.
Бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. «Адам» деген қасиетті жоғары ұста,сіздің қолыңыздан бәрі келеді.
Азамат,білім ал жүрме бос,
Адам бол,Еңбек ет, Білім ал
Талап қыл, артық білуге.
8. Рефлексия
1. Бүгінгі тренингтен өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар? Сіздерге не ұнады, не ұнамады?
2. Қалай ойлайсыздар, ұран нашар көңіл – күйді, өз күшіңе сенімді болуға көмектеседі деп ойлайсыз ба
3. Бүгінгі тренингтен не алдыңызар?
9. Қорытынды кезең
Қорытынды кезеңнің мақсаты – тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірибелерін жинақтау, ата – аналар өзі баласы және тәрбиешілері туралы ойларын бекіту болып табылады.