Ы??айлас салалас 8 сынып


lefttop8-сынып
Сабақ тақырыбы:  Ыңғайлас салалас құрмалас
сөйлемСабақ мақсаты:  Б) құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету.Д) Оқушылардың ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту. Т) Топ алдында еркін сөйлей білуге,
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  СТО, тілдік талдау,іздендіре
оқыту, тест жұмысыСабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық картаПәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, география, қазіргі өмір
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп сабаққа қатысуын қадағалау.
ІІ. Кіріспе.
А) Сыныпты үш топқа бөлу; (Әліпби реті бойынша)
Ә) Елбасы Жолдауынан түсінік беру («Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» )
Б) Өзін- өзі бағалау критерийлерін ұғындыру;
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
Берілген тапсырмалар бойынша алған білімдерін тексеру.
1-топ “Болашақ+І.с энергия+т.ж.III” ат+ cы.т.ж. өзек+cы.т.ж. тақырып+т.с ұсын+т.е+ т.ж.I.көпше жеңіс+б.с жет+т.е + т.ж.I.көпше +б.с көмек+ет.т.ж.+ж.ө.ш.
2-топ Қазақстанның елордасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды. (Формулсы бойынша орналастыру)
3-топ Қосымша түрлерінің санын анықтау
Қазақстан Президенті еліміз осы жауапты миссияны атқарып шығатынына сенім білдірді. 
Жай сөйлемдер құрап, құрмалас сөйлемдерге айналдырыңдар. (Лицей тынысы )
1-топ 2-топ 3-топ

“Кітап оқу” жарысы “Ғылыми жоба” жарысы Қазақ тілі сабағы Жаңа сабақ тақырыбына негіздеу.
Сабақ тақырыбын өздері ашып, жасалу жолын түсіндіреді.
    Оқулықпен жұмыс 146-жаттығу
Кестеде көрсетілген бағдар негізінде жай сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырыңдар.
Жалғаулықты Жалғаулықсыз
Семантикалық карта
Мысалдар Ыңғайлас Қарсылықты Себеп-салдар Кезектес Талғаулы Түсіндірмелі
А Ә Б В Г Ғ
1.Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым 2.Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады 3.Дастан ұзақ жүре алмас, аяғы ауыратын еді 4.Мен біресе сағатқа қараймын,біресе сыртқа шығып жол қараймын 5. Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды. 6.Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын айқайлады 1054104293235
147-жаттығу Сын тұрғысынан ойлау
“Алтын сақа” ертегісі бойынша ойыңды ыңғайлас құрмалас сөйлемдермен жеткізуге тырыс.
I топ Ертегі неліктен “Алтын сақа ” деп аталған? Ұнады ма және ертегінің қай түріне жатқызамыз?
II топ Жалмауыз кемпірден құтылған бай өз баласын көште қалған сақасына жібермеуге болмас па еді?
III топ Жау қолына түскен балаға қарға да, үйректер де көмек бермейді, алайда қарлығаш құстың көмегімен еліне аман оралады. Неліктен?
148-жаттығу Ізденіс жұмысы
“Бөрітастаған” атауы туралы не білеміз? Айтар ойыңды күрделендіре жеткіз.
38563556624320Ойлан, тап! Жасырылған сөйлемді табыңыз.
Баяндауышы сұраулы түрдегі “игеру” сөзінің өткен шағында берілген синонимі, бастауышы көпше түрде берілген жіктеу есімдігі (I жақ), толықтауышы салт етістіктің сыңары, анықтауышы “ескі ” сөзінің антонимі, пысықтауышы “бұл күн” сөдерінің кіріккен формасы.
Жауабы
Біз бүгін жаңа сабақты меңгердік пе?
Сабақты қорыту
Білетінім Білгенім Білгім келеді
Біліміңді сына Тест сұрақтары. 
Үй тапсырмасы: 149- жаттығу “Менің сыныптас достарым” тақырыбында ыңғайлас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып ой -толғау жазу.
Бағалау.   Оқушылардың бағалау парағы бойынша қорытынды бағасы қойылады.
Талдықорған қаласының қазақ- түрік жасөспірімдер лицей-интернаты
қазақ тілі пәні мұғалімі Ордабаева Сандуғаш Нұриманқызы
.