Ы??айлас салалас ??рмалас с?йлем ашы? саба?


Күні: 9.01.2017
Сынып: 8
Сабақ: 4 Оқу ісінің меңгерушісі: .................... П.А.Абдыгаликова
Барлық оқушылар: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары: Салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі ыңғайлас салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын түсініп біледі.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Жаңа білімді түсінеді.
Тапсырмаларды жалпылама түрде орындайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыпты меңгереді, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар:
Күнделікті өмірде қолданады, байланыстырады.
Тілдік мақсат: Оқушылар
Түрлі әдістер арқылы сөйлеу тілі мен жазба тілі жетіледі.
Жетістік критерийлері Негізгі мәселеге көңіл бөледі.
Сабақ барысынды сауаттылық дағдылары қалыптасады.
Құндылықты дарыту: Оқушылардың жүйелі ойлаулары жетіледі.
Құнды пікір қалыптасады.
Бір-біріне баға бере алады.
Сыни ойлауды үйренеді.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінің аудару үшін «Менің қасиетім» атты ойын өткізу. (Оқушыларға үш түстен тұратын қолдың суреті берілген, әр оқушы бас бармаққа өз атын жазады да қасындағы көршісімен алмасады. Қасындағы көршісі ол бала туралы ойды, қалған төрт бармаққа жазып, өзіне береді. Жазып болған соң әр бала өзі туралы жазылғанды оқиды және осы қолдардың түсі арқылы үш топқа бөлінеді.) Топқа бөліну
Сабақтың басы
Үй жұмысын тексеру (6 минут) 214-жаттығу. Берілген жалғаулық шылауды қатыстырып, салалас құрмалас сөйлем құраңдар.
Түрлері туралы оқып клеу. Ортасы
(12 минут)
Тілдік талдау
(10минут) № 1 Айтылым. 1. Ой қозғау. Тірек сызбамен жұмыс жасау. Балалар, сөйлемдерді бір арнаға тоғыстырғанда қандай күйге ұшырайды? Құрмалас сөйлемге айналады. Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? Синтаксис Қандай түрлерімен таныстық, кім айтады? Синтаксис. Сөйлем мүшелері. Сөз тіркестері, байланысу тәсілдері мен түрлері. Құрмалас сөйлемдер. Ой шақыру.Көрші ойыны пысықтау. Бір топ берілгенін оқыса, екінші топ ары қарай жалғастырады.а) Құрмалас сөйлем дегеніміз …………………………………ә) Белгілері қандай? …………………........………………..б) Орыс тіліндегі баламасы……………………………………в) Құрмаластың түрлері............................... ………………….ІІІ Мағынаны тану.Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге жетелеуші тапсырмаларды орындату.А) қазіргі болып тұрған құбылысты сөйлеммен келтіреді. Сол арқылы аңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасалады. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі мағыналық қатынаста болады. Соған орай оның 6 түрі бар.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.
Ыңғайластық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарай ыңғайлас салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.
1. Жалғаулықсыз ы.с.
А) Бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Мыс: Шай ішілді, тамақ желінді.
Ә) Әр мезгілде, яғни бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Мыс: Тұмарбай ағамыз қонаққа шақырған еді, Гаухар екеуміз соған бардық.
2. Жалғаулықты ы.с. және, да, де, әрі жалғаулықтары арқылы жасалады.
Мыс: Дарын домбыраны қағып-қағып жіберді де, Әлмеш «Бозторғайды» бастап кетті.
Енді әрі ағаштар да шірімейді, әрі біраз жер үнемделеді.
Асқар онша әнші жігіт емес еді және оның даусы да қоңыраулы болмайтын.
Көмірдей қара мұртын ширатып қойыпты әрі жаңа шығып келе жатқан шоқша сақалы бар.
Ескерту. Және шылауы қайталанбай қолданылады, одан кейін және әрі шылауы қайталанбай қолданылғанды үтір қойылмайды, да, де, та, те және әрі жалғаулығы қайталанғанда үтір қойылады.
3) (Балалар өздері қорытынды жасайды).-не себепті екіге бөлінеді?-Неліктен?Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз ыңғайласа, салалас сөйлем. Кітаптан берілген мағлұматты оқимыз, қалай жасалатынын сызбаға түсіріп, мысал арқылы дәлелдей отырып түсіндіріп береміз. (Мұғалім өзі балалармен бірге талқылап, сабақтың негізгі мақсатына жетеді).
Кері байланыс жасайды. Алған ақпаратым, алып тастарым. (Ауызша жүргізіледі). №3 Жазылым
226-жаттығу. Мәтінді оқып, салалас құрмалас сөйлемді атаңдар.
228-жаттығу. Кестеде берілген бағдар негізінде жай сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырыңдар.
Постер, маркер, стикер.
Топтастыру.
Оқулық, дәптер
Аяқталуы
(8 минут) Салыстыр:
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем Ұқсастықтары Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Бір сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Да, де, та, те, және жалғаулықтары арқылы жасалады Күрделі ой айтылады, бір-біріне мезгілдес мәнді екі жай сөйлемнен құралады.
Оқушыларды бағалау
(2 минут) Топ басшысы мен өзін-өзі бағалауына сәйкес мұғалімнің ортақ бағасын шығару.
Үйге тап-сырма: (2 м) 231-жаттығу. Ыңғайлас салаластарды теріп жазыңдар. Күнделікке түртіп алу.
Рефлексия
(2 минут) Ұнағаны мен ұнамаған тұстарын жазу. (оқу) Қима қағаздары
Рефлексия
Оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... ...................................................................................................................................
Қорытынды бағалау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқу) ?
...................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту мен оқу)
...................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіругекөмектесетін не білдім?.......................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем Ұқсастықтары Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем