Урок по биологии на тему Буыная?тылар типі (7 класс)
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияныБиология 7 - сынып.Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типі.Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны.Білімділік мақсаты: Бунақденелілердің алуан түрлілігі туралы білім қалыптастыру.Олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейтуДамытушылық мақсаты: Оқушыларға бунақденелі жәндіктердің түрлері туралы білім береотырып, олардың құрылысын, қоректенуін, дамуын түсіндіру.Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттағы маңызына тоқтала отырып, жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.Әдісі: Жаңа білім меңгерту.Түрі: Әңгіме, сұхбатКөрнекілігі: Интерактивті тақта, жәндіктер суреттері, кесте, тірек - сызба.
Сабқтың барысы: 1. Ұйымдастыру.2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау.3. Жаңа сабақты түсіндіру. Қорытындылау.4. Үйге тапсырма5. Оқушы білімін бағалау
.І - кезең: «Ой қозғау»
Үй тапсырмасы.1. Тип неліктен буынаяқтылар болып аталған. Буынаяқтылар типінің кластарын ата.2. Шаянтәріздестер класы3. Өрмекшітәріздестер туралы не айтасың.4. Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері5. Буынаяқтылар типінежататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.Үй тапсырмасын қорытындылау.(Сонымен балалар, буынаяқтылар типінің қандай кластары бар екен).Ерекшеліктері --------------------------------------------- Шаршылы өрмекші ------------ Өзен шаяны1. Денесі баскөкіректен және құрсақтан тұрады.2. Денесі қалың хитинді жабынмен қапталған3. Хитнді жабыны өте жұқа4. Екі мұртшасы болады5. Мұртшалары жоқ.6. Жүруге арналған аяқтары бес жұп7. Жүруге арналған аяқтары төрт жұп.8. Көздері күрделі құрылысты.9. Көздері қарапайым құрылысты.10. Тынысалу мүшесі - желбезек11 Тынысалу мүшесі - демтүтік.12. Құрсағында аяқтары бар13. Құрсағында ешбір аяқ орналаспайды14. Зәр шығару мүшесі - екі жасыл без15. Зәр шығару мүшесі - мальпигий түтігі
«Сәйкесін тап» Буынаяқтыларды кластарға бөліп орналастыр.
Шаянтәріздестер Өрмекшітәріздестер
1. Көбеклек, 2. Құршаян. 3. Кене. 4. Қағысшаян. 5. Омар. 6. Шыбын. 7. Шегіртке.8. Циклоп. 9.Баларасы. 10. АсшаянБуынаяқтылар типі1) Шаянтәріздестер2) Өрмекші тәріздестер3) Бунақденелілер11 - кезең: Ойды іске асыруСабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіБунақденелілер класы.Бунақденелілердың дамуы және пайда - зияныБунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бунақденелілер – ғаламшардың кез - келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептелінеді. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардыңбасқа буынаяқтылардан негізі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар;Бас, көкірек, құрсақ.Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасқан. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілердемтүтік (трахея) арқылы тыныс. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Бұлшықет жүйесі күрделі. Бунақденелілер Қандала Биттер МасаБұзаубас Дәуіттер БүргеШегіртке Құмырсқалар ШыбындарЗұламат Баларалар СуаршынСуқандала Көбелектер Қоңыздар ТарақандарБУНАҚДЕНЕЛІЛЕР↓Жер бетінде жорғалап (қоңыз, құмырсқа, тарақан)Топырақ астында (бұзаубас)Ауада ұшып (шыбын, маса, көбелек, инелік)Суда (суаршын, су қандала, су шалқақ, зұламат)Адам мен жануарда паразиттік жолмен тіршілік етеді(бүрге, бит, қандала)Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы:Сүзіп жалаушы - шыбынШаншып - сорушы - Маса, орман қандаласыКеміруші - Тарақан, қоңыздарКеміріп - жалаушы - БалараСорушы - КөбелекСезім мүшелері жақсы жетілген. Дара жынысты. Зәр шығару мүшесі - ішекке ашылған мальпигий түтікшелері. Бунақденелілердің дамуыТура даму Шала түрленіп даму Толық түрленіп даму(Аққұйрық, камподея) (қандала, шегіртке, (маса, шыбын, ара) тарақан,инелік,бит)
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.Тура даму: Жұмыртқа --- имаго.Шала түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- имаго.Толық түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- қуыршақ --- имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго – ересек жәндік. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталадыАл жануарлардың мінез - қылығын зерттейтін ғылым - этология деп аталады.Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен роль атқарады.Бунақденелілердің пайдасыӨсімдіктерді Тозаңдандырады (көбелек)Топырақтарды түзуге қатысады(көңқоңыз)Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін зиянкест. жою.(шаншар, қанқыз)Баларалар адамға бал ж/е балауыз бередіЖібек көбелектерінен жібек алынадыДаладағы, ормандағы жануарлар өлексесімен өсімдіктер шіріндісімен қоректенеді (қоңыз)Паразиттік тіршілігіменБунақденелілердің зияны↓УлылығыменАуыл шаруашылығына дақылдарын, бүлдіруАуру таратқыштығыменТүсімін кеміту, жайылымдар бүлдіру.Көкқасқа шегіртке өте қауіпті, зиянкес жәндік. «Шегірткелер егін жер, екпей - сеппей тегін жер» деген мәтелді халық бекер айтпаған. Аналық шегіртке құрсағының ұшында қысқа жұмыртқа салғышпен топырақты шұңқырлап ерекше безден бөлініп шыққан көбікті затпен бірге сол жерге жұмыртқа салады. Бөлінген зат жұмыртқаларды бір - біріне жабыстырып, шұжық пішінді қоймақалта түзеді. Жұмыртқалар қоймақалтада қыстап шығып, одан көктемде дернәсілдер дүниеге келеді. Дернәсіл қанатсыз болады, сондықтан оны жаяушегіртке деп те атайды. Дернәсілдер бірнеше рет түлейді де, топтасып тіршілік ете бастайды. Дернәсілдер тобы жаушоғыл деп аталады. Дернәсіл бесінші рет түлеген соц ересек шегірткеге айналады. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып - типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсіл жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.«Шегірткеден қорыққан егін екпес»демекші, қол қусырып қарап қалмай, олардан қорғану шараларын жасау керек. Ең алдымен олардың қоймақалтасын құрту керек. Ол үшін шегірткелер дамитын су сағаларын құрғатып жыртады. Сол жерден терең ор қазып, жаяушегірткелер ұша алмайтындықтан сол орға түсіріп жоюға болады.Дәптермен жұмыс: (термин сөздердің мағынасын түсініп алыңдар)ИМАГО - ТРАХЕЯ -ЭНТОМОЛОГИЯ - ЭТОЛОГИЯ -Сергіту сәті Жұмбақ шешу.
Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз.1 тапсырма: Бунақденелілерге тән белгілерді ірікте және берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жауабыңды сызбаның ұяшықтарына жаз.1) Денесі қандай бөліктерден тұрады? 2) Бунақденелілердің аяғы нешеу?2) Бастарында қанша мұртша бар? 4) Көкірегінің арқа тұсында не орналасқан?5) Бунақденелілер қандай мүшесі арқылы тыныс алады? 6) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?2 тапсырма: «Бунақденелілер – ауыз мүшесі» сәйкестігі бойынша ірікте.1) шыбын; 2) саратан қоңыз; 3) қабықжегі; 4) маса; 5) бал арасы; 6) көбелек;7) қандала; 8) бүрге; 9) орамжапырақ ақ көбелегі.3 тапсырма: Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз және оларға берілген тізімнен мысалдар ірікте.1) Инелік; 2) саратан қоңыз; 3) көк шегіртке; 4) көбелек; 5) шыбын; 6) маса; 7) құмырсқа; 8) шегіртке; 9) тарақан; 10) бал арасы.III – кезең. Қорытынды. Постер қорғау. Бунақденелілердің пайдасы мен зияныОқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма параграф47. Бунақденелілердің дамуы пайда – зияны.Құмырсқа илеуінің құрылысы туралы хабарлама дайындау.