Шы?армашылы? жоба.??ра? тігу технологиясы Нургалиева А?н?р ж?мысы


«Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы» тақырыбында
республикалық интернет-байқау.
«Құрақ тігу өнері» номинация.
Құрақ көрпе тігу .
Орындаған: Нургалиева Ақнұр Әділбекқызы.
5«Б» сынып оқушысы. 11 жас.
Жасалған уақыты: 5 наурыз2016 ж.
8359544037Жоба жетекшісі:
Шапанова Марзия Башарқызы
технология пәні мұғалімі санаты жоғары.
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектеп
Сырым ауданы БҚО

Құрақ өнері қазақ халқында және әлемнің басқа халықтарында да дамыған. Мысалы, орыс халқында «лоскутная мозаика», Европа халықтарында «пэчворк», Жапон халқында «сашико» деп аталады. Мата қиындыларынан тігілген бұйымдар ерекше сәнді болып көрінеді: бұл – көрпелер, тұтқыштар, перделер,сөмкелер және т.б. Мен құрақ тігуді «Шебер қолдар» ұйірмесіне қатысып үйрендім.
Шебер біздің атамыз,
Шебер біздің анамыз,
Шебер біздің бабамыз,
Бізде шебер боламыз!

Бірінші кезен мата таңдау. Мен қызыл және көк мата тандадым, себебі мен мынадай жауқазын құрағын тігіп үйренуге қызықтым.Құрал-жабдықтар мен материалдар: ине-жіп, қайшы, қима үлгісі, сызба сызу үшін сабын қалдығы, тігін машинасы, үтік.

Қағазға қиып алынған үлгі бойынша матаны сызып шығамын.

Үлгінің сыртынан тігіске орын қалдырып екінші сызық бойынша матаны қиып аламын.

Дәл осы әдіспен көк матадан шаршылар қиып аламын.

Бір шаршыны екіге бөлемін, құрастырғанда мынадай сурет шығады, енді тігуге кірісуге болады.

Бірінші көктеп алу керек, машинамен тіккен кезде жеңіл болады.

Көктеген сызық арқылы машина тігісімен бекітемін.

Тігісті айыра үтіктеу керек.

Бөлшектерді орта сызық арқылы біріктіріп шығамын. Алғашқы құрағым мынадай болып шықты, әзірше жаман емес.

Төрт шаршы құрағын тігіп шықтым , енді оларды бір-біріне құрастырып тігіп шығу керек.Ол үшін көк матадан 5 см жалпақтықта жолақтар қиып аламын.

Шаршыларды бір-біріне қосып тігіп шықтым.Айналасына да тегістеп жолақтарды тігіп, үтіктедім.

Астарлық матаны тігіп, үтіктегеннен кейін көрпе қабы дайын болды. Алғашқы құраған бұйымымды анама сегізінші наурызға силаймын.
Өнерлі болып шеберлікке жету үшін не қажет? Үлкен ізденіс, тынымсыз еңбек, таудай талап, дарындылық,іскерлік, білімділік, табандылық қажет екен. Абай атамыз айтқандай «Бес дұшпанның бірі- ысырап» болса, бұл жұмысым да ысырапшылдыққа жол бермеу бағытында жасалды. Жоқты бар, азды көп етіп бабаларымыздың ата мұрасын жалғастыру керек.
Құрақ көрпе тігу қызықты,көп уақытты алады.
Бірақ соңына жеткенде, керемет болып шығады.
Қия алсаң маталар әдемі,үйлессін оған көлемі.
Болуымен үндескен, құрақ көрпе әсем түр-түспен.
Бұйымдар мен заттарды, сәндеу үшін құрайды.
Қиын да болса қиналмай, мен де үйрендім құрақ құрауды