Технологиялы? карта Воспитательница Булекбаева Гулнас


Оқу іскерлігінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру облысы: Әлеуметтік орта
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің жақсы көретін ойыншығым
Мақсаты:
1 Өз ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға, сұрақ-жауап әдісі бойынша диалог түрінде сөйлесуге үйрету
2 Дұрыс сөйлеуге, сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.
3 Ұжымдылыққа тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: Әр-түрлі ойыншықтар, жұмбақ ойыншықтар, көрнекіліктер.
Билингвалды компонент: Ойыншық-игрушка, ұшақ-самолет,түйе-верблюд.
Іскерлік сатысы Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қоздырушы Балалар, қане дөңгеленіп шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбер:
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қай ай?
-Күз мезгілінің ерекшелігін ата.
-Балалар ,біреу қонаққа келген сияқты,қане көрейікші.
Топқа секіріп қоян келеді (ойыншық) -Армысың, шапағатты күніміз.
-Армысың, мейірімді жеріміз.
-Армысың, Табиғат анамыз.
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
Балалар бірге шаттық лебіздерін айтады.
-Қазір күз мезгілі.
- Қазір қараша айы.
-Ауа-райы суық, жапырақтар жерге түсіп жатыр.
-Сәлеметсің бе, қоян.
Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау -Балалар бұл қоян ,жәй қоян емес, сиқырлы қоян екен, ол өзімен үш тапсырма алып келіпті-қане, орындаймыз ба?
1. «Сұрақ-жауап»
-Балалар сендерге қандай ойыншық ұнайды?
Ойыншықтар қандай материалдан жасалған?
2. «Жұмбақ жасыру»
1. Қонса аяғы көп
Ұшса аяғы жоқ .
Ол не?
2. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Келген қонаққа өте қуанады. Тапсырманы мұқият тыңдайды.
Ойыншық-игрушка. Қуыршақ , машина, доп, поезд, ұшақ т.б. Толық жауап беруге тырысады.
Пластмассадан, темір, ағаш, жұмсақ шүберектен.
Аспанда ұшатын ұшақ , ұшақ-самолет.
Ол далада жүретін түйе,түйе-верблюд.
-Дұрыс айтасыңдар.
3. «Тақпақ»
«Ойыншықтар»
авторы Әлімқұлов
Біздерде бар қуыршақ,Бұзау, қозы, құлыншақ.Ойыншықтар тыңдайды,Емес олар ұрыншақ.Қуыршақтар ұйықтайды,Айтқаныңнан шықпайды.Бұзау, қозы мен құлыншақҰйықта десең ұйықтайды.Сергіту сәті:
Ойын «Не екенін тап?»Мен бір ойыншықты сипаттаймын, сендер ол не екенін табасыңдар. Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтауға тырысады.
«Бәріміз біргеміз».
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам,
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Балалар сергітуні айтып,қимылмен көрсетеді.
Балалар тапсырманы тыңдап, жасырынған ойыншықты табады
Қорытындылау және рефлексия Тәрбиеші балаларды белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Балалар өз жұмыстарынан үлкен әсер алады.
Қорытынды нәтиже:
Не білу керек: өз ойыншықтары туралы әңгімелеп айта білуі керек
Не болуы керек: тапсырманы орындағанда белсенді болуы керек
Не істей білуі керек: сұраққа толық жауап айта білуі керек