Балаларды ?алай с?йлетуге болады? (сынып жетекшілеріне арнал?ан)


Балаларды қалай сөйлетуге болады?(сынып жетекшілеріне арналған)
Мұғалімдерді көбінесе балалардың үнсіз қалатындығы қынжылтады. Бұл әсіресе жасөспірімдерге тән нәрсе. Кейде тіпті оларға не болғанын түсінудің өзі қиын. Бірақ әйтеуір бала бір нәрседен қатты ренжулі екені білініп тұрады.
Балалардың сөйлеп, ашылуына қалай көмектесуге болады?Қалай дегенде де оларды күшпен сөйлетіп, күштеп ішіндегі сырын біле алмайсыз. Сіз неғұрлым мәжбүрлеген сайын, ол солғұрлым тұйықтала түседі. Сіз сабырға келіп, оларды өз еркіне қойсаңыз, қауіпсіздікті сезініп, өздері-ақ сөйлей бастайды.
Тым асығыстамаңыз! Бір нәрседен құр қалатындай жағдайда жүрген адамға жақындаудың өзі де қиын ғой. Бәлкім, балалар сіздің осындай шұғыл сәттеріңізді көріп, артық-ауыс мазалағысы да келмейтін болар.
Балаларды мүмкіндігінше азырақ сынауға тырысыңыз. Бәлкім, олардың тым-тырыс, үнсіздіктен қорған жасап алып отыруы да сіздің кезекті сыни ескертпе-жазаларыңыздан қорқатындықтан болар. Олар айтқан сөздердің бәріне де қуаныңыз, таңданыңыз.
Сұрақ қоя біліңіз. Егер сіз әңгімені «солай ма» дегеннен бастайтын болсаңыз, ол ұзаққа баруы және қызықты болуы екіталай. Мұғалімдер көбінесе оқушыларға «ия» немесе «жоқ» деген сөзден басқа жауабы жоқ сұрақтар қояды да, оларды сөйлемейді деп жазғырады.
Тек сынып жетекшісі ғана емес, сонымен бірге сынып досы да бола біліңіз. Бәлкім дос маңыздырақ, қажеттірек болар!