?аза? ?дебиетінен саба? жоспары Мас??т Абай ??нанбай?лы (9 сынып)
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Шалкөде орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нусипова Мадира
Сыныбы: 9-сынып
Пәні: әдебиет
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Абайдың «Масғұт» поэмасының мәтінімен жұмыс және ондағы берілген өзекті ойды анықтау
Күтілетін нәтиже:
Оқушы мәтін бойынша тапсырмаларды игере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, қандай да бір шешімге келе алады және өзінің білімінің қаншалықты деңгейде екенін бағалай алатын оқушы тұлғасы қалыптасады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс -тәсілдер: топтық жұмыс, ізденіс, «Джигсо» әдісі, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі, ВЕНН диаграммасы, «Сұрақтар мен нәтижелер арасында байланыс орнату» әдісі, тест тапсырмаларын құрастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың портреті, кесте.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Шаттық шеңбері;
- Сыныпты Абай өлеңдерінің тақырыптарына сәйкес 3 топқа бөлу:
1-топ – табиғат лирикасы
2-топ – махаббат лирикасы
3-топ - әлеуметтік лирика
Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып 3 топқа бөлінгендіктен әр топқа жеке сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.
Абай өмірінен қандай тағлым алдың? Не әсер етті? Не ойландырды?
Абай лирикасының түрлері, оқу-ғылым жайлы түрлерін ата.
Абайдың қара сөздерінің мәні қандай?
(тапсырма плакатқа орындалады).
Жаңа тақырыпты меңгеру. («Масғұт» поэмасымен танысу үйге алдын-ала беріледі).
Бекіту кезеңі.
1-тапсырма. Мағынаны тану. (6 мин)
(«Джиксо»әдісі бойынша әр топтан оқушылар поэманың мазмұнын кезекпен әңгімелейді, қарсы топтан ол оқушыға сұрақтар беріледі, сұрақтар мазмұнды әңгімелеместен бұрын плакатқа орындалады).
Масғұт қашан, қайда өмір сүрген?
Шал қандай қиянатқа ұшырады?
Шалға кім араша түсті?
Шал Масғұтқа деген ризашылығын қалай білдіргісі келді?
Шал қандай адам?
Масғұттың қызыл жемісті таңдау себебі?
Масғұттың «бұл дүниенің күні» аталуына не себеп?
Шын мәнінде не қажет еді? «Бұл дүниенің күні» бола алды ма?
2-тапсырма. (3 мин)
1-топ. ВЕНН диаграммасы
Һарун-Рашид халифа ХХІ ғасырдағы
заманындағы адамдар адамдар
217170074930004572007493000
2-топ. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі
Масғұттың жағымды мінезі Масғұттың жағымсыз мінезі
Ақылдылығы, көрегенділігі, адамгершілігі, білімділігі Халықпен санаспауы, халифаға ғана қызмет етуі
3-топ. Поэма мазмұны бойынша тұрақты тіркестер тауып жазу, мағынасын түсіндіру.
Жан сақтау- Көз тігу-
Жау жүрек- Құса болу-
Есі шығу-
3-тапсырма. «Сұрақтар мен нәтижелер арасында байланыс орнату» әдісі (5 мин)
Сұрақ: Нәтиже:
Ақ жемісті -бақытты
жеген адам -дәулетті
-ақылды
(Осы мысалға қарай отырып мәтін бойынша әр топ тапсырмалар орындайды).
4-тапсырма. Мәтін бойынша сөздердің мағынасына түсінік. (3мин)
1-топ. Көп қолданылмайтын создерді табу.
Һарун-Рашид заманында- көнерген сөз
Шаһар- көнерген сөз
Хан, патша- көнерген сөз, синоним
Ұрғашы- дисфемизм
2-топ. Мақал- мәтел табу.
Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық.
3-топ. Шағын эссе жазу.
Тақырыбы: «Поэмадан мен не түйдім?»
Қорытындылау.
Ашық және жабық тест тапсырмаларын құрастыру.
Масғұт кеселді жауын жауатынын қалай білді?
А) Халифа айтты
В) Қыдыр шал түсінде аян берді
С) Халық айтты
Д) Масғұттың көріпкелдік қасиеті бар
2. «Аян беру» сөзінің мағынасын қалай айқындап берер едіңіз? Тарқатып жазыңыз.
................................................................................................................................................................................................................................................................
Үй тапсырмасы.
«Масғұт» поэмасын әңгімеге айналдырып жазу