?ыстайтын ??стар Білім беру саласы: ?атынас ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі: Тіл дамыту Ма?саты: Балалар?а жалпы ??стар туралы ма?л?маттар беру.??стар туралы ой-?рістерін,т?сініктерін дамыту
Қыстайтын құстар Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту
Мақсаты: Балаларға жалпы құстар туралы мағлұматтар беру.Құстар туралы ой-өрістерін,түсініктерін дамыту.Олардың тіршілігі туралы айту,қамқор болуға аялауға баулу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері,құстар туралы буклет
Мотивациялық қозғаушылық:
Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбаерге тұрғызып,бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Айналаға бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Бала,бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
-Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.
Әңгімелесу: Сұрақтар қояды.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)
-Ауа райында қандай өзгерістер болады?
-Дұрыс айтасыңдар,қар жауып айналаның бәрі аппақ болады.
-Сендер қазір шыбын,қоңыз,көбелек көресіңдер ме?(жоқ)
-Олар қайда кетті?(Ағаш қуыстарына тығылып қалды)
-Құстар қайда өмір сүреді?(орманда,далада)
Ұйымдастырушылық ізденістік
Сиқырлы сәт: Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады.Балаларды тыңдауға шақырады.Дискіні тыңдап болған соң:
-Балалар естисіңдер ме,бұл нелердің дауысы?(Құстардың)
Қыс мезгілінде аққу,үйрек,қаз,қарлығаш барлығы жылы жаққа ұшып кетеді.Тек қана(суреттерін көрсете отырып)көгершін,суық торғай,қарға,сауысқан,тоқылдақ,шымшық қыстап қалады.Балалардың көңілін суретке аударып:
-Мынау тоқылдақ.Оны орман емшісі дейді.Ол тоғайдағы құрттарды тұмсығымен шоқып жейді.
Топқа рогатка ұстаған бала кіреді.
Тәрбиеші:Қолыңдағы не?
Оқушы:Қолымдағы рогатка,құс атайын деп едім.
Тәрбиеші: Балалар,құстарды атуға болады ма?
Балалар:Жоқ,құстар біздің досымыз.
Құс туралы тақпақтар айтады.
1.Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамаса болмайды
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
2.Көк көгершін көгершін
Көгершін келер жем үшін,
Балалар жем себелік
Жем жесін де семірсін.
3.Біз қамқоршы баламыз
Құстарға ұя саламыз,
Жем-су беріп қыс бойы
Балапанын бағамыз.
4.Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға келіп қорғалар.
5.Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз
Құстарға ұқсап,
Ұшып-ұшып аламыз.
3 топқа тапсырма беру.
1.Қарға туралы айтып беріңдер.(микрофонмен сұрау)
2.Торғай туралы айту.
3.Көгершін туралы айту.
«Ұшты-ұшты» ойыны
Шарты: Ұшатын заттарға қолымызды созайық.Ұшпайтын заттарға тіземізге қояйық.
Рефлексиялық түзетушілік:
Қорытынды:Балалардың ойынға деген қызығушылығын бағалайды.Әуезов атындағы орта мектебі коммуналдықмемлекеттік мекемесі
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
«Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»
Тәрбиеші: Борамбаева Д.Қ
2016 жыл