Ересектер тобыны? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіне арнал?ан перспективтік жоспары.


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған перспективтік жоспары.
Ай аты Апта № Сабақтардың тақырыбы
Қыркүйек 1 1 Гимнастикалық орындық үстімен жүрген кезде тепе-тендікті сақтау. Затты желке тұстан оң, сол қолмен лақтыру.
2 Затты желке тұстан оң, сол қолмен лақтыру. Заттар арасынан еңбектеп жүруді үйрету
2 3 Шығыршықтан-шығыршыққа екі аяқпен секіруге үйрету
4 Допты қос қолмен лақтыру, кеудеге қыспай қағып алуды үйрету
3 5 Тізенің арасына доп қыстырып секіру
6 Еңкейтілген тақтайға өрмелеп шығуға үйрету.
4 7 Заттардан аттап жүруде тепе-тендік сақтау. Секіртпемен еркін секіруді үйрету
8 Гимнастикалық орындық үстімен төрттағандап еңбектеуге үйрету
Қазан 1 9 Гимнастикалық орындық үстімен заттарды аттай жүру. Тақтайша, жіп, заттардан секіру
10 Сапта, шеңберде тұрып, бір қолмен бір-біріне допты лақтыруды үйрету
2 11 Басқа дорбаша қойып, еденде созылып жатқан арқан үстінен жүру.
12 Доға астынан еңбектеп өтуді үйрету
3 13 Биіктіктен екі аяқпен тура секіріп түсуді үйрету
14 Гимнастикалық қабырғаларға түрлі тәсілдермен, сатыны аттамай өрмелеуді үйрету.
4 15 Орынынан ұзындыққа секіру,жартылай бүгілген аяқпен жерге қону. Дорбашаны иықтан асырып тік нысанға оң, сол қолменлақтыруға үйрету
16 Арқаға құм қапшықша қойып еңбектеуді үйрету.
Гимнастикалық доптармен секіруді үйрену.
Қараша 1 17 Алға қарай бір аяқтан екінші аяққа ауысып, секіруді үйрету
18 Арқан баспалдақпен бір тәсілмен өрмелеуге үйрету
2 19 Гимнастикалық орындық үстімен әр қадам сайын допты алдынан қолдан-қолғаауыстырып жүру. Алға қарай жылжып допты қос қолмен лақтырып, қайта қағып алу
20 Гимнастикалық қабырғаның басына дейін өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төмен түсу
3 21 Гимнастикалық орындық үстімен женіл жүгіру, отыру, тұру, белгіленген жерге секіріп түсу.
22 Гимнастикалық орындық үстінен етпетінен жатып, қолмен тартыла жылжыу
4 23 Екі аяқпен алға жылжый секіру. Тізерлеп тұрып допты бір-біріне қос қолмен басынан асыра лақтыру
24 Алақан салынған қағазды басып жүруді үйрету
1 25 Заттар арқылы оң және сол бүйірмен екі аяқпен алға қарай жылжый секіруді үйрету
26 Қолды жерге тигізбей жіптін астынан еңбектеп өтуді үйрету
Желтоқсан 2 27 Оң, сол жақпен допты еденге соғып және қос қолмен қағып ала жүруді. Нысанаға допты дәлдеп лақтыруды үйрету.
28 Баспен допты итеріп, жалаушаға дейін еңбектеуді үйрету.
3 29 Биіктікке секіруді үйрету. Бір қолмен дорбашаны төменнен шығыршық ішіне лақтыруды үйрету
30 Қолды жерге тигізбей шығыршықтан тура және бір бүйірмен өтуді үйрету.
4 31 Шығыршықтан тура және бүйірмен өтуге жаттықтыру. Кедр-бұдыр тақтай үстімен жүру, биіктіктен секіріп түсуді үйрету
32 3-4м қашықтықтан дорбашаны тік нысанаға иық тұсынан оң, сол қолмн лақтыру
Қаңтар 1 33 Гимнастикалық орындық үстімен әр қадам сайын допты қолдан –қолға ауыстыра жүру. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
34 Қатарынан қойылған доғаның астымен қолына доп ұстап, еңбектеп өтуді үйрету
2 35 Допты қос қолдап заттар арасымен алып жүруді үйрету
36 3-4 доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеуді үйрету
3 37 Гимнастикалық орындық үстімен арқаға дорба іліп алып еңбектеуді, сақинаны лақтырып, таяққа кигізуді үйрету.
38 Сақинаны лақтырып, таяққа кигізуді үйрету. Жүгіріп келіп биіктіке секіру (30-40см)
4 39 Тепе-теңдік сақтап,еңкейтілген тақтай үстімен аяқты-аяққа тақап қойып жүру
40 Допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру. Еңкейтілген басқышпен өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыны жібермей қайта түсу.
Ақпан 1 41 Екі аяқпен шахмт тәрізді қойылған доптардың үстінен қос аяқпен секіру. Допты қос қолмен себетке лақтыру
42 Еңкейтілген басқышпен өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға ауыса және саты шабақтарынан ұстап, төмен түсу.
2 43 Еңкейтілген тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу.
44 Оң және сол аяқпен кезектесе секіру. Тізбектеліп және тізерлеп тұрып, допты бір-біріне қос қолмен бесынан асыра лақтыру.
3 45 Арқан үстімен аяқты-аяққа тақап қойып (өкше арқан үстінде, аяқ ұшы еденде ) жүру
46 Жіп арқылы секіру. Қолды шеңбердің жоғарғы шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірмен шығыршық ішінен өту.
4 47 Көтерінкі заттың үстімен жүру жүгіріп келіп биіктегі затқа қолды жеткізе секіру.
48 Допты қос қолдап алға алып жүру. Арқан баспалдақпен түрлі тәсілдермен өрмелеу
1 49 Басқа дорбаша қойып гимнастикалық орындық үстімен жүру.
Ұзын секіртпеден қос аяқтап секіру.
50 Гимнастикалық қабырғаға басына дейін сатыны жібермей
өрмелеу,келесі қабырғаға ауысып төмен түсу.
Наурыз 2 51 Еңкейтілген тақтай үстімен денені түзу ұстап жүгіру. Шахмет тәрізді қойылған қоссырық арасымен қос аяқпен секіру.
52 Тізерлеп тұрып допты қос қолмен бастан асыра лақтыру. Шығыршықты домалату және оның ішінен өту
3 53 Қос аяқтап, аяқтың он бүйірімен, одан соң 180градусқа бұрылып, сол бүйірімен секіру
54 Қолды ауыстыра отырып гимнастикалық орындық үстімен допты домалату
4 55 Шектеулі зат үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру.
56 шығыршықтан келесі шығыршыққа бір аяқпен және қос аяқпен секіру
Сәуір 1 57 Еңкейтілген тақтай үстімен қырынан жүгіру. Гимнастикалық шығыршықпен жұмыс: ілініп тұру, теңселу, ыршып түсу
58 Орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру. Гимнастикалық шығыршықпен жұмыс: ілініп тұру, теңселу, ыршып түсу
2 59 Бір-бірінің қолдарынан ұстап, жұптасып айналу. Қысқа секіртпемен алға қарай (арағашықтығы 8см) қос аяқтап секіру.
60 Допты қабырғаға ұрып, еденнен ыршыған допты қолмен қағып алу. Қысқа секіртпемен алға қарай (арағашықтығы 8см) қос аяқтап секіру.
3 61 Еңкейтілген тақтай үстінен денені түзу ұстап жүру. 3-4 м қашықтықтан допты себетке лақтыру.
62 Жоғары тұрған сатыдан қолмен тартылып жүру. 3-4 м қашықтықтан допты себетке лақтыру.
4 63 «Қарлығаш» жаттығуын орындау. Бір орында және тенселіп тұрған секіртпеден секіру.
64 Ілініп тұрған арқанмен жоғары өрмелеу. Арқанан бастан жоғары ұстап ілініп тұру
Мамыр 1 65 Тепе-теңдік ойындарын қайталау. Еңкейтілген тақтай үстімен қырынан жүгір
66 Тепе-теңдік ойындарын қайталау. Шектеулі зат үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру.
2 67 Секіру жаттығуларын қайталау. Екі аяқпен шахмт тәрізді қойылған доптардың үстінен қос аяқпен секіру.
68 Секіру жаттығуларын қайталау. Тақтайша, жіп, заттардан секіру. Гимнастикалық доптармен секіру.
3 69 Лақтыру, қағып алу жаттығуларын қайталау. 3-4 м қашықтықтан допты себетке лақтыру.
70 Лақтыру, қағып алу жаттығуларын қайталау. Дорбашаны иықтан асырып тік нысанға оң, сол қолменлақтыруға үйрету
4 71 Еңбектеу, өрмелеу жаттығуларын қайталау. Гимнастикалық қабырғаға басына дейін сатыны жібермей өрмелеу,келесі қабырғаға ауысып төмен түсу.
72 Еңбектеу, өрмелеу жаттығуларын қайталау. Жоғары тұрған сатыдан қолмен тартылып жүру. 3-4 доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеуді.
9- ай 36 апта Барлығы - 72