Сауат ашу ж?не жазу негіздері Жж дыбысы ж?не ?рпі


Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Жж дыбысы және әрпімен танысу.
2. Оқушылардың логикалық ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
II. Өткен сабаққа шолу.
Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
Ы дыбысы қандай дыбыс?
1-тапсырма: Ойын «кім тапқыр»? Құрамында Ы дыбысы бар суреттерді табу.
Сандық, арыстан, тырна, көбелек, қасқыр, қоян, тоқылдақ, ыдыс. Ы дыбысы бар сөздің атын атап буынға бөлу.
III. Жаңа сабақ.
Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз.
Ж-ж-ж-ж-дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен белгілейміз.
Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.

Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
Жа Жо Жу.
- Ж әрпін ауада жазу.- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.III. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпандап,
Көжегі екен өзінің.
IV. Бекіту.
Жұмбақ шешу.
1.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.(Жұлдыз)
2.Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3.Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
V. Қорытындылау.Сұрақ-жауап.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?- Жж дыбысы қандай дыбыс екен?Бағалау.
Үйге тапсырма беру.