Конспект урока по сауат ашу ж?не жазу негіздері ?? ?рпі мен дыбысы


Мектепалды «а» даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №38.
Күні: 05 Сәуір 2016ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: «Сауат ашу және жазу негіздері»
Такырыбы: «Үү дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.Жазуға үйрету.
Көрнекілік: Суреттер, кеспе әріптер, фигуралар, схема.
Қостілділік компонент: үкі-сова.
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар, бір-бірімізге сабақты бастамас бұрын, жақсы тілек айтайықшы. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс — Балалар, бізге бүгін үкі конаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (Үкінің суретін көрсету.)
— Үкі туралы не білеміз?
— Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Хатта жазылған және балалардың суреті көрсетіледі.
Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?
— Ендеше, бүгін біз сендермен "Ү" деген әріппен танысамыз. (Баспа, жазба түрін көрсету).
— "Ү" дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.(Осылайша кім қанша сөз айтады бақылау жасау, онымен қатар сөздердің қорларын арттыру).
Сергіту сәті.
Ү дыбысын ауада жазып көрсету, дәптерге жазу. Назарларын үкіге аударады.
Мұқият тыңдайды.
Үкі-ол дала құсы, ол тек түнде ұшады.
Ал күндіз ұйықтайды.
Балалар "ү" деп жауап береді.
Үйрек, үй, үйеңкі, үзеңгі, үміт, сүзбе, күз, күшік, күрек, үз т.б.
Қимылмен орындайды.
Ауада жазып үйренеді, дәптерге жазады.
Рефлекстік түзету Д.ойын: «Дыбысты ажырат». Мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу; текшелер арқылы көрсету.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, аяқтау. Көрсетілген әріптерді атайды. Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк текшелермен көөрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: ү дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу.
Түсінеді : Жаңа ү дыбысымен таныса отырып, сөздер ойлап, оларды дұрыс буынға бөледі.
Қолдана алады: Қолдарын әдемі жазуға және қызығушылықтарын артады.