?анатты достар та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)


12.12.2016 ж.
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі
6 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар
Мұғалімі: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тақырып бойынша мәлімет беру. Құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты суюге баулу, құстарға қамқор болуға үйрету.
Дамытушылық: құстарға тән ерекшеліктерді ажырата білу қабілетін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрауға, әңгімелеуге жетелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар, интерактивтік тақта, флипчарт
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн,достым,
Сәтілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін Қазір біз екі топқа бөлінеміз.
Қарлығаш
Көгершін
3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау.
Сөздер Атау
септік Ілік
септік Барыс
септік Табыс
септік Жатыс
септік Шығыс септік Көмектес
септік
Септіктер Кітап + Дәптерді + Сызғышқа + Сурет
дәптерімен +
Күнделіктен + Өшіргіштің + Оқулықта + Қазір қай жыл мезгілі? Ауа райы қандай?
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
-Қандай құстарды білесіңдер?
Қ А З
Б Ұ Л Б Ұ Л
С А У Ы С Қ А Н
Т О Қ Ы Л Д А Қ
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
К Ө Г Е Р Ш І Н
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап (Қаз)
Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды. (Бұлбұл)
Өзі сақ, өзі қара ала
Шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын,
Бұтақтан бұтаққа ауысқан. (Сауысқан)
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
Айыр құйрықты,
Қанаттары ұзын,
Шағын денелі, қара ала құс
Балшықтан үй салады. (Қарлығаш)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп
Қай құсты біз атаймыз. (Бұлбұл)
Сөзжұмбақтан біз не көрдік, шешімі қандай? Құстардың түрлері шықты, қалай ойласыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қанатты достар» Құстар – біздің достарымыз, табиғат қорғаушысы , сонымен бірге біздің қанатты достарымыз.
-Балалар құстар нешеге бөлінеді?
-Үй құстарын кім атап береді?
-Балалар құстар осы нені қорғайды?
Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз?
Құстардың адамға келтіретін пайдасын айтамын: ет, жұмыртқа береді, қанаты,жүні, емдік қасиеті бар.Құстарға байланысты тыйым сөздерге түсінік беремін: құстың ұясын бұзба,жұмыртқасын шақпа,балапанын өлтірме, т.б.ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Жаңа сөздермен жұмыс.
тауық - курица қамқорлық көрсету – проявить заботу торғай - воробей
бұлбұл - соловей
сұнқар - сокол
әтеш - петух қанат - крылья көгершін - голубь
қаз - гусь жүн - перья қарға- ворона
үйрек - утка жем шашу – давать (рассыпать зерно) корм аққу - лебедь
құр – глухарь (тетерев)
қарлығаш -ласточка
үй құстары – домашние птицы ұясын бұзба - не разоряй птичьи гнездо үкі - филин
көкек - кукушка
бүркіт – беркут
тоқылдақ – дятел
ұя жасау - смастерить гнездо балапанын өлтірме –нельзя убивать птенцов жабайы құстар – дикие птицы
зиянды жәндіктер мен құрт-құмырсқалармен қоректенеді – они питаются вредителями и насекомами
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
Мәтінмен жұмыс.
1.Мәтінді аудар. Переведите текст.
2.Сын есімдерді тап.
3. Сұрақтар дайында Подготовьте вопросы.
1 ТОП
Құстар біздің қанатты достарымыз. Біздің аспанымызда құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Құстардың адамға келтіретін пайдасы көп, олар ет, жұмыртқа береді, қанаты мен жүнінің емдік қасиеті бар. Олар жем, бидай, дән, зиянды жәндіктер мен құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Құстарға байланысты тыйым сөздер: құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын шақпа, балапанын өлтірме.
2 ТОП
Құстарға ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсету керек. Құстар үй және жабайы болып екіге бөлінеді. Үй құстарына тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Жабайы құстарға торғай, көгершін, қарға, бұлбұл, құр, аққу, қарлығаш, үкі, көкек, бүркіт, тоқылдақ, сұнқар жатады.
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін – бұлбұлға теңеген. Азаматын – сұңқарға, сұлуын – аққуға, ез жігітін – жапалаққа теңеген.
2) Сын есімдерді аудар
Сұр- серый тұщы – пресный
Ащы – горький терең - глубокий
Қызғылт – розовый жасыл – зеленый
Жұмсақ – мягкий тәтті - сладкий
Адал – честный күлгін – фиолетовый
3. Сөздерді дұрыс орналастыр.
Флипчартпен жұмыс
ерекшелік – особенность бос уақыт – свободное время
есте ұстау- помнить вежливость - сыпайылық
ұйымдастыру – организовать намыс - гордость
дәстүр – традиция жақсы қасиеттер – хоршие качества
мероприятия – шаралар жарыс – соревнование
әдептілік – деликатность,тактичность
заманауи – современный шығармашылық – творчество
4. Қызықты грамматика
Берілген әріптерді дұрыс орналастыр, сын есімдерді қатыстырып, жай сөйлемдер құраңдар.
КӨГЕРШІН
ҚАРЛЫҒАШ
ТАУЫҚ
ҚҰСТАР
Сергіту сәті
Қызыл гүлім –ай
5 тапсырма. «Құстар біздің досымыз» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Қандай құстарды білесің ?
(Каких ты знаешь птиц?)
Қандай құстар саған ұнайды? Неліктен?
(Какие птицы тебе нравится? Почему?)
Құстар адамдарға қандай пайда әкеледі?
(Какую пользу приносят птицы?)
Құстарға адамдар қандай қамқорлық жасаймыз?
(Как человек заботится о птицах?) (ұя жасайды, дән мен жемдер шашады, су береді)

6. Келесі тапсырма құстарға байланысты сұрақтар қою (текше фигарасымен) куб
1.Ең суық жер ? Антарктида
2.Аквариум балықтарын ата. (гуппи, алтын балық, кардинал)
3. Сен неше жастасың?
4. Алғашқы мүшел жасты ата.
5. Сен нешінші сыныпта оқисың?
6. Қай құс өз атын өзі шақырады? (Какая птица всем имя свое называет?) (көкек)
7. Қай құс достықтың символы? (көгершін )
8. Қай құс махабаттың символы? (Аққу)
9. Мемлекеттік туымызда қандай құс бейнеленген? (Бүркіт)(Ерліктің, батырлықтың )
10. Елімізде құстардың қанша түрі бар?
11.Үй құстарын ата.
12. Сен қай мектепте оқисың?
13.Бос уақытыңды қалай өткізесің?
Құстың қуы сауысқан.
14. Түнде ұша алатын құс? (үкі)
15. Ұша ламайтын құстар (пингвинг, түйеқұс (страус))
ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Тесттік жұмыс
1.Үй құстарын көрсет.
1.А) қарлығаш, қарға, үйрек 2.Б) тауық, қаз, үйрек
3.В) қаз,сауысқан, балапан 4.Д) торғай, әтеш, бұлбұл
2.Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
1.А) кім? не? 2.Б) кімді? нені? 3.В) қандай? қай? 4.Д) қалай? не істеді?
3.Құстың баспанасы?
1.А) ін 2.Б) ұя 3. В)тау 4.Д) құм
4.Жабайы құстарды тап.
1.А) қарлығаш, көгершін, тоқылдақ 2.Б) тауық, қаз, үйрек
3.В) қаз,сауысқан, балапан 4.Д) торғай, тауық, бұлбұл
5.Құстар немен қоректенеді?
1.А) зиянды жәндіктер мен құрт-құмырсқалармен
2.Б) жасыл шөппен 3.В) ауамен 4.Д) желмен
6. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
1.А) Жамал би биледі В) Олжас әдемі сурет салды С) Информатика сабағы қызықты өтті Д) Қар қалың жауды
7. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Қар жапалақтап жауып тұр В) Демалыс өтті С) Жаңбыр жауды Д) Сабақ басталды
8.Тұрлаусыз мүшелерді көрсет.
А) пысықтауыш В)анықтауыш, толықтауыш С) бастауыш, баяндауыш
Д) толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
– Қандай құстарды білесіңдер? (Үй құсы және жабайы құс).
– Олардың айырмашылықтары қандай? (Қайда мекендейді?)
– Құстарды неге пайдалы дейміз?
– Құстарды қалай күтуіміз керек?
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.
Құ...тар біздің қанат..ы до...тарымыз. Олар же..., би...ай және құ..т-құ..ырсқалармен қо..ектенеді. Құ...тар ада...дарға жұ...ыртқа, ет бе..еді. Аққ... - құ... төресі, олар сұ..улы..лық пен ма...аббаттың бе...гісі. Қарлы...аш – ада...ның до...ы, жанашыры, қа...қоршысы. Кө...ершін – бей...ітшіліктің белг..сі, ол ты...ыштық пен бе...еке әке...етін қ...с.
2.Сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.
Достарымызға, қамқорлық көрсетейік, қаздар, көл жағасында жүр, бұлбұл, орманда, сайрап, ән салады, көгершін, бейбітшілік, құсы, аққу, құс төресі, бейнелеген, бүркіт, мемлекеттік туымызда.
Керекті сөздер: қанатты,ала, әнші, сұлу, ақ, қыран
3. «Қазақстанда мекендейтін құстар» туралы эссе жазу.
(Написать эссе про птиц, которые обитают в Казахстане )
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.

Табиғат – біздің байлығымыз. (Ал табиғатты қорғап-күтсе ғана). Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Оны біз батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегенінен білуге болады.
— Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран бүркіттей қандай батырларды білесіңдер?
— Ал бұлбұлша сайрайтын қандай әншілерді білесіңдер?
— Балаларын жақсы көргенде қандай құстарға теңеген?
— Балаларына қандай құстардың атын қойған?
— Қарлығаш, Торғай, Лашын, Тоты, т.б.