?з та?дауым та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)


24.11.2016 ж.
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі 6 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Өз таңдауым
Мұғалім: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы  түсініктерін  еске  түсіріп  қайталау  Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра  білуге үйрету,сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: шығармашылық, ойлау, таным қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;Тәрбиелік: бос уақыттарын дұрыс пайдалана білуге үйрету, өз таңдауларына көңіл аудару.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, үлестірме материалдар
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыру
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін 3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау.
1. Жалаң сөйлем дегеніміз не ?  Мысал  келтір
2. Жайылма сөйлем дегеніміз не?  Мысал  келтір
3. Бастауыш, баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді
Кабинеттің тазалығын бақылау. Назарларын сабаққа аудару.
Кезекшіге сұрақ: Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
Қазір қай жыл мезгілі? Ауа райы қандай? Үйге қандай тапсырма берілді?
- Өз таңдауымдегеніміз не? қалай түсінеміз?
-сендер бос уақытты қалай өткізесіңдер? немен айналысасыңдар? Қандай хоббиларын бар? Нені ұнатасыңдар?
ІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
· Тақтаға мысалдар жазып, оқушыларға сөйлем мүшелеріне (бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүше) сұрақтар қою арқылы тақтадағы сөйлемдерге талдау жасату:
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ жоғары көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн суытты. Күн қатты суытты.
· Ережені қорытып шығару:
1) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
2) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралған сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Жайылма сөйлем↓Бастауыш заттың атын білдіреді
Баяндауыш бастауыштың қимылын іс-әрекетін
Анықтауыш сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан
Толықтауыш сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын
Пысықтауыш сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын
кім? не?кімдер? нелер?
не істеді? қайтті? неғылды?
қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші?
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?
қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1-тапсырма. «Сенің сүйікті ісің» деген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, диалог құрастырыңдар.
1.Сенің сүйікті ісің бар ма?
2. Ол қандай іс?
3.Сен бұл істі қай кезден ұнатасың?
4.Не себеппен осы іс саған ұнайды?
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
Сөздікпен жұмыс.
мағына - значение
анда-санда- иногда
қабілет- способность
қызығушылық –интерес
таңдау – выбор
алға басу – идти вперед
ІІІ. Жаңа сабақтан алған білімді бекіту.
Оқулықпен жұмыс.
1 тапсырма Мәтінді оқып, көсемшесі бар сөйлемдерді теріп жазыңдар,жасалу жолын түсіндіріңдер (164 бет)
3 тапсырма Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар
Үлестірме материалдармен жұмыс.
2-тапсырма. Ауызша   Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып бір-бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.
Ауылдан атам келді.                  Ауылдан нағашы атам келді.Нұржан қарды  күреді .             Нұржан қарды күрекпен күреді.Мал өрістен келді  .                   Мал өрістен ерте келді.Күлән суды  әкелді.                   Күлән суды құдықтан әкелді
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен жалаң және жайылма сөйлем құрастырыңдар.
Үйірмеге бару, кітап оқу, би билеу, сурет салу, ән айту.
Мысалы: Мен ән айтуды жақсы көремін (жайылма сөйлем).
Ол сурет салады (жалаң сөйлем).
Сергіту сәті.
Біз мектепке барамыз, қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, суретті де саламыз.Қалам, дәптер, өшіргіш, кітаптармен достасып, Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз
ІҮ.Сабақты қорытындылау. тестік жұмысты орындау
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.1.А) Қыс келді В) Қар қалың жауды С) Айнұр ән айтты Д) Дәулет күреске қатысты2. Жайылма сөйлемді табыңыз.А) Қоңырау соғылды В) Әсел би үйірмесіне барады С) Жапырақтар түсті
3)Зат есімнің сұрақтары:
А) кім?,не? В) қалай? С) не себепті?
4)Баяндауыштың сұрақтары:
А) қандай? В) қалай? қайда? С) не істеді? қайтті?
5)Тұрлаулы мүшелерді көрсет
А) пысықтауыш В)анықтауыш, толықтауыш С) бастауыш, баяндауыш
Д) бастауыш
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
Жайылма сөйлемге мысалдар жазып келу (10 мысал)
4 тапсырма «Өз таңдауым» деген тақырыпқа диалог құрастыру (166 б)
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.