воспитательный урок на тему Отбасы — т?рбие бастауы (7 класс)
Тақырыбы: «Білім тарландары»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеріп, тез есептеуге, есте сақтауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық дайындық жасау.
ә) Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).
ІІ Сайыстың жоспары:
1-бөлім «Бәйге» (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
2-бөлім «Ой сергіту» 10 ұпай
3-бөлім «Дода» 20 ұпай
4-бөлім «Білім арқаны» 20 ұпай
5-бөлім «Жорға» 30 ұпай
(Әр топ өзін таныстырады: 6А «Жиын»тобы,
6Ә «Рационал сандар» тобы,
6Б «Коэффициент» тобы,
6В «Натурал сандар»тобы)
І бөлім «Бәйге»
Жүргізуші: «Бәйге» айналымы бойынша әр командаға 4 сұрақтан беріледі.
Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдынында сүңгіп-сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың.
І «Жиын»тобына:
Ең кіші натурал сан? (1)
25 –ге кері сан 52Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
Екі сәуленің қосындысы (бұрыш)
ІІ «Рационал сандар»тобына:
Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады? (транспортир)
60 санының 50%-і неге тең? (30)
900-тан үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал)
101 қандай сан? (жай сан)
ІІІ «Коэффициент» тобына:
Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі, әрі физигі? (Рене Декарт)
Оң сан да, теріс сан да бола алмайтын сан? (нөл)
Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең? (3600)
Бұрышты екіге бөлетін сәуле қалай аталады? (биссектриса)
ІҮ «Натурал сандар» тобына
Сызықтық теңдеудің графигі қалай қандай болады? (түзу сызық)
Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (параллель түзулер)
Айырмашылығы тек таңбасында ғана болатын сандар қалай аталады?(қарама-қарсы сандар)
Хорда дегеніміз не? (Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)
ІІ бөлім «Ой сергіту»Жүргізуші: (Барлық команда мүшелеріне ортақ 10 логикалық сұрақтар қойылады, ұпайы аз топ ойынды аяқтайды)
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?(100)
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(төрт)
Үш ат жегілген шана бір сағатта 17 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (17 км)
Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (жоқ)
5 қарындаш 6 дәптерден қымбат тұрады. 10 қарындаш қымбат па,
әлде 11 дәптер ме? (10 қарындаш)
Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па?(жұп)
Қалам 8 теңге тұрады,кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады? (56тг)
Үш тоқаш 30 теңге тұрады.5 тоқаш пен 2 корап тұз 80 теңге тұрса,1 қорап тұз қанша тұрады?(тұз 15тг)
Арыстанның 13 асығы,Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей болу үшін Алмат неше асығын беру керек? (3 асық)
ІІІ бөлім «Дода»
Жүргізуші: (3 топқа ортақ есептер беріледі, әр дұрыс шығрылған есепке 20 ұпай)Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,Табылғандай таным да, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу мініп жатқанда аптығыста.
1.Алты 7-ден 100 санын жаз. (777 - 77) : 7=100
Тек қосу таңбасын пайдаланып, сегіз-сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек. (888+88+8+8+8)=1000
406 саны 9-ға бөліне ме? (жоқ)
25+65-52-32+13=? (19)
6 санын 10рет пайдаланып 1 санын шығару керек (666-66+66):666=1
5-ті 10 рет пайдаоланып 1000 санын құрастыр 555+555-55-55=1000
(25-36+12)·1000=? (1000)
Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 20% - і, екінші күні қалған мұнайдың 30% - і сатуға жіберілді. Мұнай қоймасындағы алғашқы мұнайдың неше проценті қалды? (56% - і)
10+1258=? 2258 1410=21x=? (15) ІҮ бөлім «Білім арқаны»
Жүргізуші: (жоғары ұпай жинаған екі топ келесі айналымға өте алады)
Жақсылап шешіп, табайық жауабын
Сыйлық бар сіздерге, құрметті ағайын.
Амал таңбаларын және төрт рет 2 цифрын қолданып мәні: 1,2,3,4,5,6,8,9,10 сандарына тең болатын өрнекті құрыңдар.
І топқа: 22:22=1 2:2+2:2=2 (2+2+2):2=3 ІІ топқа: 2х2+2-2=4 2х2+2:2=5 2х2х2-2=6 ІІІ топқа: 2+2+2+2=8 22:2-2=9 2х2х2+2=10.
Ү бөлім «Жорға»
Жүргізуші: (Жоғары ұпай жинаған топ жеңіске жетеді)
Алды артымыз шексізде, Өмірің сенің қызықЖете алмайсың біздерге, Жолында жоқ түзу сызықСәуле менен кесінді, Басыда жоқ аяғы Шыққан еді біздерден. Бір айналым баяғы (түзу) (шеңбер)
Дүкеннен мен сабын алдым, Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Оның және қабын алдым, Ұзындығы жазылып тұр бойында.
Екі дәптер, бір қарындаш, (Сызғыш)
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
(6)
Жүргізуші: Бүгінгі «Білім тарландары» атты сайысымызды мына өлең шумақтарымен аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.