?дептілік т?рбие бастауы т?рбие са?аты


Әдептілік - тәрбие бастауы.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.
Сабақтың түрі: Топтық, ұжымдық.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат.
Шараның өту барысы:
І. «Әдептілік әдемілік»
Оқушы пікірлерін оқып беру.
ІІ. «Құпия хаттар»
Конверттер бойынша сұрақтар.
ІІІ. « Әдептілік әліппесі».
Тақырыптарын айту, көрініс көрсету.
ІV. Қорытынды.
«Жалғастыр» ойыны.
І. Мұғалім
Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық.
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық.
1 - оқушы:Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы:
Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.
3 – оқушы:
Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 – Оқушы:
Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
-Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
-Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
-Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
-Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.
-Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісіБекіту:
-Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.
Семей қаласындағы № 36 жалпы орта білім беру мектебі
Т ә р б и е с а ғ а т ы
Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы»
1739265164465
Өткізген:Кусайнова А.Б.
Сынып:9 «А»
Семей 2011-2012 оқу жылы