Та?ырыбы:?неге отбасынан басталады. Ашы? т?рбие са?ат.


Сабақтың тақырыбы:  Өнеге отбасынан басталады
Мақсаты:Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен» ,
«Ата – бәйтерек, бала — жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.
 Түрі:  викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу
 І. Ұйымдастыру.
Викториналық сұрақтар
III. «Бақытты отбасы» суреті. Көрме ұйымдастыруIV.Тығырықтан шығу
V.  «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
Қорытындылау:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.
 І бөлім  Таныстыру.
1 топ  «Алтын ұя»
2 топ «Берекелі отбасы »  
 ІІ бөлім.
«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
І топқа
ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)
Қандай ұлттық тағамдарды білесің?«қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,
     қымыз, шұбат.»
«Қаракемпір», «Қарашал»«Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші-сазгер
А.Қоразбаев).
Ұлттық киімдер қалай аталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешект.б)
Бет ашар қашан айтылады?  ( келін түскенде)
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесіктой, тұсаукесу, құдатүсу, келінтүсіру, қызұзату. т.б.
Әкеден балаңа берілетін зат( мұра)
Үйдегі алтын адам кім?( ана)
Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекермалшашпақ)
Көне заттарды сақтайтын орын. ( мұражай)
ІІтоп
1.Тәрбиемен білімнің ордасы( мектеп)
2.18 жасқа толмаған адам ( бала)
3.«Өзін-өзі тану»бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
4.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
5.Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде( орта)
6.Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)
7.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
8.Үш қуаныш( алғысалу, өзіңдікөптіңіздеуі, ісіңніңөшпеуі)
9.Мемлекеттік рәміздерді ата  ( елтаңба, ту, гимн)
10. Ата-ана кім үшін өмір сүреді?
 ІІІ бөлім .
«Бақытты отбасы » суретін  салу және қорғау
ІV бөлім
 «Тығырықтан шығу»
Жағдаяттық сауалдар беру.
Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Ұзақ тоқсан,досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?
Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
Пән мұғалімдері сенің жауап кершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлоап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің .............
Апаң сені дүкенге жұмсады. 10 минутта барып кел деді. Сен жүгіріп бара жатқанда, алдыңнан бір топ әже келе жатыр. Сенің әрекетің ........
  V бөлім
 «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
Ананың көңілі балада, …………………….. (баланың көңілі далада)
Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқандасоныілерсің)
Ананыңсүті – бал, …………………………..( баланыңтілі – бал)
Туған үйдің түтіні жылы, ………………………( туғана наның күтімі жылы)
Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңа ауыр жүк артпа)
Бала – бақшадағы гүлің, ———————-(оны тәрбиелеу үлкен ғылым)
Құс балапаны үшін——————————(тұзаққа түседі,)
Ана сүтін ақтамағанды —————————(ешкім жақтамайды).
Әдепті бала ата-анасын мақтар ————- (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).
Атасы жоқ- қас жетім-------------------- -( Анасы жоқ тас жетім)
Атадан ұл қалса –өзі қалады.-----------------(Қыз қалса ізі қалады)
Ата –анаңның сөзін жерге тастама --------------(Байып алсаң менмендікке бастама)
VІ бөлім : Қорытындылау:
Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.
Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік.
Ал құрметті ұстаздар,ата –аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға  алғыс білдіре отырып,  балаларымыз біздерді  тек  жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін!- деп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.