Ашы? саба?: Бірдей сандарды ?осу


Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу.
Сабақтың мақсаты: Бірдей қосылғыштардың қосындысының мәнін табу және екі амалмен шығарылатын есепті талдау.Үшбұрыштың мәні,белгілерін анықтау және оның периметрін табу.
Дамытушылығы: Топта жұмыс жасау арқылы ойларын анық жеткізу, арттыру. Оқушылрдың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа,білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,домбыралар,сырғалар.
Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену.
Пәнаралық байланыс : аралас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық : Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне деген ақ тілектерін білдіреді.
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы беске қолды жеткізу.
Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабағымызды саяхатқа шығу арқылы өтеміз.Олай болса балалар алдыменен үй жұмысымызды тексеріп алайық.
Үй тапсырмасын тексеру: қайталау(сұрақ-жауап)
--- Балалар біз неше топ болып отырмыз?
--- Үш
--- Әр топта неше баладан отыр?
--- Жеті
--- Бұлар қандай сандар?
--- Бірдей сандар
--- Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: Бірдей сандарды қосу
Жаңа сабақ:Бірдей сандарды қосу
1-ші есептің а) мен ә) ауызша түсіндіріледі.
---Дәптерлерімізді ашамыз,күннің жадын және тақырыпты жазамыз.
---Ал балалар енді саяхатымызды бастайық.
---Сендер Астана барып көрдіңдер ме?
---Онда біз бүгін Астанаға саяхат жасаймыз.Ол үшін біз ең алдымен мына қақпадан өтуміз керек.(слайдтан қақпаның суреті көрсетіледі).Ал қақпадан өту үшін оқулық - тағы 2 есепті шығару керек.
2 есеп
6= 3+3 6= 2+2+2 9=3+3+3 10= 5+5 10= 2+2+2+2+2 12= 6+6 12= 4+4+4 12=3+3+3+3 12= 2+2+2+2+2+2
---Біз есеп шығару арқылы қақпадан да өттік(қақпаның ашылған түрі көрсетіледі).
---Балалар біз саяхатқа немен барамыз?(пойызбен)
---Ал енді пойызға отыру үшін мына жолсерігінен өтеміз.(слайдтан жол серігі көрсеті-леді).
---Жол серігінен өту үшін 3 есепті шығарамыз.(Наурыз мерекесі туралы түсінік беріле-ді)
Түсті қағаз - 37 парақ
Ақ қағаз - ?18 парақ артық
Барлығы - ? парақ
ш: 37 +(37+18) =92
ж:барлығы 92 парақ.
Есепті бір амалмен шығарылатындай етіп өзгерт
Түсті қағаз - 37 парақ
Ақ қағаз - ?18 парақ артық
ш:18+37=55
ж:ақ қағаз 55
Сергіту сәті
--- Міне, жол серігінен де өттік.Пойызға да отырдық.Енді пойызымыз да жүрейін деп тұр
--- Ал енді Астанаға жету үшін мына теңдеулерді шешейік.
5есеп
х-32=53 84-х=24х+38=40
х=53+32 х=84-24 х=40-38
х=85 х=60 х=2
85-32=53 84-60=24 2+38=40
Теңдеулерді шешу арқылы Астанағада жетіп қалдық.Енді өз бекетімізден түсу үшін мына есепті шығарайық.
6 есеп Амалдарды жазбаша орында
16+44=60 100-77=23 65+35=100
59+26=85 24+48= 72 74-46=28
---Міне балалар Астанаға да келіп жеттік.Келіңдер қаламызды аралайық.(Астана қаласының бірнеше суреттері көрсетіледі).
---Балалар, Бәйтеректің ішінде маңызды не бар?
Қорытынды:--- Балалар біз қандай сабақ өттік?
---Бірдей сандарды қосу
---Олай болса бірдей сандар кездесетін қандай заттарды білесіңдр?Сол суретті бейне- леңдер
---Бәйтеректің ішінде не бар деп едік?
---Президеттің қолы
---Міне,біз де сол жерге келдік
---Онда адамдар не істейді?
---Тілек тілейді
---Онда бізде ішімізден тілектерімізді тілейік
---Ал балалар тілектерімізді тілеген болсақ,үйге оралайық.
Үй тапсырма :№7 есеп
---Осымен біздің саяхат сабағымыз аяқталады.Сау болыңыздар!

№8 орта мектеп

Ашық сабақ
Пәні: Математика
Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу

Өткізген: Танаубаева Э.
Сыныбы:2"Ғ"
Күні:14.02.2014ж

2013-2014ж