География ?лемі (сыныптан тыс іс-шара) Ма?саты: Екі топты? О?т?стік Америка елдеріні? хал?ы,таби?аты бас?а географиялы? ??ымдар туралы білімдерін орта?а салып жарысу м?мкіндігін ту?ызу.География п?ніне ?ызы?ушылы?ын,белсенділігін дамыту,о?ушыларды ?йымшы
География әлемі
(сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:
Екі топтың Оңтүстік Америка елдерінің халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.
Өткізілу түрі: жарысБарысы:
Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу.Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 7-ші сыныптар арасындағы өткізгелі отырған « География әлемі» сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ 7 «А»сынып оқушылары-Бразилия елінен келген
ІІ-топ 7 «Б» сынып оқушылары Аргентина елінен келген қонақтарымыз
Әділқазылар алқасымен таныстырайын1.География пәнінің мұғалімі- Канатбекова Гульнур Алтынбековна
2 Тәрбие ісінің орынбасары-Алпысбаева Анаргүл Саяжанқызы
3. Биология пәнінің мұғалімі-Мұхаметжан Гүлнар Советқызы
Жүргізуші:
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық
1.Топтардың өзін таныстыруы.
2. Капитандар сайысы. «Блиц турнир»
3. Бұл кім?Бұл не?
4. Артық сөзді табу
5.Сәтті сапар6. Бұл қай ел?
7. Халықтың салт дәстүрі
8. Қорытынды.Марапаттау
1-кезеңіТоптар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады2-ші кезеңі. «Капитандар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1.Дүниежүзінде қанша материк бар? (6)
2.Оңтүстік Американың жер аумағы қанша? (18,28 млн.км²)
3.Оңтүстік Американың ұзын тауы (Анд )
4.Оңтүстік Америкада неше климаттық белдеу бар? (6)
5.Оңтүстік Американың ең суы мол өзені(Амазонка өзені)
ІІ-топ.
Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
Оңтүстік Американың батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы қанша? (5150 км)
Ең биік жері (Аконкагуа 6960м)
Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл ?( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B8%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BA%D0%B0" \o "Титикака" Титикака биіктігі 3812 м)
Оңтүстік Америка құрлығын неше мұхит шайып жатыр? (2)
3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау«саларес»- Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатады.
“кампос”- Бразилия таулы үстіртіндегі қызыл ферралитті топырақтағы саванна “кампос” деп аталады.
“льянос”- Солт. бөлігінің Ориноко ойпатындағы пальмалы саваннаны “льянос” дейді.
4-кезең. «Артық сөзді табу»
Сөздер беріледі артығын табу керек
1. Аргентина Венесуэла Перу Чили Канада (Канада)
2.Амазонка,Янцзы,Парагвай,Парана,Уругвай (Янцзы-Еуразия өзені)
3.Тянь-Шань, Бразилия,Ориноко,Анд,Атакама (Тянь-Шань)
4. Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5. Маракайбо, Титикака , Сан-Мартин, Поопо Байкал (Байкал көлі)
6. Патагония үстірті, Гвиана таулы үстірті, Бразилия таулы үстіртін ,Амазона ойпаты, Ориноко ойпаты,Атлас тауы (Атлас тауы)
5-кезең. «Сәтті сапар»
Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ 2-топ
1.Аргентина 2. Боливия
3. Бразилия 4. Венесуэла
5. Гайана 6. Колумбия
7. Парагвай 8.Перу
Жауабы:
6-кезең.«Бұл қай ел?»
1-топ
Бұл ел – қызықты мәдениеті, ерекше табиғи ландшафты және өте бай жануарлар әлемі бар көне мемлекет. Осы бір жылы өлкеде басқа елдермен салыстырғанда өте көп жануарлар өмір сүреді екен. Таңғалуға да болмайды. Өйткені,ел аумағында әлемдегі ең үлкен су жүйелері жатыр. Олар – Амазонка, Парана, Ла-Плата, Сан-Франсиско өзендері. Игуасу, Гуайр сынды алып сарқырамалар бар. Туристер қауымы Бразилияға "Ұлы мүмкіндіктер елі" деп баға берген екен. (Бразилия)
2-топ
Бұл мемлекет Оңтүстік Американың оңтүстін- батсында орналасқан мемлекет. Батысында Тынық мұхиты мен, шығысында Аргинтина мемлекетімен, солтүстігінде Перу солтүстік- батысында Боливией мелекеттерімен шектесіп жатыр.XIX ғасырда (1810—1823) 18 қыркүйекте бұл мемлекеттің халқы Испниядан өз тәуелсіздігін алды. Ең ұзын мемлекет болып келеді. (Чили)
8-кезең. «Халықтың салт дәстүрі»
Әр топ қалаған елдерінің салт дәстүрін көрсетеді9. Қорытынды.МарапаттауӘділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды