Сыныптан тыс ж?мыс. Озы? ойлы о?ушы
Тақырыбы: Озық ойлы оқушыМақсаты: 1.Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой- өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.2.Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру.3. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.Көрнекілігі : слайд
Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан Уалиханов айтып кеткендей, егеменді еліміздің болашағы, ертеңі тек қана білімді жастар.Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей, осы мақсатпен 4 «Ә»-сынып оқушыларының арасынан суырылып шыққан дарабоздармен «Озық ойлы оқушы» атты білімділер сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ал, құрметті халайық, Ортаға назар салайық.Сайыскерлер шықты сайысқа,Қол соғып қарсы алайық, - деп қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырайық!1. Әбдібек ТолқынСүйікті пәні –математикаБолашақта-дизайнер болғысы келеді.2. Тілеген ЖарасСүйікті пәні – қазақ тілі,әдебиеттік оқу.Болашақта-полиция қызметкері болғысы келеді.3. Қалдан СабинаСүйікті пәні – қазақ тілі,музыка
Болашақта –әнші болғысы келеді.4.Мұхтар АйданаСүйікті пәні –математикаБолашақта– мұғалім болғысы келеді.5. Иламадинов МейіржанСүйікті пән- математика ,қазақ тіліБолашақта-дәрігер болғысы келеді.
6. Әліпхан АянаСүйікті пәні –дене тәрбиесі,бейнелеу,дүниетану.Болашақта – Кәсіпкер болғысы келедіҚазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім мен тапқырлықтың жарысындаЖеңіске жетер дейміз нағыз мықты - деп әділ қазыларды сайлап алайық.1.
2.«Озық ойлы оқушы» сайысының ережесімен таныстыру.1. Сайысқа 4-сыныптың 6 оқушысы қатысады.2.Сайыс 6 кезеңнен тұрады.3. 2 кезеңнен кейін ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.4.Одан кейінгі 2 кезеңнен кейін тағы ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. 5. Соңғы 2 кезеңнен кейін көп ұпай жинаған оқушы «Озық ойлы оқушы» номинациясына ие болады.«Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар» - демекші ойынға қатысушыларға сәт-сапар тілейміз.
Сайыстың кезеңдері:
1-кезең. «Біліміңді сына»
2-кезең. «Мақал -сөздің мәйегі»
3-кезең. «Тіл-өнер»
4-кезең. «Сыр сандық»
5-кезең. «Ол кім,бұл не?»
6-кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»
І.кезең. «Біліміңді сына»№1 оқушы Әбдібек Толқынға:1.Ең үлкен төрт таңбалы санға 1-ді қосқанда неше шығады?(10000)2. Жерге жақын тұрған және күндіз ғана болатын жұлдызды ата.( күн)3.Мәтін дегеніміз не?(мағына жағынан байланысқан екі
немесе одан да көп сөйлем )4. Ұлы Отан соғысында пулеметші болып ерлік көрсеткен қазақтың батыр қызы кім? (Мәншүк)5.Сүлеймен патшаның жарлығын орындамаған құс қай ертегіде айтылады?(Сатқын жапалақ)№2 оқушы Тілеген Жарасқа:1.Фигураның ауданын қалай табамыз? (ені мен ұзындығын көбейтеміз)2.Сын есім дегеніміз не? (Заттың сынын, түрін, түсін, сапасын білдіреді)3. «Тіл құралы», «Қырық мысал» кітаптарының авторы кім? (А.Байтұрсынұлы )4.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағдар)
5. «Уа, тұтқындар!- дейді әмірші, Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін...» бұл үзінді қай шығармадан алынған? (Әйел – Ана)№3 оқушы Қалдан Сабинаға:1.Жылдамдықты қалай табамыз? (Қашықтықты уақытқа бөлеміз)
2.Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеу? (25)
3.Шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктерді айт.(сексеуіл,құмқараған,дүзгін,қоянсүйек,қияқ)4.Геолог зерттеуші, тұңғыш академик кім? (Қ . Сатпаев)5. «Бала Тұрар» әңгімесінің соңында қоңырау сылдыры неге ұқсап етті деп жазады? (Кісен сылдырына)№4 оқушы Мұхтар Айдана1.Бөлудің компоненттерін ата. (Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)2.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. (л,м,н,ң,р,й,у)3.Кірпі қыста не істейді?(ұйықтайды)4.«Бір бала атаға жете туады,
Бір бала атадан кері кете туады»-бұл кімнің сөзі(Төле би)5. «Жетім» әңгімесінің авторы мен басты кейіпкерін ата.( М.Әуезов, Қасым)№5 оқушы Иламадинов Мейіржан1. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)2.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата. (б,в,г,ғ,д,ж,з)3.Топырақтың құнарлы болуы неге байланысты? (шіріндіге)4. «Үлкен той болды.Тойда мектеп меңгерушісі жиналған жұртқа қысқаша құттықтау сөз сөйледіде,Ыбырайға сөз берді.Ыбырай оқу жайында ұзақ сөйледі...» бұл үзінді қай шығармадан алынған?(С.Көбеев.Орындалған арман)5. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің авторы кім?№6 оқушы Әліпхан Аяна1.Үш тәулікте неше сағат бар? (72 сағ. )2.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (ә,ө,е,ү,і,и.э)
3.Күлкіге,әзіл-сыққаққа құрылған шығарма қалай аталады? (сатира)4.Дүниедегі ең терең көл. (Байкал)5. «Сен неге үндемейсің? Бізге еш нәрсенің қажеті жоқ, Астау да, үй де, жиһаз да керек емес, Бір - ақ өтінішім бар...» бұл үзінді қай шығармадан алынған? Ол қандай өтініш? (Алтын балық. Апасының ауруын жазу)
ІІ бөлім: «Мақал-мәтел» сайысы.
Мақалдың жалғасын тапқан ,жылдамдық танытқан оқушы ұпай иеленеді.Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
1.Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
2.Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол.
3.Сөйлей-сөйлей шешен боласың,
Көре-көре көсем боласың.
4.Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
5.Ашу-дұшпан,ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
6.Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
7.Сумен ойнама,батасың,
Отпен ойнама,күйесің.
8.Өнер ағып жатқан бұлақ,
Білім жанып тұрған шырақ.
9.Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
10.Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын жеккен білер.
11.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
12.Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
13.Бір кісі қазған құдықтан ,
Мың кісі су ішер.
14.Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
15.Бір елі ауызға,
Екі елі қақпақ.
16.Көп тілесе алар,
Күн бұлтанса жауар.
17.Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ күшіне сенеді.
18.Ақыл - тозбайтын тон,
Білім-тусылмайтын кен.
Осы 2 кезеңнен кейін ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
ІІІ.кезең. «Тіл-өнер»
Мұнда сіздер сұраққа жауап беріп, жауапты орыс тіліне аударсаңыздар 20ұпай, ал аудара алмасаңыздар тек 10 ұпай ғана беріледі.1.Сандықты ашып көріп ем,
Іші толған маржан екен.
Маржандарын теріп ем,
Білімді болып қалғам екем (кітап-книга)
2.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд)
3. Жүз теңгең болғанша, жүз ...... болсын. (Дос-Друг)4. Үлкен алты табақтанӘлемге нұр таратқан (Күн-Солнце)
5.Өшірді, сүртті,
Өзгемен бірге,
Өзін де құртты (өшіргіш-ризинка)
6.Жолбарысқа ұқсайды,
Күнде тышқан ұстайды (мысық-кошка)
7.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем – Весна)8. Қаймықпайды күштi аңнан,Қорқады тек тышқаннан. ( Пiл-слон)9. Ұшқан ......., - жүгірген аң (Құс-Птица)
10. Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен (Су-вода)11. Әрі қызыл,әрі тәттіТатқан жанды таңырқатты. (Қарбыз-Арбуз)
12. Жеті қазынаның бірі- адамның досы (Ит- Собака)
13. Шағын мемлекет (Отбасы-Семья)
ІҮ. Кезең «Сыр сандық» тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
1.Тілдің ұшында тұр-ұмыту,жеткізе алмау
2.Қас пен көздің арасында-лезде,тез,жылдам
3.Көзге түртсе көргісіз-қараңғы
4.Тайға таңба басқандай-анық,нақты
5.Ай десе аузы,күн десе көзі бар-сұлу,әдемі
6.Асығы алшысынан түсті-жолы болды
7.Үйді басына көтеру-айқайлау
8.Аспан айналып жерге түсті-өте ыстық
9.Таяқ тастам жер-өте жақын
10.Төбе шашы тік тұру-қорқу,шошу
11.Бармағын шайнау-өкіну
12.Қол ұшын беру-көмектесу
13.Араларына қылау түсу-реніш
14.Ит өлген жер-алыс
15.Тісі-тісіне тимеу-жаурау,тоңу
16.Екі құлағы езуіне жетті-қуану
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
Ү. Кезең «Ол кім,бұл не?» Абылай ханның шөбересі. Әкесі ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шын аты – Мұхаммедқанафия \Ш.Уалиханов\
Биіктігі-97 метр. Төбесінде алтын жұмыртқа сияқты үлкен шар орналасқан. Шардың диаметрі-22 метр, салмағы-300 тонна.\Бәйтерек\Ол кісі 1781 жылы дүние салды. Денесі Ахмет Иассауи кесенесінің іргесіне жерленді. \Абылай хан\
2009 жылы 20-қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстан мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде тарихқа енген монумент.Биіктігі 91метр. \Қазақ елі монументі\ҮІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр»
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр сұрақтың жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.Бұл кезеңде 1минутта сұрақтарға жауап беру керек, дұрыс жауабына қарай ұпай есептеледі. Сайыста көп ұпай жинаған сайыскер жеңіске жетеді.А1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері – \Т.Әубакіров\2.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? \14 \3.Биыл қазақ хандығына неше жыл толды? (550 ж)4.Абылайдың азан шақырып қойған аты – \Әбілмансұр\5.Ең кіші төрт таңбалы сан – \1000\6.Сөйлем неден құралады? \сөзден\7.Адамға,тірі табиғатқа қажет бес қажеттілікті ата.(ауа,су,жылу,жарық,қорек)8.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. \3-ке,қатаң,ұяң,үнді\9.Жыл басы не ? \тышқан\10.16 желтоқсан қандай мереке? \Тәуелсіздік күні\11.Көру мүшесі не? \көз\12.Ұя салмайтын құс – \көкек\13.12 ай қалай аталады? \Жыл\14. 64 қай санның квадраты? \8саны\15.Периметрді қалай табамыз? \ Барлық қабырғаларын қосамыз\16.1км-де неше метр бар? \1000м\17.Анаңның әкесі саған кім болады? \нағашы ата \18.Қазақстанның ұлттық волютасы – \теңге\19. Түйенің пірі – \Ойсылқара\20.Барыс септігінің сұрағы - \Кімге? Неге? Қайда?\Б1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім \Н.Назарбаев\2.Қазақстан шекарасы неше елмен шектеседі? \ 5елмен)3.ЕКСПО-2017 көрмесі қай елде өтеді? (Қазақстан.Астана)4.Қабанбайдың шын аты – \Ерасыл\5.Ең үлкен төрт таңбалы сан – \9999\6.Сөз неден құралады? \дыбыстан\7.Ең үлкен мұхит \Тынық\8.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Ата. \2-ге,жуан,жіңішке\9.Жылдан құр қалған жануар \түйе\10.1-желтоқсан қандай мереке? \Президент күні\11.Есту мүшесі не? \Құлақ\12.Жеті күн қалай аталады? \апта\13. Орман дәрігері \тоқылдақ\14.81 қандай санның квадраты? \9санының\15.Фигураның ауданын қалай табамыз? \ені мен ұзындығын көбейтеміз\16.1кг-да қанша грамм бар? \1000 грамм\17.Анаңның шешесі саған кім болады? \ Нағашы әже\18.Қазақтың ұлттық аспабы – \домбыра\19.Жылқының пірі – \Қамбар ата\20.Табыс сетігінің сұрағын ата \Кімді? Нені?\Қорытынды:
Мұғалім: «Озық ойлы оқушыны» марапаттау.Бастауышта оқиды,Ойға білім тоқидыБұлар бізден жалындарЕртеңгі ірі ғалымдарАлдыңда ұзақ жолың бар,Оқумен өсіп толыңдарҚиындыққа мойымайАман – есен болыңдар1. Озық ойлы оқушыны анықтау, марапаттау.2. Құттықтау сөздер.