?аза? ?дебиеті п?нінен саба? жоспары Біржан сал Абай ауылында 2-са?аты (6 — сынып)


Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі:Мұстафина Б.А. Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні : Уақыты :
Пән аты:Қазақ әдебиеті Сыныбы : 6 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Біржан сал Абай аулында» 2- сағат
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі:қайталау сабақ
Сабақта қолданылатын технология : сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың әдіс – тәсілі : танымдық ойындар , топпен жұмыс , сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау т.б.
Оқытудың нақты нәтижесі : Автордың шығармасының тақырыбы мен идеясы туралы білетін болады.
Оқушылар үшін оқу нәтижесі : Оқушылар шығарманы оқи отырып оқу – білімнің қаншалықты маңыздылығын түсінеді.
Пән аралық байланыс : музыка, тарих
Өткен сабақпен байланысы : М. Әуезов «Біржан сал Абай аулында» Бағалау : Жұмысты бағалау
( формативті бағалау) Көрнекіліктер : Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Біржан салдың портреттері , кесте -плакат
Сабақтың мақсаты : Ақынның өмірімен шығармашылығымен танысады. «Біржан сал Абай аулында»шығармасын оқып қарастырады.
Сабақтың міндеті : Оқушылар әңгімені жан – жақты талдайды , өз ойларымен бөліседі.
Жетістік критерилері :
1 ұпай – оқушының төменгі жетістігі ( ОТЖ ) тапсырманы орташа орындаса
2 ұпай – оқушының орташа жетістігі ( ООЖ ) тапсырманы орташа орындаса
3 ұпай - оқушының жоғарғы жетістігі ( ОЖЖ ) тапсырманы орташа орындаса
Уақыты : Жұмыстың түрі : Мұғалімнің іс – әрекеті : Оқушының іс –әрекеті:
Ұйымдастыру
5 мин
Қызығушылығын ояту
4 мин Оқушылармен сәлемдесу ,
түгендеу , сынып бөлмесі тазалығына назар аудару , оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Мұхтар Әуезовке кластер жасау « Молекула » статегиясы бойынша топтастыру.
Топтың жұмысын тыңдайды Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.
Кім жылдам, әрі дұрыс шешсе, сол топ басшысы болып сайланады, ал қалған оқушылар жолаушылар. Топ мүшелерінің міндеттерін белгілейді.
Мағынаны тану
10 мин « Жол кедергілерінен өту »
1)«ЖИГСО» стратегиясы арқылы әңгімені оқу
«Қос жазба күнделік» әдісі
Қатты әсер еткен үзінді Бұл жайлы менің пікірім Сұрақ
Оқушыларды тапсырмамен қамтамасыз етеді , іс – әрекеттерін бақылайды.
Ақын өмірбаянынан кіріспе әңгіме
Ақынның әдебиеттегі алар орны.
Ақынның мақтаныш сезімі.
Абайдың өмірбаяны
Біржан өмірбаянынан кіріспе әңгіме
Типтік образ Сұқ саусақ » стратегиясы бойынша тақырыпты талдау
Ой толғаныс кезеңі
мин I топ. Шығарма бойынша жоспар құру.
II топ«Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша қатты әсер еткен үзінділерді тауып, оның себебін анықтап жазады.
III топ.Вен диаграммасы бойынша Абай мен Біржанды салыстыру
Топта , ұжымда талқылау стратегиясы
«Зымыран сұрақтар» (Сұрақ-жауап)1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады?3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан) Топта бірлесе отырып жұмыс істейді.
Мәреге жету
Топтық жұмысты жариялау Әр топ жұмысын қорғайды.
« Автор орындығы» стратегиясы
Қорытындылау, бағалау 5 мин
Ұпайларды есептеу. Жеңімпаз топты аңықтау. «Сұқ саусақтар» стратегиясы бойынша әр топ үздік ойыншысын анықтайды. • Өнерліге өріс кең.• Өмірде кең бол,Өнерде өр бол.• Өнерге қызығу орынды, қызғану –күнә.• Өнер бәйгесі үнемі тігулі.• Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді.- Ендеше, екі ұлы - Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек. Әр топ кезеңдердегі қойылған ұпайларын есептейді.
ББҮ кестесін толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Рефлексия 1 мин Бүгінгі сабақтың ұнаған және үнамаған жерлері туралы және басқа оқушылардың жұмыстарына екі жұлдыз бір тілек жазу. Стикерлерге қарап оқушылардың бағалауымен танысады.
Әңгіме ұнады, себебі ?
Әңгіме ұнамады, себебі ?
Үйге «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып іледі.