Озы? ойлы о?ушы сайыс
Сабақ жоспары Пән аты: Өнеге сағаты Сыныбы: Ұзартылған күн тобы Күні, айы, жылы: 10.03.2015 жыл Тоқсан: ІІІ тоқсан Мұғалімі: Бердалина Күнзира Сабақтың тақырыбы:Озық ойлы оқушы Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа, белсенділікке жәнежеке тұлға етіп қалыптастыру. Сабақтың типі:Сайыс сабақ. Сабақтың әдісі:Түсіндіру,көрсету. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Озық ойлы оқушы» интеллектуалды сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
Жиналған ылғи дарындылар, Жүректе от, көздерінде жалын бар Білімді оқушыларды халайық! Қол соғып қарсы алайық! Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.
І тур. «Бәйге»
ІІ тур. «Жеті жұмбақ»
ІІІ тур. «Жорға».
І турымыз «Бәйгені» бастаймыз. Бұл турымызда ойыншыларға 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Олай болса іске сәт! Сұрақтар:
1)Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не? (барлық қабырғалардың қосындысы)
2)Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті) 3)Жай сан деп қандай санды айтамыз? (1 таңбалы санды) 4)Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4 см – ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын. Ауданы неге тең? (36 см) 5)Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ені мен ұзындығының көбейтіндісі) 6)Ең үлкен екі таңбалы сан? (99) 7)Ең кіші тақ сан? (1) 8)Қайсысы көп 2 метр ме, әлде 201 см ме? (201 см) 9)Қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (50 саусақ). 10)Қосудың нәтижесі не? (қосынды)
1 – жүргізуші. Сайысымыздың «Жеті жұмбақ» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр түрлі жеті есеп беріледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады. ІІ турдан кейін ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
Сұрақтар: 1)Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (27 км жүрген) 2) Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді) 3) Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан) 4) Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды) 5) Бір – бірімен жарысқа, Бес аю, бір арыстан Екі қой мен үш түлкі Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
Жүргізуші:Осымен «Жеті жұмбақ» бөліміміз аяқталды. Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады. Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жорға» бөліміне де келіп жеттік. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Сұрақтар: 0 – ден үлкен сандар (Оң сандар) 2)Оң сандардың қосындысы қандай сан? (Оң сан) 3)Ең кіші жай сан (1) 4) Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар. (Натурал сандар) 5) 14 қандай сан (Жұп сан) 6)Үшбұрыштың қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (периметр) 7)Шаршы дегеніміз не? 8)15+10*2 тең?(35)
Қорытынды: Бүгінгі біздің «Озық ойлы оқушы» сайысымыз осымен аяқталды.