Озы? ойлы о?ушы интеллектуалды ойыны


Сабақ тақырыбы: ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушы зеректік қабілетін дамытып ой-өрісін кеңейте, білімге деген құштарлығын арттыра, озық ойлы оқушыны анықтай алады. 2) Дамытушылық: Оқушылар дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыта алады.
3) Тәрбиелік: Оқушылар мүмкіндігін дұрыс пайдалана алады.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар, карточкалар, стикерлер,
Сайыстың жүру барысы:
І бөлім «Сен бен білесің бе?»
ІІ бөлім «Мақалдың жалғасын тап»
ІІІ бөлім «Кім жылдам?»
ІV бөлім «Кім тапқыр?»
V бөлім «Алдар көсе» көрінісі
VІ бөлім «Қорытынды»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ал енді сайыскерлерімізді топ басшысы таныстырып өтсе....
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер жеңіс шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт-сапар тілейік.
Біздің облысымызды ата. /Қостанай облысы/
Жылдың неше мезгілі бар? /4/
Білім күні қай күн? /1 қыркүйек/
ҚР- тұңғыш президенті? /Н.Назарбаев/
Жұмадан кейінгі күн қалай аталады? / сенбі/
Қазақтың ұлттық ойындарын ата / көкпар, бәйге, алтыбақан, қыз қуу,т.б/
Ата Заң қашан қабылданды? / 1995ж,30 тамыз/
Елбасымыз /Н.Назарбаев/
Үш биді ата. /Төле,Әйтеке,Қазыбек/
ҚР.астанасы /Астана қаласы/
ҚР-ның мемлекеттік тілі /қазақ тілі/
ҚР-ның рәміздерін ата. /ту,елтаңба, әнұран/
Алғашқы оқулық /әліппе/
Көкжиектің тұстары /оңт, солт, батыс, шығыс/
І бөлім «Сен бен білесің бе?»
Төмендегі 30: -Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталай береді. (Көкек).
ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/
Жоғарғы 30: -Улы жылан. (Кобра)
Жоғарғы 40: -Әлемдегі ең үлкен құс. (Страус - түйеқұс).Ортадағы 40: -Жануарларға қажет жағдайды ата (Ауа, су, жарық, қорек, жылу).Төмендегі 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? /Ажар/Төмендегі 20: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/Ортадағы 20: -Өсімдікпен де, бунақденелілермен де қоректенетін құс. (Торғай)
Жоғарғы 20: -Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (Компас).
ІІ бөлім «Мақалдың жалғасын тап», Мақалды тап. 2 топ 1 мақалдың басын айтап, 2ші топ жалғасын табады
Еңб2, адамның 2-ші анасы 1еу білмегенді,
Өм,1 мен еңб,2, ,8 Өм,1 адам б6,асын еңб,2,ке үй,7,еді
Денсаулық - ....../зор байлық/ Отан /отбасынан басталады/
Еңбектің наны тәтті
/жалқаудың жаны тәтті\ Әдепті бала-арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ұяда не көрсең
/Ұшқанда соны ілерсің/ Ата-бәйтерек
/бала-жапырақ/
І топ ІІ топ
ІІІ бөлім «Кім жылдам?» Ай аттарын дұрыс жаз!!!!!!!!!!!!!
ҢАҚАРТ- ҚАҢТАР
ПАҚНА – АҚПАН
УАРЗЫН – НАУРЫЗ
СУІРӘ – СӘУІР
РЫММА – МАМЫР
МЫСУМА – МАУСЫМ
ДЕЛШІ- ШІЛДЕ
МАЗЫТ – ТАМЫЗ
РҚҮҚЫЙКЕ – ҚЫРКЕЙЕК
ЗАҚАН – ҚАЗАН
АРҚАША – ҚАРАША
ЛЕЖСАНТОҚ - ЖЕЛТОҚСАН
ІV бөлім «Кім тапқыр?». Тақтада барық әріптер шығып тұрады. Сайыскерлер өздері әріп таңдайды.
А- қазақтың ұлы ақыны -/А.Құнанбаев/
Ә- алғашқы оқулық /әліппе/
Б- Қазақтың батыры /Бөгенбай/
Г- Әнұранның орысша атауы /гимн/
Д- Т.Әубәкіров кім? /ғарышкер/
Е-қызыл кітапқа енгізілген жануар/ елік/
Ё- «Шырша» сөзінің аудармасы /ёлка/
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас. /Жұмбақтас/
З-үлкен, дәу сөзінің синонимы /зор/
И-тігінші құралы/ ине/
Й- қоңыр түсті дәрі / йод/
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі /көкпар/
Қ- атақты күйші /Құрманғазы Сағырбайұлы/
Л- ешкінің төлі /лақ/
Н- ас атасы- /нан/
О- Батыс Қазақстандағы қала /Орал/
Ө- Тілсіз жау /өрт/
П-Ірі жануар /піл/
С- Тілдің негізі не? /сөз/
Т- үш бидің бірі /Төле/
У- Жыланның тілінің ұшындағы не? /У/
Ұ- құстардың үйі / ұя/
Ү- Кіші сөзінің антонимы / үлкен/
Ф- Әл Фараби кім? /философ/
Ч- Крокодил Генаның досы /Чебурашка/
Ш- Тудың авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/
Ы- «Посуда» сөзінің аудармасы /ыдыс/
І- қарға «қарқ» дегенде аузынан не түсіп кетеді? /ірімшік/
Э- Экология сөзінің аудармасы / экология/
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы. /юрта/
1 метрде неше см? /100 см/
Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні/
1 сағатта неше минут? /60 минут/
Қарама –қарсы қабырғалары өзара тең/төртбұрыш/
Салмақ өлшем бірліктері/ г,кг,ц,т/
Тәуліктің 3тен 1 бөлігі неше сағат/8 сағ/
Қыс пен көктемде неше ай бар?/ 6 ай/
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар? /4 мысық/
1 килограмда неше грамм бар?
Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні/
Барлық қабырғалары тең фигура/ шаршы\
Ұзындық өлшем бірліктері\ мм, см, дм, м,км
Кез келген санды нөлге көбейткенде қандай сан шығады? /0/
Жаз бен күзде неше ай бар? /6 ай/
Тәуліктің 4 тен 1бөлігі /6 сағ/
Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? /5 бұрыш/
V бөлім «Алдар көсе» көрмесі
VІІ бөлім «Қорытынды». Әділқазылар алқасына сөз беру. Сайысты аяқтау.
Оқушыларды мадақтау.