Озы? ойлы о?ушы интеллектуалды сайыс


Озық ойлы оқушы!
Жарияланды 15-04-2012, 20:19 Категориясы: Математика 
Озық ойлы оқушы!Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту. Математика, физика ғылымдары үлкен, әрі қызықты екенін ұғындыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту, шапшаң ойланып, ойын жинақты жеткізуге тәрбиелеу. Ғылыми ізденістерін кеңейту.Түрі: СайысЖоспарыІ. ТабалдырықІІ Әудем жерІІІ. Қозы көшІҮ. БеласарЖүру барысыОйын толқын, айналған қатты ағысқаТанылғандай танымда, жат дауыстаБіреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқып жатқанда асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.Құрметті қауым «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер, бүгінгі математика, физика пәндері бойынша меңгерген білімдерін жүйелеу, ауызша, жазбаша қабылеттерін ойын арқылы жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Озық ойлы оқушы» білімдік сайысымызға қош келдіңіздер!Өз білімі мен зердесіне сенген оқушыларымызға сайысымыздың барысын таныстырамыз. І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз.ІІ бөлім: «Әудем жер» (әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады.ІІІ бөлім: «Қозы көш» (Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді.)Бұл бөлімнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Көрермендермен сайыс жүргізіледі.ІҮ бөлім: «Беласар» (Логикалық есептер беріледі)Бұл сайысты көптен бері біздер күткенбіз,Жалындаған жастармыз, біз көктембіз.Мақсатымыз биіктерден көріну,Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз. Армандарға қол созумен келеміз,Өмір теңіз жүзіп келед кемеміз.Білімменен қаруланған тобымыз,Қарсыласты қалай да біз жеңеміз! – деп бүгінгі сайысқа қатысқалы келген сайыскерлерімізге кезек береміз.І бөлім: «Табалдырық» әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз:1.Төлеубаева Мадина «Қаржы» 69.12 тобының студенті............Достық пен бірлікті етіп тұлғаЖеңіске жеткен едік талай сындаҚара қылды қақ жарып әділқазыЕңбегін Тапқырлардың әділ сынаӘділ қазы, ақ қағазға бір сәлемӘділдікке бас иеді күллі әлемЖүйрік озар сайыстарда неше бірСарапқа сап әділдікпен шеше білЖарысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін т.б қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.1.___________________________________________________________________________2.___________________________________________________________________________ІІ бөлім: «Әудем жер» әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады. Дұрыс әр жауап 1 баллмен есептелінеді1-сайыскерге1. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процессі (еру)2. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)3. Тік төртбұрыштың параметірі (төрт қабырғасының қосындысы)4. Ток күші неге тең? ( I= g/t)5. 12 санының екі дәрежесі? (144)6. 10 сантиметрде неше метр бар? (1000 м)7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер) 8. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель) 9. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр) 10. cos450 мәні? ( ) 2- сайыскерге1. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)2. Шаршының қабырғасы 4 см. Шаршының ауданын табыңыз? (16) 3. Мұз кесегін 00С қарға салса ерейме? (ерімейді)4. Үшбұрыштың пиреметрі? (Үшбұрыштың үш қабырғасының қосындысына тең)5. Оқ ататын құралдар жылу құралына жата ма? (жатады)6. Юбка тәрізді фигура? (Трапеция) 7. Адамның температурасын қандай құралмен өлшейді? (градусник)8. Егер кеседен суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа)9. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрияның саласы? (планеметрия)10. 13 санының квадраты? (169)3-сайыскерге 1. Ток күшінің белгіленуі? (І )2. бөлшегенің мағынасы? (жарты) 3. Еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні? (9,8 м/с)4. 121 санының түбірі? (11) 5. Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)6. 220 санының 5 проценті нешеге тең? (11) 7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт) 8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см ауданын есепте? (24 см2)9. 81*3 нешеге тең ? (243)10.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (суы толық ыдысқа)4-сайыскерге1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)2. а2 – в2 өрнегінің жіктелуі ? (а - в)(а + в)3. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы) 4. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінің атауы? (квадрат теңдеу) 5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі? (Дж/кг 0С) 6. Дискриминант шарттары? (D>0екі түбір, D=0 бір түбір, D<0 түбірі жоқ)7. Атомның қабықшасын құрайтын бөлшек? (Электрон) 8. 900 жасап қиылысатын түзулер қалай аталады? (перпендикулярь түзулер)9. Сұйықтың тек үстінгі ғана бетінен емес сонымен бірге оның ішінде көпіршіктерінің пайда болып қарқынды жүретін процесс қалай аталады? (қайнау)10. жұп сандарды қалай анықтауға болады? (екіге қалдықсыз бөлінетін сандар)5-сайыскерге 1. х – 2 =0 теңдеуінің түбірі (2)2. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)3. теңдеуінде х нешеге тең? (450)4. Тұзды суға жұмыртқа батама? (Жоқ)5. 1 жұмыртқа 5 минутта қайнаса 25 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (5 минутта)6. Аттас зарядтар бір бірімен тартылады ма? (Жоқ)7. 1 тонна мақта жеңіл ме, 1 тонна темір жеңіл ме? (тең)8. Заттың ұсақ ең бөлшегі? (атом) 9. 10 тауықта неше аяқ бар? (20)10. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера) 6-сайыскерге1. Қолымызда он саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (100)2. Заттың үш күйін ата? (сұйық, қатты, бу)3. у = kx + b функциясының атауы? (сызықты функция)4. Амперметр қандай құрал? (Ток күшін өлшейтін құрал)5. y = x2 функциясының графигі? (парабола)6. Дененің массасын анықтайтын құрал? (таразы)7. «Эврика» кімнің сөзі? (Архимед) 8. Тригонометриялық функцияларды ата? (синус, косинус, тангенс, котангенс)9. натурал жиыны латынның қандай әріпімен беріледі? (үлкен (эн) N) 10. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал? (психрометр) 7-сайыскерге1. Электр заряды жоқ бөлшек? (Нейтрон)2. төрт қойда неше аяқ? (16) 3. Ток күші қандай шама? (Скалярлық) 4. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Өзінің жартысына)5. Ньютонның екінші заңының формуласы? (F= ma)6. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы) 7. Шаршының ауданы? (S = a2) 8. 1 см -де 10 мм бар, 20 см-де неше мм бар? (200 мм)9. Формулада тығыздықты,массаны, көлемді қандай әріптермен белгілейді? ( p, m, v)10. 60 парақты кітаптың қалыңдығы 1 см,120 бетті кітаптың қалыңдығы неше см болады? (1 см)8-сайыскерге 1. Дененің массасын қандай тәсілмен анықтауға болады? (таразыға тартып) 2. Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3-ке де, 37-ге де бөлінетін санды ата? (111,3*37=111)3. Ток көздерінде неше польюс болады және олар қалай аталады? (екі: оң және теріс)4. Тік бұрышты координаталар жүйесінде х2 +у2 =25 теңдеуімен анықталатын сызық.?(Шеңбер)5. Лақтырылған тас ненің әсерінен жерге түседі? (Ауырлық күшінің)6. у= х функциясының анықталу аймағы? (барлық нақты сандар жиыны)7. Күштің формуласы? (F= mg) 8. 18 саны 15-тің неше проценті ? (120 %) 9. Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс? (қызыл) 10. Аулада 3 тауық пен 1 ит бар. Аулада барлығы неше аяқ бар? (10)Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын анықтаймыз. ІІІ бөлім: «Қозы көш» Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді. Тандалған сан дұрыс жауап берген жағдайда ұпай саны ретінде саналады. Сайыскер сұрақтың жауабын білмеген жағдай да, қарсыластары жауап беріп, ұпай сандарын иемденуге болады. Санды таңдайтын ұпайы аз сайыскер.