ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА А?т?бе облысы, ?йтеке би ауданы, Северный орта мектебіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндеріні? м??алімі


ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Ж. Баласағұни « Құтты білік» дастаны.
Мақсаты : а ) Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, таным көкжиегін
кеңейту.
ә ) Оқушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастырып, жаман әдеттен аулақ болуға, шынайы досты ажыратып, туған тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
б ) Оқушылардың ізденісі арқылы ой-өрісін кеңейтіп, жеке тұлға ретінде өзіндік
көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың техникалық көрнекілігі: слайд
Сабақтың әдісі: Инсерт,түсіндіру, сұрақ -жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.А. Иасауи кім?
2.А. Иасауи нені жырлады, нені насихаттады?
3.Даналық кітаптан өз өмірлеріңе пайдалы нәрсе таптыңдар ма?
4. « Кісі ақысын жей көрме» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымызда Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанына тоқталамыз. Инсерт әдісімен оқимыз.
-Білемін
-\ жаңа мәлімет
-- Білмедім.
?-Көбірек білгім келеді.
Мұғалім: Ж. Баласағұн туралы не білесіңдер?
(Оқушылар ақын туралы не білетіндігін айтады.)
Мұғалім:
Өте дұрыс айттыңдар, балалар, Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, жаңаша жыл санауы бойынша 1070 жылы, 18 айда, 54 жасында жазып бітірген екен.
Шамамен Х ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістан территориясында Қарахан мемлекеті ұлғайып, ХІ ғасырдың екінші жартысында қуатты мемлекетке айналғаны белгілі. Кейіннен Сырдария мен Амудария аралығындағы Мауранахрды жаулап алған соң, бұл ел екі мемлекетке бөлініп кетеді .Жетісу өңірі мен Шығыс Түркістан- шығыс қағанат құрамына еніп, саяси орталығы –Баласағұн маңындағы Қашқар шаһары болды,ал батыс қағанатқа – Мауранахр кіріп, астанасы – Үзкент ( Самарқан) шаһарын иеленді.
Қарахан мемлекеті бір орталыққа бағынбайтын эканомикалық , қоғамдық –саяси және мәдени дамуы жағынан әр түрлі тайпалардан құралған федерация болды.Осы патшалар мен әкімдердің билікке таласуы елдің ыдырауына әкеліп тіреді. Осы кезде Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастанын жазды. Дастанның негізгі тақырыбы – ел басқару. Ел басқарған адам білімді , парасатты болуы керек. Идеясы төрт принципке негізделеді: 1. Мемлекетті дұрыс басқару, әділ заңның болуы. Әділет бейнесінде- Күнтуды патшаны. 2. Бақ-дәулет елге құт қонсын деген тілекпен бақыт бейнесінде патшаның уәзірі Айтолдыны жырға қосады. 3.Ақыл- парасат бейнесінде уәзірдің баласы- Өгдүлміш. 4. Қанағат бейнесінде- уәзірдің бауыры Одғұрмышты жырға қосады.
«Құтты білік» дастанының 3 бөлімін оқыту , өз ойларын айтқызу.
І топ . Әкімдерге қояр талап, адамгершілік туралы.
ІІ топ. Достық мәселесі.
ІІІ топ. Тіл- сөз өнері.
Дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Дастандағы түйінді ой берілген жерлерге тақырып қойып, көркемдегіш сөздерге сызба-кесте арқылы талдау жасату.
1 – бөлім. «Тек бесеуден бойын аулақ ұстасын ,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
2 – бөлім. Сүйсін десең көп достарың өзіңді,
Тұз, нан ұсын жарқын ұста өзіңді.
3 –бөлім. Ақыл- білім тілмашы-тіл, бұл кепіл.
Дастан бөлімі Дәлел Көркемдегіш сөздер Өз пікірің
3 – бөлім. Тіл арыстан есік баққан ашулы. Метафора Басқа пәле тілден ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Орнымен сөйлей білу қажет.
ІҮ. Бекіту:
Көбірек білгім келеді? (Оқушылар нені білгісі келетіндігін айтады)
1.Ж.Баласағұнды зерттеушілер туралы білгім келеді?
2.«Құтты білік» дастанының толық нұсқасын оқығым келеді?
3.Ақыл- білім туралы жазған өсиетін білгім келеді?
-Білмедім «Құтты білік» дастанының ел басқару тақырыбында жазылғанын білмедім.
-«Құтты білік» дастанының жазылу тарихын білмедім т.б.
Ү. Қорытындылау: Дастаннан қандай тағылым алдық?
Қандай тағылым алдық?

ақылұстамдылық
әділетдостық
қанағатшылдық
сабырлық
білімділік
еңбекқорлық
ҮІ. Үйге тапсырма: «Құтты білік» дастанын оқу.Зерттеуші ғалымдар туралы деректер жинау.
Бағалау:
Северный орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастаны.
8-класс
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Ибраева Б.З