Дамы?ан орта ?асырларда?ы с?улет ?нері мен ??рлысты? дамуы та?ырыбында?ы ?аза?стан тарихы п?ні бойынша ашы? саба? жоспары
7 «а» сынып Ашық сабақ
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрлыстың дамуы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттер:
Орта ғасырлық сәулет өнерінің дамуы бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Алынған ақпараттарға саралау жасай отырып, өз бетінше ой қорыту қабілетін дамыту
Отан тарихына деген қызығушылықтарын арттырап отырып, әдемілікке, сұлулыққа баулу.
Ашық сабақтың мақсаты:
Озық тапсырмалардың нәтижесімен таныса отырып, оқушылардың өз ой-пікірлерін жеткізу, қорғау жұмыстарын ұйымадстыру.
Сабақ түрі: білім жинақтау, іздену жұмысы
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Жағдайатты қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі
Мұғалім:
Саламатсыздар ма оқушылар,. Бүгін сіздермен «Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрлыстың дамуы» тақырыбында ашық сабақ өтеміз. Ашық сабақ өткізу мақсатында сіздерге бұл тапсырма, озық тапсырма ретінде арнайы берілді.
Озық тапсырма берудегі мақсатым: ғылыми жобалардың нәтижесімен таныса отырып, өз ой-пікірдлеріңізді нақты тарихи деректермен дәлелдеп, қорыту , білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, дамыған орта ғасырдағы сәулет өнері мен құрлыстың дамуы, мәдени мұраларымыз – Айша бибі, Арыстан баб, Бабаджа қатын кесенелері, шығыс моншаларының тарихымен таныса отырып, мәдениетке деген қызығушылықтарыңызды арттыру.
Бүгін міне керек емес ертегі,
Ертегіні өз басым да шертеді.
Тарих керек іргетассы халықтың,
Ірге тассыз қаланбайды ертеңі,
Деп өлең жолымен ашық сабағымызды «Сәндік қолданбалы өнер » тарихымен Арыстанды тыңдасақ
Арыстан қорғайды.
№1 сұрақ. Сәндік қолданбалы өнер неден көреміз? Сәндік қолданбалы өнер металдан жасалған ыдысты өрнектеу ісінде, ғимараттарды сәндеп жасаудан көреміз.
№2 сұрақ. Сәндік қолданбалы өнер туындылары Қазақстанның қай өңірлерінен табылы? Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қолданбалы өнер туындылары Қызылөзенде – арыстан бейнесі бейнеленген терракоталық тақта, Сығанақтан аң бейнеленген өрнекті құмыра табылған.
1 бөлімді бекіту Рефлекция
Сәндік қолданбалы өнер
Сары топырақты балшық
Теракота
Тераркота кірпіштері қырынан, көлденеңінен, тігінен құрылады
Ыдыстардан, құрылыстан
Эрудициялық сұрақ:
Әр түрлі кірпіштерден және қыш әйнектерден құрастырылған қолданбалы өнерді қалай атаймыз? Мозайка
2 бөлім Мұғалім:
Сонымен сәндік қолданбалы өнер түрімен, құрлыста қалай пайдаланатынымыз жөнінде мәлімет алдық. Сәндік қолданбалы өнер туындылары мен архитектуралық құрылыстардың байланысын тоқталайық
Ақбота қорғайды
№1 сұрақ. Сәулетті ірі құрылыстар қашан пайда болды. 10-12 ғасырларда пайда болды.
№2 сұрақ. Сәулет өнерінің айнасын неден көреміз? Сәулет өнерінің айнасы қаламыздағы ірі, әсем ғимараттар, зәулім үйлерден көреміз.
№3 сұрақ. Сәулетті архитектуралық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі қай елмен ұқсас? Сәулетті архитектуралық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей.
Аман қорғайды
Дамыған 10-11 ғасырларда Қазақстанда ислам дінінің нығая бастауына байланысты елімізде діни кешендер , мешіттер салына бастады. Мешіттер тарихымен Аман таныстырп өтсін.
№1 сұрақ. Араб-парсы жазба деректерінде жазылған алғашқы мешіттер қайда орналасқан? Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағында.
№2 сұрақ. Боран мұнарасы қашан салынды? 10 ғасырдың басында -11 ғасырда Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастағанда салынған.
№3 сұрақ Мұнаралар салуда құрылыста нені пайдаланды? Олардың ішкі жағы қызғылт-күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген.
2 бөлімді бекіту. «Үшінші артық»
Балбал – өйткені бұл тас ислам дініне дейінгі мүрде басына қойылған атс.
Будда – будда діні бұл уақытта болмады
Яссауи – өйткені ол 14-15 ғасырларда салынған кесене.
3 бөлім
Мұғалім:
Бүгінгі тақырыбымыз сәндік қолданбалы өнер және сәулетті ірі құрылыстар болғандықтан, кезекті кесенелер тарихына берейік.
Айша бибі кесенесі – Диана
Арыстан баб кесенесі – Дархан
Бабаджа қатын кесенесі - Алуа
3 бөлімді бекіту «Ойды жалғастыр»
4 бөлім Шығыс моншалары
Моншаның салынуы Жылу ошағы Су құбырлары Су сіңіргіш ор ФЛИПЧАРТ
№1 сұрақ. Моншаның сыртқы құрлысы сақталған ба? Отырар қаласында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде рабад өңірінен 11-12 ғасырларда шығыс моншалары табылды. Моншаның сыртқы қабырғалары сақталғанымен ішкі құрлысы сақталды.
№2 сұрақ. Моншаның жобалауы кімдермен ұқсас болды? Моншаның жобалануы Орта Азияның , кавказдың, Таяу Шығыс және Орта шығыс моншаларына ұқсас.
Тараз моншасы
Моншаның салынуы Жылу ошағы Су құбырлары Су сіңіргіш ор ФЛИПЧАРТ
Отырар моншасы – құдық суын пайдаланған.
Тараз моншасы – таудан келетін су қазандыққа қыш құбырлары арқылы келген.
Сұрақ №1. Тараз моншасы қалай қыздырылды? Монша ыстық өткізетін кешендер арқылы қыздырылды
Сұрақ №2 Тараз моншасына су қайдан келді? Тараз моншасына таудан келетін су құбырлары қазандыққа қыш құбырлары арқылы жеткен.
Жаңа сабақты бекіту Тест (өзара тексеру)
Қорытындылау.
Бағалау
Үй тапсырмасы: Дін және ислам
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Ю.Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназия
2012-2013 оқу жылы
7 «а» сынып
ашық сабақ тақырыбы:
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрлыстың дамуы
Тарих пәні мұғалімі: И.Ә.Налибаева