Презентация по информатике на тему PageMaker (10 класс)
Сабақтың тақырыбы: PageMaker баспа жүйесі. Жариялымды сақтау, ашу және жабу. Оқушы білуі тиіс:Үстелдік баспа жүйесінің не екенін;Баспа жүйесінің мәтіндік редакторлардан айырмашылықтарын;Компьютер кабинетінде өзін- өзі ұстауды. Оқушы үйренуі тиіс:PageMaker программасын іске қосуды;PageMaker программасында жаңа құжат құруды, ашуды, сақтауды.PageMaker программасының терезе элементтерін. Үстелдік баспа жүйесі - әртүрлі топографиялық өнімдерді: кітаптарды, журналдарды, газеттерді, буклеттерді және т.б. дайындауға арналған программа. Оның қазіргі мәтіндік редакторлардан айырмашылығы- олардың типографиялық баспа- таңба жасауға қажет көптеген мүмкіндіктердің болуы:Беттегі объектілерді дәл позициялау;Сөзаралық және әріпаралық интервалдарды қою;Мәтіндердің жеке бөліктерін еркін орналастыру, бұру және кескіндеу;Графикалық объектілерді бұру, кескіндеу, нақты бейнесін түсіру, масштабтау, еңкейту;Графиканы мәтінмен еркін қоршау;Мәтін мен графиканы үйлестіру. Adobe фирмасының PageMaker баспажүйесі- ең кеңінен тараған беттеубағдарламаларының бірі. PageMaker бағдарламасын іске қосу әдістері:жұмыс орнындағы бағдарлама белгісін екі рет шерту;2) Пуск- Программы- Adobe – PageMaker 6.0Adobe PageMaker 6.5 PageMaker программасын іске қосқаннан кейінбірден инструменттер панелі мен басқарушыпалитраларды қолдана алмаймыз, себебі бір дебір ашылған жариялым жоқ. Тек менюкомандаларын ғана пайдалана аламыз. PageMaker программасының терезесі : Жаңа жариялым жасау: Файл- Новый командасы. Құжаттар параметрі терезесі пайда болады: Формат өрісінді – қағаз пішімі таңдалады. Бағдаршасын басқандағы стандартты пішімдердің соңындағы Заказной- стандарттан басқа жағдайда қолданылады.Размер- 1. жариялымның ені, 2-сі биіктігі.Ориентация - қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі (көлденеңінен, тігінен)Варианты – екі бөліктен тұрады: 1) көп бетті жариялым жасалатын болса, парақтың екі жағы да пайдаланнатын болса Двухсторонная пайдаланылады. 2) экранда бір беттің сол және оң жағын көру үшін Разворот өрісіне белгі қою керек.Бірінші беттің нөмірі- беттерді нөмірлеп бастайтын мән беріледі. Үнсіз келісім бойынша -1 ге тең.Беттер саны- жариялым қанша беттен тұратыны белгілі боса көрсетуге болады. Үнсіз келісім бойынша мәні 1-ге тең.Бет өрістері- беттің барлық жағындағы өрістер өлшемдерін 4 параметр береді. Скомпоновать для принтера- жариялымды басып шығаратын принтер түрі. өлшеу сызғыштары Жариялым беті Айналдыру жолағы құрастыру үстелі қызыл және көк сызықтар өздерің орнатқан бет өрістері. Жариялымды сақтау:Файл- Сохранить немесе Файл- Сохранить какФайлдың атын немесе орнын өзгерту үшін: Дискіні ауыстыру үшін ашылатын Сохранить в тізімінде таңдау жасау;каталогты ауыстыру үшін қажет каталогта екі рет шерту;Имя файла өрісінде жариялым атын енгізу. Сохранить батырмасын басу. Файл- Сохранить как – жариялымды жаңа ат пен сақтау кезінде қолданылады. Жариялымды сақтау терезесі: Жариялымды жабу әдістері:Файл- Закрыть (немесе Ctrl+ W);Жариялымның жүйелік меню батырмасын екі рет шету;Жариялымның терезесін жабу батырмасын шерту. Жариялымды ашу: Файл- Открыть немесе Ctrl+OАшу терезесі: PageMaker терезесінен шығу әдістері:1) Файл- Выход немесе Ctrl+Q;2) Бағдарламаның жүйелік меню батырмасын екі рет шерту;3) бағдарламаның терезесін жабу батырмасын шерту. 5. Жаңа білім мен іс- әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.- Баспа жүйесінің мәтіндік процессордан айырмашылығы неде?- Сендер қандай баспа жүйесін білесіңдер?- PageMaker бағдарламасын қалай ашуға және жабуға болады?- PageMaker бағдарламасының терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.- Жариялымды сақтау үшін қандай операцияларды орындау керек? 6. Жаңа білімді және іс- әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі. (Компьютермен жұмыс)1-тапсырма. PageMaker программасын іске қосу және жаңа жариялымда дайындау:1. PageMaker программасын іске қосыңдар2. Жаңа жариялымды ашыңдар, ол үшін Файл- новый командасын орындаңдар3. Ашылған Параметры документа терезесінде келесі белгілерді енгізіңдер: Қағаз пішіні / формат бумаги А4бетпарақтың кітап түрі/ ориентация Книжнаябірбетбелгі/ односторонная;бетпарақ шекарасы/ поля: сол жақтан/ левое-25, оң жақтан/ правое-20, жоғарыдан/ верхнее-2, төменгіден/ нижнее-1.4.Белгілеуді енгізуді аяқтау үшін Да (ОК) батырмасын басыңдар.Файл-Сохранить командасын орындап, файл атауына pub1 деген сөзді енгізіңдер.Жариялымның көшірмесін жаңа файл түрінде сақтау үшін Файл-Сохранить как командасын орындап, pub2 деген жаңа атау беріңдер.PageMaker программасын жабыңдар 2-тапсырма: PageMaker программасында жариялымдарды ашу және онымен жұмыс жасауды аяқтау:PageMaker программасын іске қосыңдар.Жариялымды ашу үшін Файл-Открыть командасын орындаңдар, содан соң pub1 файлын тауып, Открыть батырмасын басыңдарТағы бір жариялымды ашамыз: Ctrl+O командасын орындаңдар pub2 файлын таңдап, Открыть батырмасын басыңдарСонымен ашылған екі жариялымды: pub1 және pub2 файлдарын көрсетіңдер. Белсенді файлдың атауыPageMaker программасының атаулар жазылатын ең жоғарғы жағында көрсетіледі;жариялымдарды таңдау Окно мәзірінің соңғы төменгі жолында жүзеге асырылады. pub2 файлын белсендіріп, оның параметрлерін өзгертіңдер,ол үшін Файл- Параметры документа командасын орындаңдар. Мына параметрлерді өзгертіңдер: формат бумаги- А3, ориентация- Альбомная.pub2 файлын сақтаңдар;PageMaker програмамасын жабыңдар. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі:1. PageMaker бағдарламасын бірнеше тәсілмен іске қосыңдар2. Жаңа жариялымның бетін құрыңдар.3. Құжат параметрі терезесінің элементтерімен танысыңдар.4. PageMaker терезесінің элементтерімен танысыңдар5. Жариялымды әртүрлі әдіспен сақтаңдар.6. Жариялымды ашыңдар.7. PageMaker бағдарламасынан шығыңдар. Үй тапсырмасын беру кезеңі:Оқулықтан 2.1 тақырыпты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.Сабақты қорытындылау кезеңі:Сабаққа қысқаша шолу жасап,оқушылардың білімін бағалау. Кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталу. Тыңдағандарыңызға рахмет!