Аттанды? бала ша?тан болаша??а сынып са?аты
Ключев орта мектебі
Өткізген: Ажкаева А.Б
Тақырыбы « Аттандық бала шақтан болашаққа »
Мақсаты: 1.Білімнің сары жолы мектептен басталатынын, білімнің кең
дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын
арттыру.Оқуға білімді болуға шақыру.
2.Бастуыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен
қоштастыра отырып,,сәт-сапар тілеу.
3.Білім ордасы – мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін
бағалай білу, тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл-
қызы болуға жетелеу.
Көрнекілігі: «Бастауышың – бастамаң,Білім жолын бастаған.Білім шыңы биікте,Беліңді бу жас данам», «Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер,слайд
1-жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!2-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!1-жүргізуші: Иә бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той.2-жүргізуші: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер сырын ұғындырған алғашқы ұстазбен қоштаспақпыз.
1-жүргізуші Би биленіп ән айтылар аспандап,Бірте – бірте көтерілді баспалдақ.Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе,Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.2 - жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.Осы сырды үйреткен төртінші сыныбымТүстей болып міне бүгін артта қалды.(Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз.)
Би: 1-сынып гүлдер биі
1-жүргізуші: Төрт жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. (Экранға назар аударыңыздар)
2-жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне, Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де –деп алғашқы ұстазымыз Айтжанова Бақтыгүл Женісқызына береміз. 1-жүргізуші: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда-дей отырып мектеп директоры Муралин Мұхтар Күнтуарұлына беріледі.
2- жүргізуші: Қоштасу тойын бастайық,Ән мен биге басайықӨнерімізді көрсетіпҚұрметіне бұл тойдыңӘн мен шашу шашайық.
Ән: «Ұстазым менің» хормен
1-оқушы:Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
2-оқушы: Өмірге жол бір өзіңмен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жауырыңнан қаққаның.
3-оқушы: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,Жалындатып жанарымды нұр еткен.Мейіріммен бізге жайған құшағың,Қуат берді, көкке самғап ұшамын.Өнегеңді өмірімде үлгі етіп,Арманымды бір өзіңмен құшамын.
4-оқушы: Ұстазым, алтын ұстазым,Естідім, сізден құс сазын.Көзімен көру бақыт қой,Қыранның түлеп ұшқанын.
орыс тілінде: Дмитрий, Е.Дильназ,, Асқар
ағылшын тілінде: Денис,Гибрат
Би: 1- сынып өзбек биі
Ән: «Мектебім»
5-оқушы:Шуағы мол жаз күніндей қабағың,Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.Жымиып бір маңдайымнан сипасаң,Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.Ұлағатты ұстазымсың, данамсың,Адалдыққа баулыған сен анамсың.Білгеніңді ұрпағыңмен бөліскенТұлғаң биік, дархан жүрек адамсың.Сол үшін де аяулысың адамға,Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға.Еңбегіңді қастерлейді бар адам,Ұстаз атың ардақталып әманда.
6-оқушы: Еңбек жолын бастауыштан бастағанБізге сурет салуды да үйреткенБақтыгүл апай оқу ісін басқарған.Оңай емес бұл шаруаЖауапты да күрделіІсіңіз жүрсін ілгері.
7-оқушы: Бастауышпен қоштасыпТөрт белестен асамызОрта буынға барамызОқимыз, сауық құрамызҚашық емес арамызБастауышқа келіп тұрамыз.
ағылшын тілінде: О.Дильнас, Дәрина
орыс тілінде: Айдана Арслан
1-жүргізуші:Ұқсайтын болашақтың кемесіне
Байқаңдар балардың өнерлерін
Жарасқан әзіл-сықақ әрқашанда
Көрініске кезек бердім көрерменім
Көрініс: :________________________
8-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,Өнердің жарық шырағы.Тұрағы өзің мектебім,Шәкірттің асыл қырағыНәріңді беріп құрғатпай,Сусаған шөлді қандырған.Сәулеңді шашып жүреккеЖанымның отын жандырдың.
9-оқушы:Өнеге ошақ тәрбиеңБір сенен қуат аламын.Жарылқашы тәңір иемТаудай ғой менің талабым.Мектебім - мәңгі бапкерімҚарызбыз саған бәріміз.Өзіңе деген парыздыАқтаймыз әлі талай біз.
10-оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім.
орыс тілінде: Эльмира ,Денис
ағылшын тілінде: Мансур, Айдана, Асқар
1-жүргізуші:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
2-жүргізуші: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Ән: «Алтын ұям - мектебім»
Би: 3- сынып
11-оқушы: Тілді білсең ағылшынМол болады табысың.Компьютер де қолындаНарық деген жолында.Жақындайды алысыңСіздей жақсы жан үшінБеруге лайық қол ұшын,Ағылшынша үйреткенБахтыгүл апайға мың алғыс.
12-оқушы: Гүлзира апай
Сізге көп – көп рахмет
Ұйымдастырған сайыстарыңыз керемет.
Балаларды сергітіп,
Көңілдерін көтеріп.
Мектебімізді көркейтіп,
Бізге бәрін үйретіп
Біз үшін бәрін жасадыңыз,
Осы біздің рахметіміз.
13-оқушы: Білім ап сайраңдап,Өткердік 4 жылдыҚызықтап ән - жырдыҚалайша қиямызҰшырса ұямызБіздерді тосадыҰстаздар құшағы.
14-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнеміАлтын ұя, ақ босаға киелі.Қанат қаққан білім алып өзіңненКүллі шәкірт басын саған иеді.
орыс тілінде.Денис, О.Дильнас, Нұрзат
ағылшын тілінде: Аружан, Эльмира, Танат
Ән: «Ұстазым»
Көрініс:________________________
Ағылшын тілінде
1.Е.Дильназ
2.Арслан
3.Дмитрий
орыс тілінде
4. У нас - выпускной,Бал выпускной, мы уходим из школы начальной…Знать поступили в среднюю мы не случайно,Знаний огромный багаж мы уносим с собой.
5. Весенний праздник, иль осенний,
Иль возле елки хоровод –
Вот так и крепла наша дружба,
Мужал наш творческий народ.
6. Потому что к нам веснойПришел праздник выпускной!
Обещаем, что не будем мы реветь,
Ну, давайте, начинаем песню петь!
Ән: «Достарым»
Көрініс: _______________________
Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»
1жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,Халқынан ата - анадан бата алады.Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,Ортаға шақырайық ата - ананы.Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата – аналарға беріледі
2жүргізуші: Бастауышпен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы біліммен аяқтаған оқушыларыма да осы сапалық құрамын сақтап үнемі жақсы оқуларыңмен болашақ тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер.
1жүргізуші:- Аяқтап кешті, мектептіГүлдерге толсын қолдарың.Қызықтап жазда қайтыңдарСәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!