Презентация Ата-аналар жиналысы Болаша? т?рбиеден басталады Д??гелек ?стел


Болашақ тәрбиеден басталады... Ата-аналар жиналысы Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен «Танысу» деп аталады. Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен жанашыр Жаңылаймын.... Олай болса қайта шеңберге оралайық Тренинг «Барлау» Шарты: Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне доп лақтыру арқылы балалары, олардың бос уақыты, ермегі, қызығушылық істері, достары, жақсы көретін және ұнатпайтын нәрселеріне барлау жасау.Мысалы: Балаңыз өскенде кім болғысы келеді? Кіммен бір партада отырады? Күн тәртібіндеІІ тоқсан қорытындысы Сауалнама2. Бала тәрбиесі туралы сөз етсек... Ой қозғау«Баға – еңбектің жемісі» деген сөзге келісесіз бе? Біз көңіл бөліп жүрміз бе? - Жүргізіп оқуына, түсінігін айтуына, ереже жаттауына (алфавиттен бастау) диктант жазуына, есеп шығаруына Дәптерге тапсырманы дұрыс жаза ала ма?Күнделік толтырып, сабақ кестесі бойынша оқушы сабаққа дайын ба?Сабаққа кешікпеуСебепсіз сабақ қалдыруСенбі күні сабақтан қалу Оқу шапшаңдығының мониторингі Бейне ролик «Бала тәрбиесі» Дөңгелек үстел І Бала тәрбиесі мен біліміне әлеуметтік тұрмыстың әсері «Сананы тұрмыс билейді» деген сөзге көзқарас...ІІ Бала тәрбиесін оның ата-анасын тәрбиелеуден қозғау қажет... Түйінді ой 1) Отбасында әдетте билікке таласу көп орын алады. Әке мен ананың өз орындарын таппаған, ұдайы бір-бірінің сөзіне құлақ аспайтын отбасында баланың ата-ананың сөзіне құлақ аса қоюы екіталай. Ал жасы кішілері үлкендерге бұйрық беруді үйренген, «кішкентай ғой» деген еркелік те тілазарлыққа әкеп соғады. Мұндай балаларда өсе келе өзімшілдік, өз айтқанынан қайтпау, дөрекілік, қаталдық, жалқаулық, жауапсыздық қалыптасады.2) Ең алдымен өздеріңізге сырттай көз салу. Әке мен ананың арасындағы қарым-қатынас, балалар мен басқаларға көзқарастарыңыз түзу ме? Баланың дұрыс дамуына ең қажеттісі –сенім. Баланы теріс әрекеті үшін жазалау да дұрыс. Бала бұйрықты ұнатпайды. Оған қойылатын талап – бұйрықты емес, жылы лебізбен айтылғаны жөн. Бала қашанда ата-анасының алдында өзін әдепті ұстауды үйренуі тиіс. Кішкентай балаға өзіңіздің шашыңызды тартқызып, ойнап болса да ұрғызып үйретудің жөні жоқ. Қажет болса... 1. Қашан да және кез келген жағдайда балаңызбен мәдениетті, жаймен және дауыс көтермей сөйлесуге тырысыңыз.2. Балаңыздың №1 тыңдаушысы болыңыз. Балаға айтқаныңызды тыңдатудан гөрі оны екі есе артық тыңдауыңыз қажет. Әр сағат, әр минут сайын оның айтқандарына құлақ түріңіз.3. Балаңыздың назарын өзіңізге аударғыңыз келсе, яғни, айтқаныңызды орындасын десеңіз, көрші бөлмеде отырып сөйлеудің жөні жоқ. Көзіне тіке қарап сөйлеуді әдетке айналдырыңыз.4. Өзіңіз сөйлеп жатқанда сізге және балаңыздың тыңдауына кедергі келтіретіннің барлығын өшіріп тастаңыз. Балаға жақындаңыз да ҚЫСҚА және АНЫҚ айтыңыз.5. Балаға бірден ойнап жатқан биігінен түсуді талап ету қауіпті. Балаға өз ойын да, бойын да жиып алуға уақыт беріңіз.6. Егер балаңыз мүлде тыңдамаса, аз сөйлеп, көп істеңіз. Қолынан жетелеп, қоқыс шелекті ұстатып немесе еден жуатын шүберекке алып келіңіз.7. Тілазар балаңыз бірден өзгеріп сала береді деп күтпеңіз. Оған да уақыт керек. Баланың оқу үлгерімі жақсы болсын десеңіз... Баласының жақсы оқуы, оқуда озат болуы – барлық ата-ананың тілегі. «Баламның жақсы оқығанын қалаймын. Бірақ сабақ үлгерімін қалайша жоғарылатамын?» Бұл кез келген ата-ананың көкейінде жүретін сауал. Ал бала сабағына неге үлгермейді, неге оның алатын бағасы орташа? Алдымен ғалымдардың зерттеуіне көңіл бөлсек... 1.Жазу үлгісінің қисық болуы...Ол баланың ұсақ моторикасының дамымағандығы деп түсіндіреді. Бұл дегеніміз – баланың мектепке дейін ермексазбен түрлі мүсіндер жасамағандығы, ұсақ суреттерді боямағандығы және қайшымен суреттерді қиып жаттықпағандығы2.Оқығанын ұмытып қала берсе, есте сақтау қабілетін дамытатын жаттығулар қажет.3.Тақтаға шыққанда сабақ айта алмау. Балаңыз расында үйде сізге жатқа айтып берген тапсырмасын тақтаға шыққан соң дұрыс айта алмаса, демек оның өзіне деген сенімсіздігі, өзін төмен бағалауы. Өз іс-әрекетіңізді ойша саралап көріңіз, балаңыз сізден мақтау сөздерді жиі ести ме, әлде керісінше ме?4.Бала сабақта тыныш отырмайды, үй тапсырмасына дұрыс көңіл аудармайды. Бұған да көбіне баланың ата-анасы кінәлі болуы мүмкін. Демек, балада дұрыс күн тәртібінің жоқтығы.5.Қателік. Сабақ үлгерімі бойынша бір қате пікір – өздері жақсы оқыған ата-ананың мектепте үлгерімі орта болған баласының болашақта ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайтынына сенімді. Онысымен қоймай баланың санасына сол көзқарасты сіңдіріп те қояды. «Менің балам нашар оқиды! Масқара, ұят емес пе? Естігендер не дейді?» Бір ата-аналар бар, сабақ үлгерімін балаға қол жұмсау, бұрышқа тұрғызу, жазалау арқылы жоғарылатқысы келеді. Бұл тәсіл де нәтиже бермейді. Керісінше, сабақ оқудан баланы жерітіп алуыңыз мүмкін. Таяқ жеген баланың армандауы мен ой-қиялы төмендейді. Мектептен қандай баға алса да ол – сіздің балаңыз. Оның бағасы төмен болса да, өзі «төмен» емес. Яғни, бағасы нашар болса да ол жақсы. Өйткені, ол сіздің ғана балаңыз, басқа ешкімнің де емес. Міне, бала осыны түсінуі тиіс. Баланың сабағын қадағалау – тек күнделікке қол қойып, ондағы бағаларды ғана қарап шығу емес. Ата-анасы сабағын қандай ыждағаттықпен қадағалайды, бала да солай оқиды сабағын. Өзіңіз қызығушылық танытпасаңыз, баладан да сабаққа деген ынта жоғалады. Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат! Қолда өсір-ұстай көрме алыста жат Мейірімді, таза болса тәрбиесі,Баланың еркін өсер тәртібі-есі Ж.Баласағұни