Т?уелсіздікке 25 жыл бастауыш сыныптар арасында?ы патриотты? ??дер сайысы


Бабалар мұра еткен елдігіне,Тамсандық ағалардың ерлігіне.Қан төгіп, жан қиып жатқан ТәуелсіздікБүгінде 25 жасқа толды міне.Әлемге той деп бүгін жар саламыз,Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,Туелсіздікке біз бүгін ән саламыз.Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен елімді сүйемін!» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
 Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Слайд көрсетіледі:
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
Көк байрағым желбірейді елімде,Қалықтасын қыран құсы көгімде.Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,Әуелесін Қазақстан жерінде
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Ендеше , құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер конкурсына қатысатын 1-4-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық.
10. Байқауды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
Байқауға әннің орындалу шеберлігі,сахнада өзін ұстай білуі ескеріледі және ұпайлары жабық түрде бағаланады.Жоғарғы ұпайы -10Төменгі ұпай – 5І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,Сонымен кешімізді бастайық біз.
Сайысқа қатысушы оқушыларды қошеметтеп қарсы алайық:
1-сынып оқушылары: ____________________________________________________
2-сынып оқушылары: ____________________________________________________
3-сынып оқушысы ______________________________________________________
7-сынып оқушысы-_______________________________________________________
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.______________________________________________________________________________
Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,Қаһарманы заманымның бұл енді.Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
______________________________________________________________________________
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.Кенжебектей баламыз ән шырқаса,Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
______________________________________________________________________________.
Армысың ата-қоныс, атамекен,Киелі қасиетті туған өлкемСаған деген сезімім, сағынышым,Жыр болып төгіледі жүрегімнен._______________________________________________________________________________
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,Күннің көзі көктемдей елжіреді.Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
_______________________________________________________________________________
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман , жасыл жайлау, көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан –елім менің
Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Хор «Атамекен»
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен елімді сүйемін!» патриоттық әндер конкурсы өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
«Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
«Мен елімді сүйемін!» атты
бастауыш сыныптар арасындағы
патриоттық әндер сайысы
Алпысбаев Н.С.
2016-2017 оқу жылы