Бастауыш сыныптар арасында?ы сайыс Алтын к?з (1-4 сыныптар)
Тақырыбы: Алтын күзМақсаты:
1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру2. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Өз өнерін көрсету.
5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
6. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2, 3, 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайықМұнда назар салайықМерекесі халықтыңАлтын күзге арналғанКешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталадыТамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралықҰмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбызЖан сұлуы ментән сұлуын тепе - тең ғыпЕріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
№1. Сембай Аружан№2. Сәндібек Әсел- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.
2 бөліміндеБүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәніменӘр сұлу әсем болар өз сәніменКүз сәні өнерімен ортаға шығыпСән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз3 - бөлімінде « Қас - қағым сәт» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 - бөліміндеӨнер жастан жаныңдарШақырған сайыстарға бірі - бірінӨнерпаздар дарындыларКөрейік, ән би, күйді көрермендерКөрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5-бөлімінде
Молшылық күз - береке күзБереке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 - бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер шығады.
Қорытынды бөлім. М а р а п а т т а у л а р