Т?рбие са?аты та?ырыбы: Батыр Л?ззат желто?санда жан ?иды
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды
Гүлжан: Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, құрбаны Ләззат Асанова 1970 жылы Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық ауылында дүниеге келген.
Көрініс
Екі тергеуші Ләззаттан жауап алып жатыр.
Тергеуші: Жаныңдағы достарыңның косметикасын ұрлағаныңды мойындайсыңба?
Ләззат: Жоқ мен ештеңе де ұрлаған емеспін, бұл жала!
Тергеуші: Сен ұрландың курстастарыңның ақшасын да ұрладың, иә ұрладың сол үшін айыпталасың, жазалаймыз!
Ләззат: Жоқ, мен тек қана тоталитарлық режимге қарсы болдым, ұрлық жасаған жоқпын, мен кінәлә емеспін!
Тергеуші:Айыпталушыны алып кет!
Ләззатты алып кетеді.
2 – ші тергеуші:Ол қыз мойындамаса не істейміз?
Тергеуші: Қылмысты мойындады деп жаз!, жазалаймыз!
2 – ші тергеуші:Қалай?
Тергеуші: Көтеріліске қатысқаны үшін танкмен таптап өлтіріңдер!
Меруерт: Жадыра:
Қаһарман қыз , ғажап қыз-
Ұрандады Ләззат қыз:
«Біз қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!»
Азаптады қарақшылар қанқұйлы,
Қазақ қыздары азап көрді сан қилы
Арпалысып теңдігі үшін халқының,
Батыр Ләззат Желтоқсанда жан қиды
.Мұғалім: Дүрбелеңге толы сол бір ызғарлы күндердің бірінде, 1986 жылы 25 желтоқсанда Ақжазық ауылына суық хабар арқалаған екі телеграмма бірінің соңынан бірі жетті. Біріншісі таңертең 9 сағат 29 минутта анасының қолына тиді.
Анасына пошташы телеграмманы әкеліп береді. Анасы телеграмманы оқиды:
Анасы: «Тезірек шығыңыздар, Қызыңыз Ләззат әл үстінде!?».
Мұғалім: Қыздың анасы жылап еңіреп көлік іздеп жүргенде екінші телеграмма 10 сағат 30 минутта келіп түсті, оны да пошташы ләззаттың анасына әкеліп берді.
Анасы: «Келмей – ақ қойыңыздар. Ләззатты өзіміз жеткіземіз».
Мұғалім: Алматыдағы Чайковский атындағы музикалық училищенің бірінші курсында оқитын он алты жасар қызының қандай кесепатқа ұшырағанын білмей дал болған, көңілі жарымжан ана қала жақтан келетін күре жолға үрейлене, үміттене көз тікті.
Айжан: тотолитарлық режим қаһарман қызды өлтіріп қана қоймай, оған «Жанындағы лардың косметикалық заттарын ұрлады, жолдастарының ақшасын ұрлады, істелген осындай қылмыстары ашылған соң, ол шыдай алмай жатахананың бесінші қабатынан секіріп өлді» деген арнайы ұйымдастырылған жалған айыптар тақты. Кейбір аңғал замандастарымыз бұл жалған айыптарға сеніп те қалған болатын. Әрине жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды демекші Ләззатты Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы деп танып, оның халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандығын дәлелдеп, ақтауға тырысқан азаматтар аз болған жоқ.
Көрініс
Ләззаттың зиратының қасында анасы отырады.
Ләззаттың дауысы:
26 жыл болды мен жатырмын
Ақжазықтың түбінде.
Мені өлтірген танкист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған
Ләззат қызды есіңе ал.
Бұйрық берді саған бастық:
«Ел сенімін ақта деп,
16-ға толған қызды
Танкменен тапта деп».
Саған арың бұйрық берді:
«Туған елді сақта» деп.
Ал сен тұрдың қыздың арын арын
«Танкменен тапта» деп.
Жас өмірді бір шен үшін
Қиып түскен қанішер.
Сақ болмасақ, қазақ қанын
Желтоқсанда тағы ішер.
Анасының жоқтауы:
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Асыл едің, мыс болдың,
Қарағым көрген түс болдың.
Ізің жатыр, өзің жоқ,
Бейнең барда өзің жоқ.
қайдасың қайда қарағым!
Ләззаттың дауысы:
Бұл жерден мәңгілік аттанған
Халқымның есінде сақталған
Бұл жерде Ләззаттың қаны бар.
Туған халқым қазағым,
Сенің үшін жанамын,
Енді қайтіп көрмейін
Желтоқсанның азабын.
Анасының жоқтауы:
Жылап анасы тұрып кетеді.
Толқын: « Ол ұрлық істеді» деген жалған айыпқа байланысты Президенттің «1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған оқиға катысқан , жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» заңына сәйкес келмейді. Бірақ – та Ләззатты Желтоқсан Ұлт- азаттық көтерілісінің негізгі қаһармандарының бірі екендігін дәлелдеп, оның толығынан ақталуына зор еңбек еткен Мұхай Жұмақанов ағамыз болатын.
Тоқтар: 2006 жылы Жұмақанов ағамыз жинаған құжаттың негізінде , ҚР Бас Прокуратурасы істі бұзып, оны қарау туралы шешім қабылдады. Міне модан соң Ләззат Асанованың ісі қайта қаралды. Ұзаққа созылған тексерістердің мәні мыналарды анықтады:1-тексеріс: Ләззаттың Желтоқсан Ұлт- азаттық көтерілісінің неағыз қаһармандарының бірі екендігін дәлелденді.
Қаншайым: 2- тексеріс: Ләззаттың «Долой Колбина!», «Қазақстанға азаттық!» деген ұрандарды алғашқылардың бірі болып алып шыққаны айқындалды.
3тексеріс: Ләззаттың КСРО- дағы тотолитарлық режимінің күйреуі, оның құрамына кіретін елдердің тәуелсіз мемелекет болатынына сенгендігін көрсетті.
Мейрамбек: 4- тексеріс: Ләззаттың Республика алаңына өзінің жастығына қарамастан аса саналы түрде, нағыз күрескер , ел тағдыры үшін жан қиюға дайын болып келгендігін дәлелдеді.
Дамира:5- тексеріс: Ләззаттың ержүрек қыз екендігін, азаттық жолында қанішер танкисттің қолынан қаза тапқандығын көрсетті.
Мұғалім: 17- желтоқсан Республиканың демократиялық жаңару күні деп аталады. Иә, Төрткүл дүниенің дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде Тәуелсіздік таңы атқанына 26 жыл болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сияқты батырлар болмаса , ел азаттығы үшін үлкен ерлік жасамаса еліміз тәуелсіздігін алар ма еді?