Ашы? т?рбие са?аты: Айналайын , ана мереке?ізбен! (1 сынып)
Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!»Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон.1-жүргізуші:Қуанышы баланың-Қуанышы ананың.2-жүргізуші:Қуанышы ананың-Қуанышы баланың.1-жүргізуші:Бізді өсірген анашым,Еңбегің де зор екен.2-жүргізуші:Құтты болсын, анашым,Құтты болсын мерекең!Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,Көктемнің құлпыра бер нәр гүлімен.Өрлесем елің берген бақыт бағың,Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.2.Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянған;Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған;Аялы қолды талпынтқан,Қаймақты сүттей қалқытқан;Суық болса жөргегін,Қорғасындай балқытқан;1Айналасына ас қойып,Изенді көлдей шалқытқан;Қолын қатты тигізбей,Кірлі көйлек кигізбей,Иісін жұпар аңқытқанБұл кім?Бәрі: - Ана3. Сөздерді ең аяулы,Жақсы көріп жаттадым.Енді білдім олардыКімнің ойлап тапқанын.«Ана» деген сөзді де,«Аға» деген сөзді де,«Әке» деген сөзді де,«Тәте» деген сөзді де,«Ата» деген сөзді де,«Апа» деген сөзді де, - Ойлап тапқан балалар!«Жаным, күнім» дегенді,«Құлыншағым» дегенді,«Ботақаным» дегенді,«Қошақаным» дегенді,«Айналайын» дегенді,«Толған айым» дегенді,Ойлап тапқан аналар!4.Анам мені: «Айым» - дейді,Мен мұңайсам, уайым жейді,Анам мені: «Күнім» - дейді,Мен қуансам, күлімдейді.2Ән «Ақ мамам»5. Әлемдегі ақылды адам,Бәрінен сол жақын маған!Ол жанымда жүрсе ,мен де,Батырларша батылданам.6. Мәпелейсің мені, анам,Қолыңдағы құсыңдай.Құлпыра өсіп дем алам,Құшағыңда қажымай.7. «Күнім»,- дейсің мені,Күн мейірі сенде.Күннің ыстық лебі,Құшағыңа тең бе?Айналайын ,ана! (бірге)8. «Жаным»,- дейсің мені,Жаратушым бір сен.Жалғыз өзің тегі,Жанашырым білсең.Айналайын ,ана! (бірге)9. «Құлыным», - деп мені,Құрақ ұштың дәйім.Қамқоршым-ау, сеніҚалай ұмытайын.Айналайын ,ана! (бірге)10. Таусылмайды өлеңі,Күнде айтып береді.Барған сайын бір жаққа 3Кәмпит алып келеді.Әжем мені, өйткені,Өте жақсы көреді.11.Менің әжем,гүл әжем
Алтын әжем,күн әжем
Апам үшін,мен үшін
Нағыз ана тілі-әжемСахналық көрініс «Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.- Жүрегім кім менің?- Мен!- Тірегім кім менің?- Мен!- Сәнім кім менің?- Мен!- Ботақаным, бағлан қозым,Не деген тәтті баласың өзің!Ой, қарғам менің!- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!Жо... жоқ, қарға болмаймын,Керегі жоқ ондайдың.Қарға «қарқ-қарқ» етеді,Алысқа ұшып кетеді.Қасыңда боп әрдайым,Мен ешқайда бармаймын.1-жүргізуші:Болар күнде алаң,Жанашыр кім саған?Бәрі:Анам42-жүргізуші:Болсаң егер жаман,Кейитін кім саған?Бәрі:Анам1-жүргізуші:Таң қалғандай ғалам,Кім ең сұлу адам?Бәрі:Анам2-жүргізуші:«Боташым» дер саған,Кім сүйікті адам?Бәрі:Анам12. Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылып.Мәпелелеген ақ мамамды,Жүрсем деймін шаттандырып.13.Еркелесем, күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп менің,«Құлыншағым, күнім», - дейтін.14. Айналайын, анашым,Көкте нұр боп жанасың.Ет жүрегің елжіреп,Құшағыңа аласың.5
15. Айналайын, анашым,Аялайсың, бағасың.Менің үшін не керек –Бәрін іздеп табасың.16. Көктемде көңілді,Құстар кеп жатқанда.Құлпыртып өңірді,Гүл ектік бақтарға.17. Гүл ектік аулаға,Көктемде көңілді.Бақта да, бауда да,Ақ гүлдер өрілді.Ән «Анашым»Мұғалім: «Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады,олар барлық шаруаны бітіреді,
Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.Олай болса,аяулы аналарымызды бірсынап көрейік. Ойын: «Аялы алақан»
/аналардың көзінбайлап,оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу/
1-жүргізуші:Сен жалықпай жетектеп,Мен жаттыға жетермін.Айтқаныңды екі етпейАқ сүтіңді ақтармын.2-жүргізуші:Көрсетемін күллі елді,Жарық етем түндерді.Өсіріп мен сыйлаймынЖұрт көрмеген гүлдердіМұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт, 6
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім-дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер./ ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді/
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар,әжеміз әпкемізбар,қарындастарымыз бар.Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға сыйлық жасасақта жарасымды.Өйткені,бізді өмірге алып келген ,әлемнің жарығын сыйлаған анамыз емес пе?Олай болса,әр оқушы ының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен.Соны табыс етсін,
Бәрі:Бәрі жақсы ананың,Бәрі де оның керек-ау...Бірақ әрбір баланың Өз анасы бөлек-ау!
Аналар ,қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «Ана-аса құрмет жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Сау саламатта болыңыздар!
7